“Құштарлықпен әрбір көңіл нұрлансын” атты концерті өтті

“TEN QOGAM” әлеуметтік қолдау орталығы “Мүгедектігі бар азаматтар” күніне орай “Құштарлықпен әрбір көңіл нұрлансын” атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Мүгедектігі бар жандарға жанашырлық танытып, аялы алақан мен жүрек жылуын ұсыну – қоғамдағы әр бір жанның азаматтық парызы. Мерекелік шарада қаламыздың өнерпаздары мен мүгедектігі бар азаматтар өз өнерлерін ортаға салып, концеттік бағдарлама қонақтарына жоғары көңіл-күй сыйлады.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Шымкент қаласында 38 775 мүгедектігі бар адам тіркелген. Оларға қолайлы жағдай жасау, жайлы орта құру, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету үшін мемлекет тарапынан түрлі шаралар қолға алынып келеді. Мәселен, жыл басынан «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығы 7805 мүгедектігі бар азаматтарға ақпараттық–консультациялық, әлеуметтік, құқықтық, психологиялық көмек көрсеткен.
“TEN QOGAM” орталығында заңгер, психолог тағы да басқа сала мамандары жұмыс істейді. Олар мүгедек жандардың қалыпты өмірге бейімделуіне, белгілі бір салаға қатысты сұрақтарына жауап алуына көмектеседі. Мысалы жұмысқа орналасу, тұрғын үй кезегіне тұру сынды мәселелерде кеңестер беріп, арнайы тренингтер мен шеберлік сағаттарын өткізіп отырады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика