ӘКІМДІКТІҢ БІР КҮНІ НЕМЕСЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ СҮЙЕНІШІНЕ АЙНАЛСАҚ ЖАРАСАДЫ

Әкімдіктің бір күні

немесе

мемлекеттік қызметшінің Сүйенішіне айналсақ жарасады

Мемлекеттік қызмет дегенде талайымыздың ойымызға бөлмеде отырып алып, күн көзінеtories/reklama/2Y7ApGZUnjA.jpg» width=»448″ height=»334″ alt=»2Y7ApGZUnjA» style=»float: right;» /> шықпайтын ақ жейделі қызметкерлер оралады. Кейбіріміз «олар билік үшін қызмет жасамайды, өзінің мүддесі жоғары тұрады» дегенді «бүгіп те» айтып жататынымыз бар. Шын мәнінде солай ма?! Әрине, әр ортада әрқилы қызметкерлерді көзіміз шалады. Қоғамда желдей өршитін әр түрлі пікірлердің тууына да сондай жағдайлар әсер етеді. Кей кездері мәселемен келген елдің мемлекеттік қызметшінің алдына кіре алмай кететін кездері бар. Ондайда қарапайым халыққа биліктегілердің елмен ісі жоқтай көрінуі мүмкін. Десе де, сырт көзге жұртпен ісі жоқ секілденген мемлекеттік қызметшілердің мына қоғамда атқарар жұмыстары қыруарБүгін айтқалы отырғанымыз мемлекеттік қызметте де елге жанашыр, отансүйгіш азаматтар да жетерлік. Жетелік емес, олардың қатары қалың.

Сонымен мемлекеттік қызметшілердің бір күндік жұмыс қалай өрбиді? Арнайы облыс орталығындағы Еңбекші аудандық әкімдігіне біз де бір күнімізді арнадық. Байқағанымыз, шын мәнісінде мемлекеттік қызметшілер қарапайым халық үшін жұмыс жасайды. Тұрғындардың жай-күйі, тұрмыс-тіршілігі, өмір сүру деңгейі дегендей мәселенің барлығында қамтамасыз етуге тырысады. Олардың күн тәртібіндегі әр жұмысы тұрғындарды қанағаттандыруға арналған. Қанағаттандырып қана қоймай жасалған жұмысы туралы есептерін де беріп тұрады. Халық пен биліктің жақындығын орнатқан мемлекеттік қызметшілердің жұмысы бұрынғы жылдардағыдай емес, қазір ашық түрде жүзеге асады. Кез-келген қарапайым азамат мемлекеттік қызметшілердің жұмыс жүйесін бақылай алады. Бұған мүмкіндік бар. Құрметті оқырман, сізде біз сияқты бір күніңізді мемлекеттік қызметшінің бір күндік жұмыс күнін бақылауға арнасаңыз болады. Бақылап қана қоймай олар туралы мағлұматтарға да көз жеткізе аласыз.

Әкімдіктегі жұмыстың қарбаласы да қайнаған жері де халықпен жұмыс жүргізетін бөлім болуға тиіс деген оймен Еңбекші ауданы әкімінің аппаратында «Халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің» басшысы қызметін атқарушы Сыдықов Бахыт мырзамен тілдесіп, бұйымтайымызды айттық. Артық сөзсіз келісті. Алдымен аудандағы атқарылған жұмыстармен егжей-тегжейлі таныстырып өтті.

-Мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстары ауданды көріктендіру, көгалдандыру жұмыстарынан басталады. Ауданымыздың стратегиялық даму жоспары бойынша, аудан тұрғындарының және қонақтарының жақсы көз қарасын қалыптастыру, көңілдерін аудару біздің басты мақсаттарымыздың бірі,-дейді Сыдықов Бахыт мырза.

-Бүгінде ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес, жарияланған конкурс нәтижесінде 2016 жылдың сәуір айынан бастап аудан аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстарын 5 мердігер мекемелер жүргізіп отыр екен. Олар «Арнаулы автокөлік», «Нұр-Сат», «Экоспецтранс», «Нуреке Азия бизнес», ЖШС-тері мен ЖК «Борақбаев». Аталған мекемелер көпқабатты секторда аптасына 3 рет, ал жеке секторда аптасына 2 реттен санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуге міндеттенген. Бүгінгі таңда тиімді жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қалалық қоқыс полигонына 6105 м\куб қоқыс шығарылып, 22 шақырым ирригациялық жүйелер тазаланған. Жоғарыда аталған мекемелерден бөлек «Бәйтерек – Л.Б.», «Арнаулы автокөлік», «ANEKE GROUP» ЖШС-лары 835 аудандағы тал-дарақты талапқа сай қырқу жұмыстарын жүргізді. Оған қоса 32 539 талдың түптері әктеліп, 5944 м2 аумақта шөп ору жұмыстары қарқынды жүзегі асты. Деректер осылай дейді. Осылай әңгімемен отырып біз басшының бір сағаттай уақытын алдық. Әңгімеге арқау болған жұмыстардың барлығы дерлік мемлекеттік қызметшілердің бақылауымен іске асқаны айтпаса да түсінікті болды. Бүгінге дейін облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан аумағындағы негізгі көшелерде орналасқан жеке және заңды нысандардың иелеріне, ғимарат қоршауларына әрлеу, сырлау, ретке келтіру жұмыстарын жүргізу туралы 250-ге жуық хабарлама таратылыпты.

Шағымдармен де танысып көрдік. Әр шағымның тіркелуі жалпы құжаттау процесінің де айтарлықтай уақыт алатынына көз жеткіздік. Шағым айтушының да сан түрі бар. Олардың көңілінен шығу да уақыттың шығыны. Дау-дамай шығып жататын кездер де кездеседі. Байқағанымыз біз көрген мемлекеттік қызметшілер жұмыс барысында тұрғындардың шағымы қайталанбайтындай етіп жұмыс жасауы керек болғандықтан ешқандай қызмет түрі назардан тыс қалмайды екен. Мекемелерге хат жолданады, келген хат-хабар тіркеліп тиісті мамандарға таратылады.

Аудан аумағында атқарылып жатқан қызмет түрлерімен халықты хабарландырып, өз тарапымыздан жүргізіліп жатқан жұмыстарды көрсету де бір күндік жұмыстың бәрқыдыру уақытын алады екен. Барлық атқарылған жұмысты халыққа таныстыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнатып газет беттерінде мақалалар жарияланып, телеканалдарда бейнетүсірілімдер көрсетіледі. Ол мемқызметкерлер мен халықтың арасының жақындығын көрсетеді, дейді Бақыт мырза. БАҚ тарапынан әкімдіктегі бүгінгі қонақ біз болдық. Егер БАҚ өкілдері шағымға байланысты келсе, үйлестіру, зерттеу жұмыстары бір маманның бір күндік емес, бірнеше күндік жұмысына арқау болып кететіні қалыпты жағдай.

Жалпы Еңбекші ауданында 630 көпқабатты тұрғын үй бар. Біз бөлім бастығымен бірге жаз мезгіліндегі өзекті мәселелердің бірі қысқы дайындық жұмыстарымен таныстық. Жұмыс қарқынды іске асуда екен.

Қазақ «Қыстың қамын жазда ойла» демей ме?! Көп қабатты үйлердің жылу жүйесін ретке келтіру жолға қойылыпты. Жылумен қамтамасыз етуші мекеме «Қуат жылу орталық – 3» МКК-сі. 2016-2017 жылдарға арналған жылу маусымына көпқабатты тұрғын үйлерді сапалы және уақытылы дайындау үшін аудандық жұмыс штабы қарбалас жұмыста. Штабтың төрағасы Малахов мырзамен танысудың да реті келді.

Штаб құрылғаннан кейін тұрғындар арасында жылу маусымына дайындық жүргізу қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарының кестесі бекітіліп, жұмысты бір жүйеге енгіздік. Осы орайда кейбір үйлердің жертөле есіктері ауыстырылып тұрғындардың құбырлары жаңартылды. Айта кетеріміз 337 көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары инженерлік жылу жүйелерін өз күштерімен дайындау жоспарланған,-дейді штаб бастығы.

-Жазда жұмыс қызу жүрген болып шығады да, қыс түскенде жылусыз отыратын үй тұрғындарының шағымдары жиілейді, қазір қанша үй толық дайындықтан өтті, дейміз біз.

Ол үшін әр көпқабатты үйдің тұрғындары хабарласса болады. Егер білгісі келгендер болса атқарылған жұмыстардың, тіпті әр тұрғын үйге жасалған жұмыстардың тізімі дайын, көрсете аламыз. Олардың мекен-жайларымен қатар қандай жұмыстары бітті, қандай қондырғылар орнатылды, бізде бәрі жазулы,-дейді әкімдіктегілер.Бұл да бізге жария жұмыстың бір парасындай көрінді. Жоқ-жітікті түгендеп, кемшілікті айтуда тұрғындардың да белсенді болғаны жөн-ау деп түйіп қойдық. Оның үстіне:

«Шымкент еліміздің оңтүстігіндегі жаңа әлеуметтік-экономикалық орталығының бірі болуға қабілетті» деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы айтпап па еді! Енді біз сол қабілетті қаланы дамытуымыз керекпіз. «Жаяудың шаңы шықпас» деген. Оған тек мемлекеттік қызметшілердің ғана атсалысуы аздық етеді. Оған бүкіл қоғам болып кірісуіміз қажет,-дейді «Халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің» басшысы Сыдықов Бахыт.

Осылай бөлім басшысының бір күндік жұмысының жартысынан көп бөлігін біз алдық. Біз барғанда Бақыт мырза бір күндік жұмысының жоспарымен таныстырған болатын. Күннің алғашқы бөлігінде атқарылуға тиіс бөлімге түскен құжаттармен жұмыс жүргізу сол күні жұмыс күнінің екінші жартысына қалдырылды. Шұғыл жиналыс шығып қалмаса… Әкімдік жұмысында ондай-ондай болып тұрады. Және жиі. Мемлекеттік қызметшілер халықтың жанашыры, біздің арамызды бөліп, қарсы қоюдың керегі шамалы, өйткені мүддеміз бір тәуелсіз еліміз дамыса дейміз. Әр азаматтың қоғамның дамуына, жақсаруына қосар өзіндік белсенді үлесі болса қанекей, біз тұрңындарды соған шақырамыз. Бөлім басшысы әңгімесін бізді шығарып салып тұрып осылай тұйіндеді.

ҚОҚЫС БОЛМАШЫ МӘСЕЛЕ ЕМЕС!!!

Иә, мемлекеттік қызметші Елбасының тапсырмасын тікелей жүзеге асырады, елдің тілегін қанағаттандырады. Мәртебелі міндеттеріне сай мемлекеттік қызметші қаланың көркі мен қатар қала тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін бақылайды. Бірақ біз тұрғындар осы жұмыстың барлығын тек мемқызметкердің ғана тірлігі деп қарамауымыз керек. Керісінше, қоғам арасында мемлекеттік қызметшінің демеушісіне айналсақ жарасады. Шағымдана бермей, пікір, ұсыныс айтайық. Тым болмаса қоқысты кез-келген жерге тастамайық. Бұл да болса еліңе тигізер бір пайдаң, мемлекетіңе қосар бір үлесің болмақ. 6105 м\куб қоқыс бір аудан үшін аз емес. Оны тазалап, шығаруға кеткен шығын да. Оған кеткен қаржыны көркейтуге жұмсасақ қаламыз қандай көрікті болар еді. Көз қуантып, көңіл тоғайтып қаншама адамға қуаныш сыйлар еді. Шынында, бұл болмашы емес, ҮЛКЕН МӘСЕЛЕ!

Жарылқасын Үсентаев

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика