tories/516169c1a6.jpg» width=»300″ height=»200″ alt=»516169c1a6″ style=»float: right;» />
tom: 13.85pt; line-height: 13.85pt; text-align: left;»> Қазақтың мемлекеті жалғыз. Ол – Қазақ елі. Жалғыз дейтін де себебі бар. Өйкені қазақ халқы біреумен одақ құрып, ешқашан опа тапқан емес. Сондықтан Қазақия мүддесін қазақтан өзге біреу ойлайды деп айту қиын. Жаны ашитын біреу болса, ол осы жазбаларды ұғынып отырған сіз бен біз. Отанға жанашырлық қай кезде тоқтайды десеңіз, өз ана тілінде ойлаудан айрылған кезде. Тілді жою әліппені өзгертуден басталғаны сияқты, ұлтты жою сол тілдің газет-журналының қарасын құртудан басталады. Өйткені баспасөз-мемлекет пен бұқара халықты байланыстырушы көпір. Осы байланыс көпірі қирағанда, билік өз бағытын, ал халық өз бағытын алып кете бармақ. Ал жолдың екі айырығына түскен жолаушылар қайта қиылыспайды. Керісінше уақыт өткен сайын бір-бірінен ұзай түседі. Әр ұзаған сайын бір-бірінің дауысын естуден, түсінісуден, ақылдасудан қалады. Осылайша жырақта қалған екеу өз ойларынша әрекетке көше бастайды. Міне осы кезде ынтымақ құрыды дей беріңіз.
tom: 13.85pt; text-align: center; line-height: 13.85pt;»>Қазақта журнал бар ма?
tom: 13.85pt; line-height: 13.85pt; text-align: left;»> Бар екен. Тірі екен. Тірі болса қайда? Мәселенің төркіні осы «қайда?» сұрағының төңірегін айналшықтап жүр. Ендеше баяндауды бастайық. Бастауын «Айқап» журналынан алған қазақ тілді журналдар саны көбеймесе, әзірге азайған жоқ. Ұзын саны 400-ге жуықтады. (Әрине, орыс баспасының санымен (5800) салыстыруға келмес). Балаларға, отбасына, әйелдерге, ұстаздарға, ұлттық тағамдарға, спортқа, денсаулыққа, салт-дәстүрге, тіпті сән-әлеміне арналған қазақ тілді журналдар бар. Ендеше…
tom: 13.85pt; text-align: center; line-height: 13.85pt;»>Неліктен біз мұндай журналдарды білмейміз?
tom: 13.85pt; line-height: 13.85pt;»> Білу үшін есту керек, есту үшін көру керек. Кісі киім таңдауға базарға шыққанда үйінен сатып алатын киімінің дизайнын алдын-ала сызбайды. Бутик аралайды, киіп көреді, ұнаса алады. Ал сатушы өз тарапынан тауарларының әдемі көрінуі үшін бар өнерін салып, бутафорияға киіндіреді. Не болмаса ілгішке іліп көзге тартымды жерге қояды. Қай саудагер болмасын тауарларын сақтау камерасына (камера хронения) қойып, өзі бутикте астына орындық қойып, «менен кім келіп киім түрлерін сұрар екен?»,- деп отырмайды. Міне, журнал да сол тәрізді. Оқырман киоскадан өз көзімен көріп, қолымен парақтап, көз жүгіртпейінше оған баға бермейді. Баға бермесе, сатып алмайды. Бірақ, өкінішке орай өз ана тіліміздегі газеттерге орын табылмаған біздің дүкендеріміздің сөрелерінен ойын карталары мен шылымдардың түр-түрлері мен насыбай, сабынсу, сағыз тағысын тағы заттарды көргенде ішің ашиды. Ал…
tom: 13.85pt; text-align: center; line-height: 13.85pt;»>Сатуға не кедергі?
tom: 13.85pt; line-height: 13.85pt;»> Газет-журналдар сататын компаниялар немесе жеке саудагерлер өз тауарларының тез арада өтіп кетуін қалайды. Сондықтан бұрыннан халық танитын баспасөздермен айналысуды жөн көреді. «Бұрыннан таныс газет-журналдар»,- деп нені меңзеп отыр деген заңды сұрақ туады. Олар мазмұны керемет болмаса да, жалаңаш әйелдердің суреті бейнеленген немесе астрономиялық бағыттағы орыс басылымдары. Қазақ баспалары мүлдем жоқ деп те айта алмаймыз. Көңілдеріңізге жұбаныш ретінде айтатын болсақ, әншілер мен бишілердің өмірбаянынан әңгіме шертетін, одан қалды халықты билікке қарсы қойып жігерін жаншып, болашаққа үмітпен емес, күдікпен қарататын басылымдар. Жоғарыда біз айтқан 400-ге жуық журнал түрлерін сатуға ҚазПресс те ҚазПошта да ынталы емес. Нарықтық заман болғасын, сұраныспен жұмыс істеп отырған бұл компанияларға кінә тағуға да болмайды. Кінәлі мемлекет те емес, сіз де емессіз! Сонымен…
tom: 13.85pt; text-align: center; line-height: 13.85pt;»>Не етпек керек?
tom: 13.85pt; line-height: 13.85pt;»> Кеңес Үкіметі тұсында барлық баспасөз бір мемлекеттік орталықтан басқарылатын «СоюзПечать» желісі арқылы жұмыс атқарды. 1975 жылдың 1-ші қаңтарының мәліметі бойынша бұл желіге 500 дүкен, 30 500 киоск еніпті. Дәл қазір бізге де осындай мемлекеттің тікелей қолдауымен қаржыландырылатын тек қана қазақ басылымдары сатылатын киоскалар керек. Бір киосканың бағасы орташа есеппен 375 мың теңге. Егер әр қалаға ең болмағанда 5 киоскадан орнатылса, 16 қалаға барлығы 80 киоска керек болады екен. Жалпы шығын 30 млн. теңгені құрайды. Бұл жұмсалған қаржы тек қазақ басылымдарының ғана емес, ана тіліміздің де мәртебесін өсірер еді.
tom: 13.85pt; line-height: 13.85pt;»> Еркебұлан ЕРЛЕН
tom: 13.85pt; line-height: 13.85pt;»>
Leave a Reply