1945 жылы, екінші дүниежүзілік соғыс аяқтала салысымен АҚШ адамзат күтпеген зұлымдық әрекетке көшті. 1945 жылдың 6 тамызында Жапонияның Хиросима қаласына атом бомбасын тастады. Араға 3 күн салып 9 тамызда ажал сепкен бомба Нагасаки қаласына бағытталды. Қаншама жанның өмірін қиды, қаншама жазықсыз пенделердің санасын улады. Арылмас қайғы әкелді. Жапон халқы үшін өткен ғасырдағы ең қайғылы жылдардың бірі осы болатын.
Ал 2011 жылы осы елде 11 наурызда 9 магнитудалы жер сілкінісі салдарынан 10 метрден асатын су тасқыны орын алды. Алапат тасқын қанша завод, қанша фабрикаларды, қаншама әсем ғимаратты және көптеген адамдардың өмірін шайы өтіп кетті. Біз өте үлкен зардаптарды ғана айтып отырмыз. Мұнан өзге елдің әр шетінде орын алып жатқан апатты жағдайлар аз емес. Біздің айтпағымыз зілзаланың зардабы емес, сол қиыншылықтарға қарамастан алға ұмтылған халықтың қайсарлығы.
tories/ZQ9n0LWMo7G9sKhWajh8rOcP2CArd1.jpg» width=»300″ height=»200″ alt=»ZQ9n0LWMo7G9sKhWajh8rOcP2CArd1″ style=»float: right;» />
Көзіміз көріп отыр осындай қиындықтардан кейін Жапония құрып та кеткен жоқ, жоғалып та кеткен жоқ. Бастарынан өткен үлкен – үлкен қайғының құрсауында қалып та қойған жоқ. Керісінше, экономика саласына келгенде барлық елді артқа тастап отыр. Күннен – күнге алға қарай адымдауда. Тіпті, шегінуді ойламайды да. Жапондардың өмірімен тереңірек таныссаң небір қызыққа кенелесің, таң қаласың, ойлап таппайтындары жоқ. Және ойлап тауып жатқан дүниелері өтімді әрі сәнді, ыңғайлы, әрі үнемді. Бір ғана көліктің небір түрін ойлап тапты. Бізде бензин құймасаң көлікті жүргізе алмайсың, балама дегенде газдың қуатын пайдалануың мүмкін. Ал, жапондықтар оның ауамен жүретін үлгісін ойлап тауып отыр. Енді салыстырып көріңіз, экономикалық, экологиялық жағынан қайсысы тиімдірек?.. Көлікті ауамен жүргізу кімнің ойына кіріп шығыпты.
ЭКСПО-2017 біздің елде өтеді деген шешімнен кейін біз де үнем, экология туралы ойлана бастадық. Күнделікті ақпараттан бағамдағанымыз қазір ең тиімді энергия күннен алынады екен. Ал, енді сол энергияны күннен алуда Жапония алдына жан салмай тұр. Аты шулы азулы Американың өзінен, Жапонияда күннен алынған энергияның мөлшері 3 есе көп. Өте жоғары көрсеткіш. Тағы да бір тамаша жаңалығын қараңыз, біз бензинді қайдан алып жатырмыз? Әрине, мұнайдан ғой. Біз мұнай таусылса не істер екенбіз?.. Ал жапондықтар бактериядан бензин алып жатыр. Демек, олар бактерияда бензин болатынын анықтаған. Еңбектің нетижесінде соған қол жеткізе алды да. Ал біздің бактериямен жұмысымызда жоқ.
Роботтарға келер болсақ, біраз жыл бұрын жапондықтар кәдімгі робот жасап шығарды. Ал енді сол роботтарды адам пішініне сәйкестендіріп, көзін, ерні, мұрны мен құлағына дейін айнытпай жасап шығарып жатыр. Керек десеңіз, олар адамша әрекет жасап, адамша сөйлей де алады. Бірақ, көзге ұратыны шапшаң емес, баяулау. Күндердің күнінде сол роботтарды шын адамнан ажырата алмай қалатындай дәрежеде шығарып жатса, таң қалудың қажеті болмай қалады. Осындай жетістіктерін көріп отырып, адамзаттың миы жетпей жүрген «басқа планеталықтар» деп жүргенімізді де солар жасап жатқан жоқпа деп ойланып қаласың.
Сыры мен мәнісі неде? Физика мен химия саласын мықтап қолға алғандықтан ба? Жоқ әлде жапондықтардың жаратылысы солай ма?
Жарылқасын ҮСЕНТАЕВ «Қызмет» газеті
Leave a Reply