tories/01/66483a6e8846514d5b886bccbbc41a08.jpg» width=»249″ height=»174″ />Қазақстандағы саяхатшылар әсіресе, шетелдік туристердің таңдауы көп түсетін туристік басым бағыттардың бірі осы Байқоңыр қаласы. Байқоңыр қаласының іргесі 1955 жылы қалана бастады. Сондықтан да қала сол жылдардағы басқа да әскери қалашықтарға өте ұқсас.
Ел арасында «Заря» ресми «№10 Алаң» аталатын елдімекен Сырдария өзенінің бойында орналасқан. Қазір бұл жерді «Ағаш қалашық» деп атап жүр. 1955 жылдың майында қазіргі қалалық Мәдениет сарайы маңында әскери құрылысшылар мен полигон штабы орналасқан алғашқы барак типтес ағаш үйлер салына бастады. Бүгінде бұл орында « «Здесь 5 мая 1955 года военными строителями войсковой части 12253 было заложено первое здание города Ленинска» деген тастан қашалған белгі тұр.
Елдімекеннің алғашқы көшелері Набережная, Песчаная, Школьная, Пионерская деп аталған. 1966 жылы полигонға Франция президенті Шарл де Голл келген сапарда Ленинский поселкесіне қала дәрежесін беру туралы мәселе қозғалып, қала «Жұлдызды қала» деп аталсын деген ұсыныстар болды.
Кеңес одағының ыдырауы қала өміріне үлкен өзгерістер енгізді. Қазақстанның президенті Н.Назарбаев Байқоңыр космодромын Қазақстанның меншігі деп жариялады. 1994 жылы қаланың тұрғындары 90 мыңнан 55 мыңға азайды.
Осы жылы Қазақстан мен Ресей арасында 20 жылға арналған космодромды жалға беру туралы келісімге қол қойылды.
Халықаралық ғарыштық мектеп
Бұл мектеп үш бағыт бойынша дәріс береді: физика-математикалық, химия биология және аэроғарыштық. 5-ші және 11-ші сынып аралығында 750 бала оқиды. Бұл мектеп Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік техникалық университетінің салалық мектебі болып табылады. Халықаралық Астронавтика Қауымдастығының мүшесі, 1993 жылы ҚР ұлттық ғылым академиясы кіші академиясы мектепте «Косманавтика» ғылыми бөлімін ашты. Бұл мектепте сондай-ақ косманивтиканың бірегей мұражайы жұмыс істейді. Онда аталған саланың техникаларынан жасақталған экспонаттар келген адамға таңдай қаққызады. Бізбен бірге жұлдыздар жақындай түседі,-дейді мектеп ұжымы.
Жібек жолы арқылы Байқоңырға жеткізетін БАҒЫТ
Бағыттың бағдарламасы
Бірінші күн.
Алматы. Сіз келісім-шарт жасасқан туристік фирма өкілдері Сіздерді Алматы аэропортынан қарсы алып, қонақүйге орналастырады. Демалыс.Таңертеңгілік ас. Қаланың көрнекі жерлерімен танысу. 28 панфиловшылар саябағы, кафедралды шіркеу, музыкалық аспаптар музейі, Қазақстанның ұлттық мұражайы, «Медеу» мұз айдыны, мейрамханада түскі ас. 2-ші Алматы вокзалынан Шымкентке бағыт алу.
Екінші күн. Шымкент- Отырар қалашығы-Арыстанбап кесенесі-Түркістан қаласы. Шәуілдірге бара жолда «Отырар» мұражайына жол түседі. Отырар қалашығы-Арыстанбапты аралаған соң Түркістанға бет алады.
Үшінші күн. Қожа Ахмет Яссауи кесенесін аралап, бағыт Қызылордаға қарай өзгереді. Түркістаннан шыққан соң 40 шақырым жүргенде сол қапталдан ескі Сауран қамалының қаңқасы көзге шалынады. (Х II — XVI ғ.ғ.) Сауран сырдария өзені бойындағы ең танымал, стратегиялық маңызы бар, сауда нүктесі болған. XII ғасырда Сауран Ақ Орданың астанасы болды. XIV ғасырда Тимур қаланы әскери қамалға айналдырды және оның Ұлы Жібек жолының бойында жатуы қаланың
гүлдене түсуіне оң ықпал етті. Таңқалдырарлық бір дерек- бұл қала қолдан
қазылған жерасты кәріздері арқылы сумен қамтамасыз етілген. XVII ғасырда
қаланың қаңқасы ғана қалды.
Төртінші күн. Бір кездері ел астанасы болған Қызылордада бір түнеп, осы ғасырдың басында соғылған темір жол вокзалы, облыстық өлкелік мұражай, Коркыт-Ата мемиоралын тамашалай келе-Байқоңыр қаласына табан тірейміз. Қызлорда мен Байқоңырдың арасы 77 шақырым.
Бесінші күн.
Байқоңыр ғарыш айлағы. Бұл қала ғажайыптар қаласы. Бұл жерде дүние жүзін шыр айналсанда таба алмайтын жабдықтарды көресің. Олар біреу ғана және тек Байқоңырда бар. Саяхат «Протон» кешенінен басталады. Бұл жерден 100-ден сас түрлі зымырандар ғарышқа бет алған. Атақты «Союз» құрастыру-сынақ кешені орналасқан №254-ші алаң. Гагарин старты №1-ші алаң. Жерден алғаш рет ғарышқа көтерілген ұшқышқа орнатылған ескерткіш. Ғарыш айлағының мұражайын аралау, аңызға айналған «Боран» кораблін тамашалау. Юрии Гагарин мен Герман Титовтың мемиоральды үйлерін аралап көру.
Алтыншы.
күн. Байқоңыр қаласы. Қаланың көрнекті жерлерімен танысу. «Союз» зымыраны,
Янгель,Шубников, Неделин ескеркіштері, қаза болған қаза болған сынақшыларға
арналған мемиоралды тамашалау.Мұнан кейін Түркістан-Шымкент арқылы Алматыға келесіз.
Бұл лицензиясы бар туристік фирмалар ұсынатын қызметтің негізгісі. Ал, егер сіз Байқоңырға өзіңіз баруды жоспарласаңыз, төмендегі ақпаратты міндетті түрде оқыңыз:
Байқоңырға қалай жетуге болады
Байқоңыр – экскурсиялар мен танымдық туризм орталығы, бұл жерде адамзаттың
ғарыш кеңістігін зерттеуі туралы мол мағлұмат алуға болады. Байқоңырға баратын болсаңыз, келесі ақпарат өте маңызды.
Астанадан
Астана қаласынан Байқонырға Қызылорда қаласы арқылы пойызбен немесе ұшақпен бара аласыз. Астана қаласынан Байқоңырға (Төретам станциясы) тікелей пойыз жоқ, Қызылорда қаласында пойыз ауыстыруға тура келеді.
Алматыдан
Алматыдан Байқоңырға Төретам станциясына дейін тікелей жүретін күнделікті пойыздар бар, сонымен қатар Қызылорда қаласына дейін авиабилеттер сатып алып, әрі қарай пойызбен немесе автобуспен баруға болады.
Әуе көлігі
Байқоңыр қаласына Мәскеуден тікелей әуе көлігі аптасына үш рет ұшып тұрады (Домодедово әуежайынан Крайний әуежайына дейін). Немесе билеттерді Қызылорда қаласына дейін алып, әрі қарай пойызбен (үш-төрт сағат) не автобуспен баруға болады.
Пойызбен
Пойызбен саяхатқа шығатын болсаңыз Байқоңырға (Төретам станциясына дейін) тікелей немесе пойыз ауыстырып жете аласыз. Билеттер мен пойыздыар кестесі pcentre.kz сайтында.
«Қызмет» ақпарат.
Бетті дайындаған: Н.ӘЛІМБАЕВ
{jcomments on}
Leave a Reply