ШЫМКЕНТТЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУ ОРТАЛЫҒЫ 300 АЗАМАТҚА КӨМЕК КӨРСЕТКЕН

Шымкентте 2000 жылы ашылған жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты “Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы” бар. Мекеме кәмелет жасына толған бірақ тұрғылықты жері жоқ, жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ және шартты түрде сотталған азаматтарға құжаттарын рәсімдеу, медициналық тексеруден өткізіп, қажет болған жағдайда медициналық ұйымдарға орналастыру, жұмыспен қамту, тұрғын үй кезегіне тұрғызу секілді әлеуметтік көмектер көрсетуде.
11 айда орталыққа 308 азамат өтініш берген. 42 азаматтың жеке басын анықтайтын құжаты рәсімделіп, 49-ына медициналық ұйымдарға ем қабылдау үшін жолдама берілген, ал 8-іне мүгедектігіне байланысты жәрдемақы тағайындалып, 5 қызмет алушыға жасына байланысты зейнетақы тағайындалған. Сонымен қатар 7 азамат қарттар мен мүгедектерді оңалту орталығына орналастырылса, 3 адам жүйке ауруымен ауыратын азаматтарды оңалту орталғына орналастыру үшін кезекке қойылған.
Бұдан бөлек, 7 қызмет алушы санаториялық-курорттық ұймдарда емдеу-сауықтыру шараларын қабылдауға ықпал етілсе, 32-сі санаториялық-курорттық ұймдарда емдеу-сауықтыру шараларын қабылдау үшін кезекке қойылған.
11 азамат тұрақты жұмыспен қамтылып, үшеуі ақылы қоғамдық жұмысқа, 4 азамат уақытша жалдамалы жұмыспен қамтылған.
Уақытша жатып қызмет алушылардың жеке басын анықтау шаралары барысында 23 азаматқа туыстарының іздеу салғаны анықталып, туыстарымен табыстырылған және 4 қызмет алушыға денсаулығына байланысты портал бойынша ота жасауға көмек берілген. Мекемеде қызмет алушылар арасындағы жүріп-тұруы қиын 3 азамат арнаулы медициналық құралдармен «Көгершін ортопедиялық орталығынан» (ходунок, трость, мүгедек арбасы, қол таяқ) қамтамасыз етіліп отыр.
Байланыс нөмірі:
8(72 52) 50-56-98
8(72 52) 50-56-10

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика