АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ САЙЫСТАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

25 — қазан Республика күні қарсаңында қаламыздағы ардагерлер арасында салауатты өмір салтын ұстану мақсатында Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен үстел тенисі, дойбы, шахмат, бильярдтан спорттық жарыс ұйымдастырылды.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауындағы денсаулық сақтауды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы: салауатты өмір салты мен адам капиталын дамытуға басымдық берілмек.
Жарысқа 50-ден астам ардагерлер қатысып, жарыстың қорытындысы бойынша барлық қатысушылар мен жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Айта өтейік, Шымкент қаласында қазір 85 мыңнан астам зейнеткер бар. Оның 4-і ҰОС ардагері, тыл еңбеккері – 2 364, көпбалалы ана – 54 569. Оның үшінде «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алғандар — 11 389. Қала мәслихатының шешіміне сәйкес, шипажайларға ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» алған 874 ардагерге 12 күн, зейнет жасындағы 4 445 зейнеткерге 6 күндік жолдама берілген. Қыркүйек айының өзінде 2 700 зейнеткер сауықтыру шипажайына жолданды. Одан бөлек, қаламызда 3 «Белсенді өмір сүру» орталығында 715 ардагер жартылай стационарда әлеуметтік-медициналық қызметтерді алуда.
Орталықта 2019 жылы 15 түрлі қызмет көрсетілсе, 2021 жылдан бастап қызмет түрі 27-ге көбейді. Биылдың өзінде арнаулы орталық 14 мыңға жуық ардагерге емдік-сауықтыру қызметін ұсынған. Тағы 221 зейнеткер өз кезегін күтуде.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика