ҮШІНШІ МЕГАПОЛИС БАСШЫСЫ ДІНИ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

 Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов діни бірлестік өкілдерімен кездесіп, Рухани келісім күнімен құттықтады. Қазақстан — зайырлы мемлекет, сол себепті дәстүрлі діни конфессиялардың жұмыс істеуіне ешқандай шектеу жоқтығын тілге тиек еткен шаһар басшысы мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаты — бейбітшілік пен келісімді нығайту екенін атап өтті.
Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: “Конституция барлық азаматтарға, оларды наным сенімдері бойынша тең құқық берді. Биыл қыркүйек айында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың басшылығымен «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі» өтті. Сонымен қатар, Рим Папасы Францисктің елімізге жасаған тарихи сапарын атап өткен жөн. Мемлекеттік саясат біздің діни бірлестіктеріміздің бейбітшілігі мен рухани келісімі негізінде дами түседі”.
Айта өтейік, қала аумағында 12 конфессияны білдіретін 121 діни бірлестік тіркелген, 9 миссионер бар.  Кездесуге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкіл имамының бірінші орынбасары Ақтамберді Мұсабек, «Свято-Никольский кафедральный собор приходы» жергілікті діни бірлестігінің протоиерейі Могилевский Александр Валерьевич, «Шымкент Евангелдік христиандық «Сун Бок Ым» шіркеуі» жергілікті діни бірлестігінің пасторы Тен Михаил Валерьевич, «Сәби Исаның — Әулие Терезасы атындағы Рим-католик приходы» діни бірлестігі жетекшісінің орынбасары Риварола Хернан Рикардо және т.б. дін өкілдері қатысып, діндегі ахуал, тұрақтылық туралы сөз етті.
Жиын соңында шаһар басшысы Мұрат Әйтенов мерекеге орай, конфессия басшыларына алғыс хаттар табыстады.

2022 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша қала аумағында 12 конфессияны білдіретін 121 діни бірлестік тіркелген (анықтама: 89 – исламдық (жаңадан ашылған «Файзулла-ата» мешіті), 6 — православие, 1 — католик,   7 — елуіншілер, 5 – пресвитериандық, 5 – христиан баптистер, 3 — Ехоба куәгерлері, 1 — Жаңа апостолдық шіркеу, 1 – еврей, 1 – бахаи, 1 – адвентистер, 1 — кришна).

Миссионерлер туралы

Шымкент қаласының аумағында 9 миссионер бар. Олардың ішінде: 2 – Корея Республикасы, 1 – Өзбекстан, 2 — Украина, 1 – Италия, 1 – Аргентина, 1 – Германия, 1 — Тәжікстан.

Сенімдер контексінде: 1 — пресвитериандықты, 5 миссионер католицизмдi, 1 – елуінші, 1 – жаңаопостолдық, 1 — баптистік бағытты ұстанады.

2022 жылғы 13-15 қыркүйек айының аралығында «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VІІ съезіне» жергілікті католиктердің приходының 28 қажылар қатысу қамтамасыз етілді. Сонымен бірге, басқарма басшысы мен «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика