tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»>
Қайрат Нұртастың «құпиясы»
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>«2015 жылы Қазақстан эстрада жұлдыздарының қандай жаңалығы есіңізде қалды» десе кімді атар едіңіз? Біз де ойланып көрдік. Біразының ғаламтордағы парақшасын ақтардық. Біздің іздегеніміз Жыл жаңалығы болғандықтан Қайрат Нұртасты таңдап алдық. Пікірдің екіге жарылатынын білеміз. Сондықтан да өз пікірімізді дәлелдеуге барымызды саламыз. Жыл жаңалығы туралы айтқанда ең алдымен әншілердің ішіндегі ең еңбекқорын атағымыз келген.
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>Ол сахна табалдырығын ерте аттады. Бірден жарқ ете салған жоқ. Танымалдығының құпиясы неде дейсіз ғой?! Қажырлы еңбегінде. Оны қазіргі биігіне көтерген ЕҢБЕК.
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>Тағы бір ой салатын қызық дерек. Ол бұл дүниеге өрттің ортасында келді. Өрт дегенде санаңыз бір сілкінді ме? Ендеше ары қарай оқыңыз. Қайрат туылғанда перзентхана өртке оранған екен. Жалындаған алаудың арасында шыр етіп дүниеге келген сәби Қайраттың жолы расында да жалынды…
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>Тынымсыз еңбегінің арқасында милллиондаған жанның жүрегіне жол тапқан өнерпаздың еліне деген сүйіспеншілігі де шексіз. Ол әнді жүрегімен орындайды және үнемі ізденісте жүреді. Сол себепті де халқының перзентіне айналды.
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>Биыл… Биыл 2015 жыл Қайрат көрерменін тағы да таң қалдырды. Нұртастың ұлы жақында жетер биігінің әлі де шырқауда екенін аңғартты. Желтоқсанның 12-сі күні Қайрат «Астана-аренада» өзінің 10 жылдық концертін ұйымдастырды. «Мен ғашықпын» деп аталған кешке Ресей жұлдыздарынан Тимати мен Нюша келді. Әңгіме Ресей жұлдыздарында емес… Қайраттың 21 мыңнан астам көрермен жинауында. Бұл сенсация! Ал, концерттен түскен қаржының қомақты бөлігін қайырымдылыққа жұмсауы адамгершілік келбеті.
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>Араға 5 күн салып осы кешті 17-желтоқсанда Алматыдағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде жалғастырды әнші. 29 жыл бұрынғы «Желтоқсан оқиғасы» көз алдымызда көлбеңдеді. Демімізді терең бір тарттық ішімізге. «Еркек тоқты құрбандық» деп Қайраттар қан төгіп еді Тәуелсіздік жолында, осы қалада. Қайсар ұлдар Шәмшінің әнін қалықтатып еді. 29 жылдан кейінде сол Алматыны қазақ әні әлдилеп тұрды. Рысқұлбеков Қайраттың әнін Нұртастың Қайраты жалғады, бейбіт әнмен тәуелсіз елді тербетті. Қайраттың ән кешіне бұл күні де Алматыда халық көп жиналды7
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>
tom: 0.0001pt; text-align: center; text-indent: 22.7pt;»>«Қазақстанның ең үздік əртісі» номинация нақтыланды
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>Бұл»МузТВ» телеарнасы жобасының номинациясы. Оған да Қайрат лайық деп табылды. Тағы да пікір екіге жарылды. Біреу дұрыс деді, біреу бұрыс деді. Солай болуы заңды да еді. Бұрыннан солай. Биікке ұмтылғанның балағын «жұлқылайтын» міндетті түрде табылады. Қайрат айтыспады, тартыспады «мейлі» деді. Ержан Серікбаевтың «Мейлі» әнін әуелетті келіп. Ән әлеміне «Арман» әнімен келген оның сыры да, айтары да орындаған әндерінде жатқандай көрінді бізге. Қайраттың өткен жылғы жетістігінің айтып отырғанымызда бір сыр бар. Оны биылғы үлкен жаңалығына жетелеген осы ЖЕҢІСІ болды, біздіңше. Өйткені ол жеңісті көпсінбейді, асар асуының баспалдағы көреді.
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>
tom: 0.0001pt; text-align: center; text-indent: 22.7pt;»>«НҰР ОТАН» партиясы қатарына қабылданды
tom: 0.0001pt; text-align: center; text-indent: 22.7pt;»>
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>Осы жылы шілдеде ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында Елорда күніне орай, «Нұр Отан» партиясы қатарына қабылданғандардың ішінде Қайрат Нұртас та болды.
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>«Бұл сәт менің өмірімдегі ең айтулы оқиғалардың бірі. Себебі біздің еліміздегі бейбітшіліктің, ел бірлігінің тұрақты болуы Елбасымыз басқарған «Нұр Отан» партиясының басты мақсаты екенін білеміз. Ал азаматтардың, елдің жан-жақты дамуының кепілі – ол бірлік. Біздің де ел аралап, алаңсыз жургеніміз, біздің де өнерімізді шыңдап жүргеніміздің өзі – осы бейбітшіліктің арқасы. Сондықтан мен әрқашанда партияға сырттай тілекші болып, осы «Нұр Отан» партиясының ұйымдастырған шараларына атсалыссам, қатыссам, ендігі кезекте осы партияның қатарына еніп, оның барлық бастамаларын жүзеге асыруға өз үлесімді қоссам деген ниетім, тілегім бүгін орындалып отыр», — деп ағынан жарылды. Саяси тілде сөйлеген жоқ, елдің тілінде сөйледі. Ол үшін өзі сүйген, өзін сүйген халықтың бейбіт өмірі, амандығы маңызды.
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>
tom: 0.0001pt; text-align: center; text-indent: 22.7pt;»>Оңтүстіктің төріне есімі жазылды
tom: 0.0001pt; text-align: center; text-indent: 22.7pt;»>
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>Осы жылы Қайрат Нұртастың есімі Шымкенттегі «Шәмші» гүлзарындағы оңтүстіктен шыққан өнер майталмандарының қатарында «Жұлдыздар аллеясында» тасқа түсіп таңбаланды.
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>Бұл да бір белес!
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>
tom: 0.0001pt; text-align: center; text-indent: 22.7pt;»>ҚАЙРАТ НҰРТАС «ТЕЛЕАРНАЛАР ТАРАПЫНАН ЕҢ СҰРАНЫСҚА ИЕ ШОУ БИЗНЕС ӨКІЛІ»
tom: 0.0001pt; text-align: center; text-indent: 22.7pt;»>
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>Артынша «MuzZone EMA» Музыкалық байқауында былтырғы жылы «Үздік орындаушы» атанған Қайрат биылғы жылы «Телеарналар тарапынан ең сұранысқа ие шоу бизнес өкілі» номинациясын жеңіп алды!
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>Қазақстанда даусы мықты әншілер аз емес. Соған қарамастан Қайрат төбе болады да тұрады. Бізде пендеміз, атақ-даңқ, жоғарыдағы тізбелеген марапаттың барлығы неге Қайратқа тиесілі екен деп бас қатырдық. Сұхбаттарын оқыдық, концерттерін көріп шықтық. Елге деген сүйіспеншілігінің ерен екенін бөліп алдық, тағы бір бөліп алғанымыз оның тынымсыз еңбегі болды. Еңбек елдің сүйіспеншілігіне бөлейді екен. Халық сүйді екен одан кейінгі шыңға сол халықтың өзі-ақ жетелейді, сені. Қайрат атты әлемнен біз тапқан құпия осы болды.
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>
Р.S. Иә, көктегі жұмбағы ішіне тұнып тұрған жұлдыз сияқты дененің сыры шынында да беймәлім. Сырын өзінің бойына жасырып, сыртқы сұлулығымен адамзатты қызықтырып қоймаса жұлдыз — жұлдыз болушы ма еді?!
Қай түске салсаңда өзінің жұлдыз қалпына жарасып-ақ кететін осы дененің сырына үңіліп кетсең ғой, шіркін! Әлде, біз үшін ол жаратылыс мәңгі арман күйінде қала ма?! Олда мүмкін… Ғұмырыңның барша уақытын арнасаңда сол жұлдыз — сол жұлдыз қалпында қалар. Бәлкім, адамзаттың қаперінен біржолата ұмытылып, сөніп те кетер. Бәлкім мәңгі жарқырап тұрар. Кім білсін?!
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt; text-align: justify;»>Қайратпен сырласу
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>Өмірдің сан соқтырған қапасында,
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>Ойланумен көз ілмей жатасың ба?
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>Аяғыңнан түрткілеп тартқылаған,
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>Айтшы Қайрат қазаққа қапасың ба?
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>Ренішіңді әуенмен ашасың да,
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>Алғансың сен еліңнің батасын да.
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>Жаныңа жара салып сөз ететін,
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>Айтшы Қайрат қазаққа қапасың ба?
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>Қазақ болып жан дүниең жаралғанда,
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>Ойың қара ниетке қамалғанда,
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>Бұл қазаққа ашынып наз айта алмай,
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>Қапасың ба айтшы сен адамдарға.
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>Өкпелеме қайтесің санаң барда,
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>Сені жақсы көреді жамандарда.
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>Қазағыңа сен қатты өкпелеме,
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>Солар сені шығарған сол арманға.
tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»> Жарылқасын Үстентаев
Leave a Reply