ШЫМКЕНТ: СЕНАТОРЛАР МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары Шымкент қаласы мәслихатының депутаттарымен кездесті. Кездесу барысында қылмыстық іс жүргізу заңнамасын одан әрі жетілдіру мәселелері зерделенді.
 Комитет төрағасы Владимир Волков заңнаманы жақсарту мәселелері ел азаматтарының конституциялық құқықтарына тікелей қатысты екендігін айтты. Сондай-ақ, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру аясында жеке адамның құқықтарын қорғауды күшейту туралы, есірткіге байланысты, жеке адам мен меншікке қарсы қылмыстар және басқа да ауыр қылмыстар үшін жауапкершілікті қатаңдатуға бағытталған заңдар қабылданғанын жеткізді.
Айта өтейік, қылмыстық процестегі үш буынды үлгінің тартымды тұстары бар. Ол сот жүйесін жетілдіру масатында жүргізіліп жатқан жұмыстардың қорытындысы бойынша тиісті заң жобалары әзірленбек.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика