28 ҚЫРКҮЙЕК ЖЫЛ САЙЫН ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МЕРЕКЕСІ БОЛЫП АТАЛЫП ӨТУІ КЕРЕК!

Ұсыныс

 

28 қыркүйек жыл сайын ұлттың ұлы мерекесі болып аталып өтуі керек!


tories/dosanov.jpg» width=»200″ height=»267″ alt=»dosanov» style=»float: left;» />Адамзаттың ба­ғына жаралған ұлы тұл­ғаларды тарих ұзақ толғатып, сирек дүниеге келтіреді. Қа­зақ­стан Республи­касы­ның бүкіл халық сайлаған Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ғасырларда бір-ақ туа­тын сондай тұлға. Бұл – асыра айтып, артық мадақтау емес, оған ол зәру де емес. Жоғарыдағы ойымыздың нақты дәлелі, айқын көрінісі – Елбасымыздың әрбір ізгі қадам, әр іс, әр сөзінен күн сайын демесек те, ай сайын айқын танылып жүр. Соның мықты бір мысалы – Нұрсұлтан Әбішұлының күні кеше ғана Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының әлемдік саясатқа қатысты жалпы пікірталаста сөйлеген сөзі. Бұл – кезекті жиында айтылған жалпылама, жадағай сөз емес, шын мәніндегі кемел ойлы, кең тыныс­ты тарихи сөз.

Олай дейтініміз – ядролық қарусыз әлем қалыптастыру ісін адамзаттың ХХІ ғасырдағы басты мақсаты етуге шақырған тарихи сөзінде Н.Ә.Назарбаев әлем назарын аударған нақты аса белді бес проблема жайлы толымды ой толғап, сақа саясаткерлердің өзін таңғалдырып, таңдай қаққызды. Сол бес ұтымды ұсыныстың әрқайсысы жайлы жеке мақала жазу – кезек күттірмейтін келелі міндет. Өзгесін айтпағанның өзінде «Біріккен Ұлттар Ұйы­мының штаб-пәтерін Азияға кө­шіру мәселесін ойластыруды ұсы­намын», деген сөзінің өзі әлемді жалт қаратқан жаңа идея, жасындай жарқ ете қалған ұтымды ұсыныс.

Н.Ә.Назарбаевтың Біріккен Ұлттар Ұйы­мы Бас Ассам­блея­сының сессиясында сөйлеген сөзінің әлемдік дең­гей­дегі тарихи ұлы оқиға бола­тынының тағы бір ғана емес, ең басты себебі, ең маңыздысы – БҰҰ тарихында тұңғыш рет қазақ тілінде сөйлеуімен ерекше бағалы! Өте бағалы!

2015 жылғы 28 қыркүйек – тәуелсіз Қазақстан тарихына алтын әріптермен жазылатын күн! Бұл күн – аса асыл қазына, баға жетпес байлығымыз – айналайын, садағаң кетейін Ана тіліміздің әлемдегі ең ірі, ең беделді Ұйымның мәртебелі мінбесінен сөз алған тарихи күн! Бұдан былай бұл күн күнтізбеге алтын әріптермен жазылып, жыл сайын ұлттың ұлы мерекесі болып аталып өтуі керек!

Тарих ұзақ толғатып туған ұлағатты тұлға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұлттың ғана емес, бүкіл адамзаттың бағы, бірлік пен береке, мерекенің мызғымас алтын тағын асқақтатқан сара да дана саясаткер. Біздің осы пікіріміздің айқын бір айғағы – оның БҰҰ тарихында тұңғыш рет қазақ тілінде сөйлеуі. Өзгесін былай қойып, тек осы үшін ғана оның есімі тәуелсіз Қазақстан тарихына алтын әріптермен жазылары зайыр.

 

Сәбит ДОСАНОВ,

жазушы,

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика