1300 сөз білген бала неге қазақтілінде сөйлей алмайды немесе
ең алғашқы махаббат басталады партадан…
Шынында солай. Махаббат өте кең ұғым. Оған қыздың жігітке немесе бозбаланың бойжеткенге деген махаббаты деп қана қарауға болмайды. Ата-анаға, ұстазға, мектепке, Отанға деген де махаббат бар. Мен бүгін тілге деген махаббат жайлы айтпақпын.
tories/IMG-20150930-WA0002.jpg» width=»200″ height=»267″ alt=»IMG-20150930-WA0002″ style=»float: left;» />Тіл үйренуге деген де сезім, құштарлық, құмарлық, сүйіспеншілік болады. Мектепте жұмыс істейтін болғандықтан біздің оған күнделікті куә болатын сәттеріміз де болады. Егер адам бойында сезім оянбаса тілді үйренуі де неғайбыл. Мемлекеттік тілге деген махаббат көбіне мектеп партасынан басталады, бұл-ШЫНДЫҚ. Мен 1993 жылдан бері Шымкент қаласындағы, №18 Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінде қызмет етіп келемін. Орыс сыныптарына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беремін. Менің басты мақсатым — өзге ұлт өкілдерінің балаларына мемлекеттік тілді жетік меңгерту, қазақ тілінде еркін сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету.
Ширек ғасырға жуық еңбек жолымда өзіме көптеген тәжірибе жинақтадым.Балалардың күнделікті сабаққа деген көзқарасы, тіл үйренуге деген ниеті мені ізденуге итермеледі. Орыс халқының «век живи, век учись» деген мақалында айтқандай, еңбек ете жүріп мектеп тарапынан бірнеше білім жетілдіру курстарына қатыстым. Бұл мған аздық етті. Себебі тіл үйретудің сан қыры бар. Бір бала үйренуге қабілетті, ал, екіншісі құлықсыз. Не істеу керек? Кейде қолданыста жүрген тіл үйрету бағдарламаларының өзінен кемшілік табасың. Тәжірибе жинақтай келе тілді жедел үйретуге болатынын бағамдайсың. Не істеу керек№ Тағы ізденіс. Сол ізденістің жетегінде жүріп білімімді жетілдіру мақсатында арнайы ақылы курстарға қатыстым. Әсіресе, профессор Ә.Жүнісбековтың «Қазақ тілін жедел үйрену курсы», К.Сариеваның деңгейлік тапсырма беріп оқыту, «СОРОС-Қазақстан» ұйымының ұйымдастырған «Сын тұрғысынан ойлау»семинар-сабақтарынан көп үйреніп, ойға түйдім. Жазушы, тренер-психолог М. Норбековтың шәкіртінің «Шешендік өнер» атты ақылы он күндік курсына қатысып өз білімімді тереңдете түстім. Ә.Жүнісбековтың «Қазақ тілін жедел үйрену курсынан» алған білімімді сабақтарымда ұтымды пайдалана отырып, балаларға сауатты жазуды үйренудің төте жолын көрсетуді меңгердім.
Алғаш еңбек жолымды бастағанымда, ең бірінші қиыншылықтың бірі, әрі бастысы – балалардың қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс жаза алмауы және дұрыс дыбыстай алмауы болды. Бұл қиындықтың шешімі профессор Ә.Жүнісбековтың сабақтарынан кейін біртіндеп шешіле бастады. Ә.Жүнісбековтың курсынан үйренгенімді өз тәжірибемде пайдалана отырып, қазақ тіліне тән дыбыстарды өзге тілді балаларға үйретудің сырын терең түсіндім. Бала дыбысты дұрыс дыбыстап айтпайынша, дұрыс жаза да алмайды. Оларға барлық дыбыстар бірдей айтылып жатқандай болады, сондықтан да айырмашылығын ажырата алмайды. Ал, әр дыбыстың өзіне тән ерекшелігі бар емес пе? Мен бүгінгі таңда балалардың сол ерекшелікті аз уақытта түсіне және сезіне алуына қол жеткіздім. Бұл балалардың қазақ тілінде сауатты жазуларына мүмкіншілік берді. Ендігі мәселе — өзге ұлт балаларына қазақ тілін жедел және еркін меңгерту.
Өздеріңіз білесіздер, мектепке келген бала 1-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін үздіксіз қазақ тілін өтеді, бірақ 11-сыныпты аяқтап мектеп бітіргенде айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе алмаймыз. «Неге?» Маман ретінде осы сқрақ мені көп жылдар бойы ойландырды. Әрине, бұл сұраққа бір-ақ ауыз сөзбен жауап бере алмайсың, өйткені оның сан алуан себебі бар. Соның бірі, бізде оқулықтар әртүрлі, белгілі бір жүйе жоқ, оқулықтарымыз жиі ауысып отырады. ҚР-ның білім стандартына сәйкес 1-сынып оқушысы бір оқу жылында 100 сөз үйрену керек болса, 11-сынып оқушысы 1300 лексикалық бірліктің мағынасын білуі тиіс. Бұл аз сөз емес. Сөйте тұра, өзге ұлт мектептерінің 9-11-сынып оқушылары мектеп бітіргенде қазақша сөйлеп кетпейді… Тіпті басым бөлігі 1300 сөзді меңгермек түгілі екі ауыз сөздің басын қосып сөйлей де алмайды. Жұмыс барысында менің түйгенім мынау болды: оқытуда белгілі бір жүйе жоқ.
Мынаған қараңыз, егер бала 1-сыныпта 100 сөз үйренсе, 2-сыныпта 200-210 сөз үйрену керек. Яғни, бала әр сыныпта жаңадан 100-110 сөз үйреніп отырса, мектеп бітіретін шағында сол стандартта айтылған 1300 сөзді меңгеріп шығады. Бұл дегеніңіз бала сөздік қорына әр сыныпта не бары 100-110 сөз ғана қосып отырады екен. Бірақ бір өкініштісі нақты қай сыныпта қандай сөздер үйрету керектігі жөнінде жүйелік жоқ. Егер осыны бір жүйеге келтірсек балада белгілі бір мөлшерде сөздік қор болар еді-ау деген ойлаймын. Осы мәселенің аз да болса шешімін табу мақсатында өзім дәріс беретін сыныптардағы өзге ұлт балаларына қазақ тілін жедел үйрету курсын дайындадым. Биыл соны іс-тәжірибеден өткізуді жоспарлап отырмын. Жедел деп айтуымның себебі, бала небары 200 сөзді үйрене отырып, бірнеше грамматикалық ережені меңгереді. Ол үшін көп уақыт кетеді деп ойламаймын. Нәтижесінде адамға қажетті, күнделікті ауызекі сөйлеуде керек ететін, қарым-қатынас тілін үйренеді.
Гүлайна БЕКМҰРАТОВА,
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Редакциядан: Хат мазмұны осындай. Біз де ойлана алатын, ізденімпаз ұстаздың айтарына иландық. Шынында, 1300 сөз үйреніп, 11 жыл оқып екі сөздің басын қоса алмағаннан, 200 сөз үйреніп, ауызекі тілде сөйлеу тиімді емес пе? Біз Біріккен ұлттар ұйымының мінберінен тіл қатқан Мемлекеттік тілді сол елдің әрбір азаматының білгеніне ниеттіміз. Сол ізгі ниет жетелеп, 18-ге мектепке бардық. Гүлайна Сәттібекқызы оқытып жатқан оқушылармен тілдестік. Қазақ тілінде. Көп баланың ішінде топты жарып шығып қазақша ағыла кеткен орыс баласы Стрельцов Артем болды. Баладан жетістігінің кілтін сұрадық.
tories/DSCN0061.jpg» width=»448″ height=»252″ alt=»DSCN0061″ style=»display: block; margin-left: auto; margin-right: auto;» />
Стрельцов Артем: «Уайымдамаңыз, ота сәтті өтеді»
— Артем сенің сыныптастарыңа қарағанда қазақ тіліне жетік болуыңның сыры неде?
— Біз бұрын Шардара ауданында тұрдық. Ол жақта көршілеріміздің барлығы дерлік қазақтар болды. Қазақ достарыммен күнде ойнап жүріп қазақшаны жақсы үйреніп алдым.
— Онда асық ойынының ережесін жақсы білетін болғаның ғой?
— Иә, әрине. Бірақ қалаға келгелі асықты көп ойнамайтын болдым. Мұндағы достарымның көбісі компьютерлік ойындарға қызығады. Мүмкін оған жоғары сыныпқа өткендігімізде әсер еткен болар…
— Өскенде кім болуды армандайсың?
— Хирург болғым келеді.
— Онда бізге қазір ота жасардың алдында науқасқа қандай жылы сөздер айту керектігін қазақшалап айтып берші?
— Сіз мені қазірше асықтырмасаңызшы. «Уайымдамаңыз, ота сәтті өтеді», «Бәрі жақсы болады», — деймін.
tories/DSCN0059.jpg» width=»448″ height=»252″ alt=»DSCN0059″ style=»display: block; margin-left: auto; margin-right: auto;» />
Фролова Дарья: «Сөздік қорым жетпей қалады»
Біздің назарымызға іліккен тағы бір орыс қызы Фролова Дарья болды. Ол: «Қазақшаны жақсы түсінгенімен ойымды жеткізуге сөздік қорым жетпей қалады», — дейді.
— Даша, сенің қазақ тілін толық меңгеремін деп алдыңа мақсат қойғаныңды байқадық. Мемлекеттік тілді білудің маңыздылығы мен қажеттілігі қаншалықты деп ойлайсын?
— Біз Қазақстанда өмір сүріп келе жатқандықтан мемлекетті құрушы ұлттың тілін, дәстүрін, мәдениетін білу парызымыз деп білемін. Болашақта кәсіби аспаз болғым келеді. Өз кәсібімді дамыту үшін қазақ тілін жақсы білуім қажет.
— Дәстүрін де білуіміз керек деп отырсын. Өскенде сен өзің аспаздық орталық немесе дәмхана ашсаң ас мәзіріңде қазақтың ұлттық тағамы бесбармақ немесе бауырсақ боларына сенімдімін. Қамыр жайуды білесің ба?
— Иә, әрине білемін. Адам жан-жақты болуы керек.
Шыны керек, нәтижелі білім берудің жолын табуда ізденістер жүргізіп, мәселені оңтайлы шешіп жүрген үлгілі ұстаздың алғыр шәкірттерін көріп қуанып қалдық. Ұстаз тәжірибесі мен шәкірт жетістігі баршаға өнеге болар деген ниеттеміз.
Бетті дайындаған:
Әлия АХМЕТОВА
Leave a Reply