Серік Ахметов Денсаулық сақтау министрлігін сынға алды

tories/37WThJbc.jpg» width=»130″ height=»195″ alt=»37WThJbc» style=»float: right;» />

        Халық медицина қызметкерлері тарапынан болатын дөрекілікке жиі шағымданады. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.
        «Медицина қызметкерлерінің кәсібилігі тұрғысында кемшіліктер бар. Блогтар мен келіп түсетін хаттарда бұл мәселе көтеріліп жатады. Өкінішке қарай, кейбір облыстық, қалалық ауруханаларда барлығы жақсы емес. Ем-дом жасаудың төмен сапасына, ауруханаларда қажетті дәрі-дәрмектің болмауына, медицина қызметкерлері тарапынан болатын дөрекілікке жиі шағымданады»,-деді С. Ахметов.
       Сонымен қатар Үкімет басшысы тегін ұсынылатын медициналық қызметтерге ақы алу фактілері бар екенін атап өтті. Бұның барлығы министрлікке қарасты қадағалау бойынша комитет жұмысының тиянақсыз бақылауын байқататынын қадап айтты.
       «Егер қатаң әрі нақты қадағалау болмаса, біз бұл мәселені тыңғылықты қарастырамыз. Денсаулық сақтау министрлігі мен жергілікті атқару органдарына сапалы медициналық қызмет пен қадағалауды және мониторингті қамтамасыз ету бойынша тиісті шараларды қабылдауды тапсырамын», — деп түйді Премьер-Министр. 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика