СЕЛЬФИ КІНӘЛІ ЕМЕС…

Сельфи кінәлі емес…

Күнделікті өмірде кез-келген  ортада сельфи жасаушылар көптеп кездеседі. Тіпті, сіз қызмет ететін жұмыс орнының өзінде өзіңіз болмасаңызда қасыңдағыларыңыздың сельфи жасайтыны қалыпты жағдай. Ал, мектеп оқушылары…Өрімдей қыздар күнделікті сабағынан үлгерімі ілгерілемей жатқан болуы әбден мүмкін, бірақ сельфи жасауды әбден меңгерген. Соған қарағанда, сельфи жасаудан біз де қалыса қоймаймыз, десе де Сельфи жасау әсіресе, Америка, Еуропа елдерінде сәнге айналып, дамудың шарықтау шегіне жеткені қашан. Дамудың шарықтауы болуы керек, соңғы кезде сол сельфи жасаушылардың соңы қайғылы жағдаймен аяқталуы жиілеп барады. Сол сельфи адам өмірінің құнына татиды ма екен? Алдымен «шығу тегіне» үңіліп көрейік. Сельфи сөзі қашан және қалай, қайда пайда болды?  Сельфидің «атасы» кім?

Орыс дипломаты, әуесқой химик, жас ғалым А.П.Бестужев, И.Г.Шульце, француз ғалымдары Жозеф Нисефор Ньепс пен Луи Жак Монде Дагер, ағылшын ғалымы Вилям Фокс Генр Тальбот. Бұл фотоаппараттың шығуына үлкен үлес қосқан ғалымдар .Солардың ішінде тарихта  Ньепс, Дагер, Тальботтардың есімі ерекше аталады.

Алғашқы сапалы суретті Дагер ұсынды. ОЛ ұстазымен бірге бастаған ғылыми-тәжірибелік жұмысын соңына жеткізуге бар күш жігерін жұмсады. Нәтижесiнде, ғалым 1837 жылы күмiс пластинкаға бейне қабылдайтын химиялық қабатты ойлап тапты. Бұл жаңалық әлемдi дүр сiлкiндiрдi. Өйткенi, бұл көздеген бейненi анық та айқын түсiрген сапалы фотосурет едi. Дагер бұл табысын  өз атымен байланыстырып “Дагеротипия” деп атаған.

Содан бері екі ғасырдай уақыт өтті. Сол уақыттың ішінде фотоаппараттың неше түрлісі шыға бастады. ХХІ ғасыр өзіңіз жақсы білетіндей технологияның қарқынды дамыған кезеңі. Фотоаппарат пен ұялы телефондардың ішіне орналастырыла бастады. Бүгінде жер шарында фотоаппараты бар ұялы телефон ұстаған адамдарды миллиардтап санауға болады. Сурет түсіретін құрылғылар дамыған сайын, адамдар арасында суретке түсуде сәнге айналып барады.

Әрине, дамыған техникалар өздерімен ілесе келген жаңаша терминдерді де қалыптастырып үлгерді. Соның бірі «сельфи» термині.

Селфи (selfie) — өзін-өзі фотоға түсіру немесе автофотопортрет. 2012 жылдары Фейсбукте танымал болған сөз. 2013 жылы Оксфордтың танымал ағылшын тілі сөздігінде «Жыл сөзі» атанған.

Селфилардың 30 пайызы 18-24 жас аралығындағы жастарға тиесілі екен. Жалпы әр интернет қолданушы міндетті түрде 1 рет болса да селфи түсіріп көреді.Қолданыс кеңейген сайын сельфидің зияны да  белең алуда. Ал, пайдасы туралы ешкім ойланып та жүрген жоқ. Жұртшылықты таңқалдыру үшін адамдар суретке түсудің небір қатерлі тәсіліне барып жүр. Әсіресе, жастар. Айта кетсек, аяқ басып тұра алмайтын жерде тұрып сельфи жасау, үлкен жылдамдықпен келе жатқан поездың алдына тұрып түсу, үлкен ғимараттардың үстіне шығып түсу. Бірі сәтті, бірі сәтсіз… Үлкен қайғымен аяқталып жатқандары да жетерлік.

«2014 жылдың мамыр айының соңында, АҚШ-тың Колорадо штатындағы Денвер қаласында жеңіл моторлы ұшақтың апатқа ұшырауына ұшқыштың селфи жасау әрекеті себеп болуы мүмкін. АҚШ Көліктегі қауіпсіздік ұлттық кеңесінің зерттеу нәтижесі осындай. Қос орындық Cessna 150K ұшағы 31 мамырда көкке көтерілгеннен соң 4 минуттан кейін жерге құлаған. Оқиға салдарынан ұшақты басқарған 29 жастағы Амритпал Сингх (Amritpal Singh) пен оның жолаушысы, жергілікті мектепте өнер көрсетуі тиіс музыкант, көз жұмды. Оқиға орнынан ұшқыштың көлікті басқару барысы жазылған GoPro камерасы табылған. Белгілі болғандай, ұшқыш пен оның жолаушысы да аса төмен биіктікте ұшу кезінде смартфондарымен бірнеше рет селфи жасаған. Қайғылы оқиға орын алған күні камераның сөндірулі болғанына қарамастан, сарапшылардың пайымынша, Сингх сол кезде де өзін селфиге түсірмек болып алаңдап, әуе кемесінің басқаруын жоғалтқан болуы керек»,,- деп хабарлайды ABC News.

Ал Үндістанда колледждің үш студенті өздеріне жақындап келе жатқан поездың қасында суретке түсеміз деп қаза болды.

Голивудтық актриса Джоан Риверз  жүрек талмасы кезінде, өлім үстінде жатқанда Нью-Йорк емханасының дәрігері әйгілі актрисамен Сельфи жасаған,-деп жазады «Telegraph» газеті. Нәтижесінде сәтсіз ота орын алып, актриса қайтыс болған.

«Адамдардың арасында акуланың шабуылынан қаза тапқандардан, сельфи жасаушылардың қазасы көп»деп хабарлайды америкалық басылымдар. Өмірін бір суретке айырбастап алатындарды қалай түсінуге болады? Сұрақ…Өте күрделі сұрақ, беті аулақ дейміз.

Білесіз бе, сельфидан ажал құшқандардың өліміне фотоаппаратты өмірге алып келушілер, одан кейін оны жетілдіріп, сельфи түсіруге дейні алып келген өнертапқыштар кінәлі емес!  Оған сельфи жасаған адамдардың өзі кінәлі.

                                                                                                                                        Дайындаған: Ж.Үсентаев

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика