Сағыныш
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>tories/DSC_0581.jpg» width=»250″ height=»166″ alt=»DSC_0581″ style=»float: right;» />Қарап отырсам мен Оңласын ағаймен бала кезімде танысыппын. Әлде сегіз, әлде тоғыз жасымда. Бізді таныстырған бүгінге дейін әкемнің сурет альбомында тұрған бір жапырақ газет қиындысы. «Өскен өңір». Ол қиындының біздің үйге келген күні де әлі күнге көз алдымда.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>Ол кезде Қазақстан – біз үшін арманымыздағы алыс мекен, қиялымыздағы қиыр мекен еді. Әкем Шардарада тұратын ағайынының үйіне қыдырып барып, әлгі туысқан бауырының сол ауданның газетіне шыққан суреті бар алақандай қиындыны алып келген. Бұл 1989 жылдың күзі болса керек. Егін даласында комбайынның алдында тізіліп тұрған төрт комбайыншының суреті басылған сол бір жапырақ қағаз бізге туған жердің бір пұшпағындай ыстық көрінген сонда.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>Әкем оны сурет альбомына жапсырып қойды. Ал, мен сол суретке жиі қарайтынмын. Менің ұғымымда атамекен деген сол сурет еді. Қазақстан деген сол сурет еді. Ондағы жайқалып тұрған егінді кішкентай саусақтарыммен жиі аялайтынмын.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>Әкем мен анам жұмысқа кеткен кезінде көрші үйдің балаларын жинап келемін.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>– Қазақстанды көресіңдер ме? – деймін оларға.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>– Иә, иә, — дейді олар да атамекен деп соққан кішкентай жүректері лүп-лүп етіп.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>Үлкен альбомды ортамызға алып бір жапырақ қиындыны ұзақ тамашалайтынбыз. Құйттай, қап-қара алақандарымен суретті олар да сипалап қояды.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>– Ұстамаңдар, кір болып қалады, — деймін оларға.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>Ертеңіне тағы осы.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>– Қазақстанды көрсетші, — дейді олар. Ондайда мен де есемді жіберіп қоймаймын. Ақысына көзім қызыққан нәрсеге қол жеткіземін.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>Міне, осылайша тағдыр толқынымен атамекенінен алыстап, өзге елде ғұмыр кешіп жатқан аз ғана қазақты туған жермен табыстырған сол сурет еді. Кіп-кішкентай қазақ ауылының кішкентай тұрғындары – біздерді туған жермен таныстырған да сол сурет еді. Біздің кішкентай жүрегіміздегі атамекенге деген махаббатты оятып, ынтықтырған да сол сурет еді.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>Одан кейін де Шардараның таңғажайып суреттерін талай газет беттерінен көрдік.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>– Ой-хой! Шардара деген керемет жер. Бір жағы толқыған теңіз, бір жағы жайқалған дала, — дейтін жолжүргіш ағам. Ол кезде мен он үш, он төрттегі баламын.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>– Шардараны бір көруді маңдайыма жазып па екен? – дейтінмін сонда.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>Жазыпты. Тура сол бала кезімде арманыма айналған «Өскен өңірге» тілші болып келдім.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>– И-и-и… Тоқта! Кәне, кәне… Чық – чы – чырқ!
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>Сол алақанын жоғары көтеріп, бізді тоқтатып қойып үш-төрт қадам арыда фотоаппаратын көзіне тосып тұрған кісіні онша жақтырмай қалғаным да рас. Себебі, суретке түсуге онша құмар емеспін.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>– И-и, болды. Күшті болды, күшті түсті, мынадай… – Бас бармағын шошайта мәз болып келіп арқамыздан қақты. Көрмей-білмей жатып пленкадағы суреттің күшті екенін қайдан білді деймін іштей.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>Бұл редакцияның фототілшісі Оңласын Төлегенов екен. Таныстық. Тура сол баяғы бала кезімде атамекеніме ынтыққан жүрегімізге туған жерге деген махаббаттың дәнін сепкен суреттің авторы екенін мен бүгін ғана аңғарып отырмын.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>Қай жерде болмасын, ойда да, тойда да қолынан фотоаппараты түспейтін, «Шардараның тарихын таспалаған» жан, біздің де жалындаған шағымыздың талай сәтін естелікке сыйлапты. Суретке түсіру де өнер десек, сол өнерге барынша берілген Оңласын аға Төлегенов болатын. Біздің үйлену тойымыздың қадірлі қонағы болып әріптестермен бірге ол кісі де келді. Төрдегі орнында тыным тауып отырмай тойдың басынан аяғына дейін суретке түсірумен болды. Әр түсірген кадрлары үшін балаша шаттанатын.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>– И-и-и, чық! – Сол қолын жоғары көтеріп, оң қолының сұқ саусағын баса қояды.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>– Күшті түсті, күшті, — дейді сосын аппаратының экранына үңіліп.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>– Қарашы, қандай момент!? – дейді сосын балаша мәз болып. Онымен бірге сен де мәз боласың. Көңілің көтеріледі. Шардараның толқынындай гу-у етіп келеді, Қызыл құмның қызыл күніндей бойыңа жылылық дарытады, еспе құмның сусылындай талай-талай әңгімелердің тізгінін ағытады. Кейін:
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>– И- и, кеттім мен, пәлен жерге баруым керек еді, — деп қоштаса бастайды.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>Кекілін жел көтеріп, мойнына фотоаппаратын асынып кетіп барады.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>Ол кеше еді…
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>Ал, бүгін оның бәрі естелік. Оңласын ағайды танитындардың бәрінің көз алдында қалған естелік. Жүрегінде таспаланған таспа.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>Ол кісі өмірден өткелі де жыл жүзін жасырыпты.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>Есіме қайта бала кезім түседі. Әжемнің құшағында ашық аспанға қарап жатып:
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>– Әже, Қазақстанның аспанында да қазір осы жұлдыздар көрініп тұр ма? – деп сұрайтын менің бала жүрегімдегі туған жерге деген сағынышымды басқан жанның өзі де бүгінде сағынышқа айналды.
tom: 0.0001pt; text-align: right; text-indent: 22.7pt;»>Бақтыгүл АУДАНОВА
Leave a Reply