ШЫҒЫС ТА, БАТЫС ТА – БІР АДАМЗАТ…

Шығыс та, Батыс та – бір адамзат…

 (О. Сүлейменов)

tories/oljas.jpg» width=»448″ height=»252″ alt=»oljas» style=»vertical-align: middle;» />

 

Олжас Омарұлы Сүлейменов – Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының (ҚазКСР) халық жазушысы, ақын, философ, ғалым, гуманист, публицист, саясаткер және дипломат – жаңа көзқарасқа бастамашылық ететін және өмірді танып білудегі жаңа мүмкіншіліктерін ашатын адам. Ғалым ХХ ғ. 70 жылдарының бірінші жартысында өзінің тарихи-лингвистикалық және философиялық ізденістеріне тіл мен жазбаға бейстандарттық тәсілдеме рухын енгізді. О. Сүлейменов жаңалықты іздеуінде соқыр еліктеу мен догматттық амал қанағаттандырмады. Ол ғылым мен оның нәтижелерін діни догмаларының ұқсауына айналдырылмайтынына сенеді. Оның қоғамдық қызметі де өте маңызды.

О. Сүлейменов анық идеяларымен өзіне керемет тартатын тұлға. Табиғат оны айрықша талант пен тамаша ақылмен бөледі. Ол шағын ерен жүйріктер жасампаз энциклопедистеріне жатады. Лингвистика, поэзия, сын, әдебиеттану, кинематография, философия, халықаралық қатынастар, қоғамтану – оның терең де өзінді ерекшелігі бар ойшыл ретінде көрсеткен білім саласының толық тізімі деп айта алмаймыз. Осы салалардың әр қайсысында біз гуманистің жетілдірудің қажеттілігін сезінетін жаңашыл өзіндік бастамасымен әсерленеміз. Осы сарын оның «Арғымақтар» (1961), Нұрлы түндер» (1962), «Шығудың игі уақыты» (1967), «Мешін жылы» (1967) «Ақ дария аспанында (1970) жинақтарындағы өлеңдерінде, «Қыш кітап (Сына жазулы кітап)» (1969), «Оттың өзгеруі» (1983) поэмаларында және басқа көптеген шығармаларында нанымды шығады.

Атақты орыс әдебиеттанушысы Лев Аннинский: «Ақын мәдениеттер мен дәстүрлердің қиылысында тұр: ол өзінің бойына бақытты түрде бірден көп нәрселерді сыйыстырды: жастықтың жалыны және білімділік, бүгінде поэзикалық стилінде кеңінен тараған ассоциациялық бейнелілік және әлемдік құрылымдарға деген филологиялық құштарлық. Осы Сүлейменовтің айрықша ерекшеліктерінде Пушкин Шоқан Уәлихановпен, Конфуциймен, Тагормен және жергілікті дала күйдіретін өзгешелілігімен кездеседі…», – деп О. Сүлейменовтің поэзиясының тамаша қыр-сырын ашты.

О. Сүлейменов – өз ісінің шебері. Ол еліктіріп жазған кезде тек поэзия емес, сөзсіз он саусағынан бал тамған ақын, сонымен бірге ғылыми, тарихи трактаттар да тығыз байланысты әсем сөзге айналады, тартымды, құпиялы, көрнекті болып шығды. Ал нағыз дананы түсінетін және сезінетін кісі онымен әңгімелескен кезде шат-шадыман қуанышқа бөленеді.    

О. Сүлейменовтің «Қыш кітап (Сына жазулы кітап)» поэмасын француз тіліне аударушысы Леон Робель қазақ ақынының әлемге танымалдылығының себебін былай деп тұжырымдайды: «Олжас Сүлейменовке мәдениеттердің бауырластығы мен халықтардың өзара рухани артуы идеясы бұрынан жақын көрінеді. Ол тарихты белгілердің ауысуы мен өзгерулердің үлкен кітабы ретінде оқығысы келеді. Оның ойынша, жазбалардың, тілдердің және аңыздардың маңызын ашу Адамзаттың Тарихына басқа қырынан қарауға мүмкіндік береді. Алайда Адамзат Тарихы бірыңғай еді, бірақ оған бөліну мен ықтиярлы оқшаулау әбігер енгізді. Осы құштар сезім кітаптың барлық бойынан өтеді және әзіл мен зәрлі пікірталасын тудыратын формасына қарамастан бұл эпикалық шығарма: бөлшектелген әлем көптен бері осындай екпінді үнді естіген жоқ еді – біз Олжас Сүлейменовті Гильгамештің, Гюгоның, Хлебниковтың жалғастырушысы немесе мирасқоры деп мойындаймыз, ұлылықтығы табиғи болатындардың бірі».

Ғалым шежірелерді жинап зерттейді, ол сөз төркіні мен сөздердің шығуын зерделейді. 1962 ж. «Көшпенділер мен Русь» тақырыбы бойынша «Литературная газетада» алғашқы «Тёмные места «Слова о полку Игореве»«Игорь жасағы туралы жырының» күңгірт жерлері»)шығармасы жарықка шықты. Ол әрқашан өз отаны туралы ойлайды, қалыптасқан жағдайлардан барынша ауыртпалықсыз шығудың жолдарын ұсынады.

О. Сүлейменов әлемге әйгілі «Аз и Я. Ізгі ниетті оқырманның кітабы» (кіші адамзаттың жазуы мен тілінің шығуы туралы)(1975) кітаптың авторы. Бұл лингвистикалық еңбекте қазақ ғалымы Ежелгі Русьтің «Игорь жасағы туралы жыр» жазба ескерткішіне (ХІІ ғ.) 60 «көрінбейтін» түркі сөздері енгенін келтіреді. Кейін О. Сүлейменовтің әзірбайжан шәкірті және әріптесі Айдын Мамедов «көрінбейтін» түркі-шумер тілдес сөздердің санын 800 жеткізді. Бірақ екеуіде 1915 ж. неміс зерттеушісі Ф. Хоммель, ассириялық мәдениетін зерделеушісі, шумер тілінің 200 астам сөзі түркі тілімен ұқсайтынын ашқаны туралы білмеген екен. 1000 түркі сөзі көне жазба тілдерге енгені  туралы ХХ ғ. анықталды, осыған сүйеніп Олжас Омарұлы өмірінің басты еңбегін нақты атайды – «1001 сөз».    

Лингвист «Аз и Я» еңбегінде Русьтің көне әдебиеті «Игорь жасағы туралы жыры» негізінде орыс мәдениеті ежелден шығыс, соның ішінде, түркі дала мәдениеттерімен өзара әрекеттескені туралы білімді растады және кеңейтті. Соның дәлелі болып табылады. «Мен  «Игорь жасағы туралы жырды» қостілді оқырманға қостілді жазушысы жазды деп бірінші болып мәлімдедім, – дейді О. Сүлейменов. – Мысалы, орыс және түркі тілдерін игерген автор. Сондықтан, Русьте сол кезде қостілдік болған деп ұйғарамыз. Мен «көрінбейтін» түркі сөздері туралы айтқан едім… Мен, қанша таңырқарлық болмасын, «Игорь жасағы туралы жырының» бірінші қостілді оқырманы болып шықтым», – деп зерттеуші айрықша баса айтады. Сонымен, қазақ ғалымы өз жігерін халықтар мен олардың мәдениетін жақындатуға, адамзаттың дамуының ортақтығын ұғынуына бағыттайды.

Мысалы, ғалым «Аз и Я» зерттеуінде түркі сөзі «төркін» Ежелгі Русьте,Киев мемлекетінде(астана Киев қаласы), шығыс славяндарда (ол кезде орыс, белорус, украин деп бөлінбейтін) кеңінен тарағанын айқындайды. Русь князьдері мен дала әміршілері қыз алысатын. Олар бір-бірінің алдында міндеттемелер алатын, құда ретінде сыйласу және басқа да серттер, керек болса сыртқы жаудан қорғау. Бұл дәстүр әлі күнге дейін бізде, қазақтарда, бұзылмай сақталынып келеді. О. Сүлейменовтің зертеуінше, дала әміршісі өзінің қызымен (славяндардың қалыңдығы – княздің жұбайы немесе келіні) бірге қоса бірнеше ондаған қызмет жасайтын адамдарды жібереді, яғни қалыңдықтың төркіні. Енді осы князьдің жұбайының  (келінің) төркіндері күндіз қандасына қызмет жасап, түнде өздеріне бөлінген жайларына (қаланың шетінде) оралады. Сол мекен орысша «торкин, торчин, торки және т. б.» (төркін) деп аталынып кетті. Лигвист қазіргі Украинаның түпкір-түпкірлерінде түркі сөзі «төркінмен» түбірлес 17 атауларды келтіреді: Торчиново қалашығы, Торское селосы, Торч, Торчин шатқалдары, Торчанка өзені, Торчица өзеніндегі Торчица селосы, Торчевский степак селосы, Торча өзені, Торчицкое жотасы, Волындағы Торчин қаласы, Чёрная Русьтегі Торчицы селосы, Подолиядағы Торчин және Торков қалалары, Галициядағы Торки қаласы, Сокал және Самбор жерлеріндегі Торки және Торчиновичи селолары. Көріп тұрмыз, бұдан  мың жылдай бұрын Русь (шығыс славяндар) пен даланың  құдалығы қаншалықты кеңінен тараған.  

Ал енді «ребус», «собака», «брак», «бумага» және басқа да 60 сөзді Олжас Омарұлы түркі сөздері деп ғылыми түрде дәлелдейді. «Ребус» – керісінше оқығанда  «су бер», «собака» → «бак» деген түбір түркілердің «бақ, бағу» деген сөзі, «брак» (неке қию деген мағынада) – түркі «бірақ» (бірігу) деген сөзінен шыққан, «бумага» – қазақша «бума», «бумаға». Ал Москвадағы Арбат көркі көшенің аты түркі «арба ат» сөздерінен жасалынған.    

Осындай сарын О. Сүлейменовтің «Жазу тілі» (тарихқа дейіңгі мәдениетке көзқарас) (1998), «Қиылысатын параллельдер» (түркіславистикаға кіріспе) (2001), «Тарихқа дейінгі түркілер» (көне түркі тілдері мен жазбалардың шығуы туралы) (2002), «Сөз коды. «1001 сөз» әмбебап этимологиялық сөздікке кіріспе» (2013)ғылыми туындыларында да бар. Ғалым «1001 сөз» атты үлкен этимологиялық сөздікті (жазу мен таңбаның тарихы туралы шығарма) баспадан шығаруын дайындап жүр.  

Ақынның өлеңдері мен поэмалары ағылшын, француз, неміс, испан, әзірбайжан, өзбек, якут, украин, чех, поляк, словак, болгар, венгр, монғол және түрік тілдеріне аударылған. 1970 – 1990 жылдары оның шығармаларының әр кітабының таралымы бірнеше жүз мың данамен басылған. 

Олжас Омарұлы Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының (ҚазКСР)  Абай атындағы Мемлекеттік, Қазақстан Ленин комсомолы, Бүкілодақтық Ленин комсомолы, Күлтегін атындағы және «Түркі әлеміне үлесі үшін»  (Түркия Республикасының) халықаралық, Қазақстан кәсіпкерлерінің тәуелсіз «Тарлан» сыйлықтарының иегері.

Соңғы жылдары көпті көрген Олжас Омарұлы уақытының тығыздығына қармастан ақын және философ, публицист, саясаткер ретінде өз ойларын түрлі формада тұжырымдап жазды – жеке мақалалар, БАҚ сөздері мен әңгімелерінен бастап ірі ғылыми зерттеулерге дейін. Былай ойлап қарасаң, қай уақытта ол осының бәрін істеп үлгіреді деп таңғаласың. 2004 жылы О. Сүлейменовтің 7 томдық (8 кітап) шығармалар жинағы жарық көрді.

Біздің ойшылымыз әлем мен еліміздегі маңызды оқиғаларына немқұрайлы қарамай, барынша белсенді қатысып жүр. Ол мәдениеттің қорғаушысы және халықтың мәдениеті неғұрлым жоғары болған сайын оған басқа елдер ізгі құрметпен қарайтынына, сол мәдениет келесі ұрпақтарға құнды болатынына сенеді.

О. Сүлейменовтің тартушылығы осы бірігей адам мен ойшылдың тұлғасы мен тағдырымен байланысты. Өмір оның шығармашылық дарындылығының дамуына әдейі кедергі жасайтын жағдайларына апарып тұрғандай. ХХ ғ. қайшылығы миллиондаған адамдардың өмірін қиды, солардың ішінде Омар Сүлейменов – Олжас ақынның әкесі. Ұлы Отан соғысы, балалық кезіндегі соғыстан кейінгі қатерлер. Қаншалықты қиыншылықтарды төзді келешек ақын. Ол өжеттік пен төзімділікті, дербестік пен мақсаттылықты көрсетіп, барлық кедергілерді жеңді, Жыршы, әлемнің Гуманисі, өз елінің нағыз Азаматы.

Осыған О. Сүлейменов еңбексүйгіштіктің өзіне және өзінің мақсатына деген беріктіктің нәтижесінде жетті. Жастарға оның өмірі келешек үшін, әдебиет пен мәдениеттің, туған халқы және бүкіл адамзаттың игілігі үшін қызу күресі ғибрат болады.  

Адам рухының шын құндылығы болатын даналық өзінің шығармашылық пен өмірден алған білімінің нәтижесін қолдану қабілеттілігі болу. Олжас Омарұлының кемеңгерлігі және дарыны заманымыздың жарқын тұлғаларының бірі болатынын көрсетеді.

Бір салада білімсіз болып, басқа аяда мәдениетті болуы мүмкін емес деген әділетті пікір бар. Мәдениеттің түрлі формаларын сыйлау – нағыз мәдениетті адамның белгісі. О. Сүлейменов – осындай кісілердің бірі.

Олжас сияқтылар – барлық уақыттырда сирек кездесетін тұлғалар. Олар адамзаттың барлық ұрпақтарының әсерленушілігін түсінетін абзал жан және парасаттылар. Неміс ұлы ақыны Г. Гейне: «Егерден әлем бөлінсе, онда жарық ақынның жүрегінен өтер еді», – деп айтқан болатын. Даусыз, бұл нағыз ақындардың қасиеті, сондайдың бірі біздің О. Сүлейменов болады. Ол ешкімге, еш нәрсеге немқұрайлы қарамайды. Не туралы айтпасада уақыт пен адамзаттың тағдыршешті мәселелеріне қамқорлықпен әрекет ететіні ақын мен данышпанның терең ойлары екені көрінеді.    

О. Сүлейменов зұлымдықтың барлық білдірілуіне, кім болмасын жасаған әділеттсіздікке, адамгершіліксіздікке, сүреңсіздікке, тоқырап қалуға қарсы шығады, надандықпен күреседі, өнегелі жетілуге шақырады. Ол, менің ойымша, өзі ұялатындай ешқандай тірлік жасаған емес.

Олжас Омарұлы адамзатты планеталық ойлауға және халықаралық диалогқа шақырады. Әлемде бес мыңнан астам халық бар. Әр қайсысы бір ұлтты басқа этностардан бөлектейтін ұлттық өзіндік сана-сезімінің формасын қалыптастырады. Осылардың бәрі жікке бөлінуге әкеледі. Осындай құбылыс О. Сүлейменовті саясаткер мен гуманист ретінде тынышсыздырады.

«Әр зтностың ұлттық және діни сана-сезімі болады – және олардың осы дүниені жекешеленіп сезінуі белгілі дәрежеде бір-бірінен ажыратады. Бүгінгі адамзат – оқшаулайтын сана-сезімі бар тайпалардың жиыны. Бытыраңқылықтан, келешек соғыстардан құтылу үшін біріктіретін, бүкіладамзаттық, планеталық сана-сезімді қалыптастыру қажет», – деп айрықша баса айтады О. Сүлейменов.

Саясаткер О. Сүлейменов бізді, Жер планетасындағы барлық адамдарын, планеталық сана-сезімі бөлек элементтерден тұратын бүкіладамзаттық сана-сезімнің ең жоғары формасы деген ойға жетелейді. «Әр елде планеталық сана-сезімі барадамдар аз емес. Олар кездесіп тұру керек, бірігіп Homo Sapiens халықтың ұжымдық сана-сезім нормасын қалыптастыру қажет». Сонымен, ғаламдану дәуіріне О. Сүлейменов кейбір пайдакүнем және жауыз, екіжүзді және атаққұмар адамдар сияқты қауіптеніп қарамайды. Қазақ философы Ш. Айтматов және басқа да алдыңғы шептегі ойшыл мен саясаткерлер сияқты жаһандандыруды шығармашыл түрде қабылдайды, Шығыс пен Батысты, Солтүстік пен Оңтүстікті бір халыққа – бір адамзатқа – бірлестіретін сана-сезімніңинтеграциялық формасын қалыптастыру қажет екендігіне шақырады.

Шығыс та, Батыс та –

Көктегі бір әлем.

Шығыс та, Батыс та –

Бір әкенің ұлдары.

Шығыс та, Батыс та –

Күннің шығысы мен батысы.

Шығыс та, Батыс та –

Үлкен Жер деген ұғым –

Бір адамзат!

(Аударған У. Абдыханов)

 

Нет Востока, И Запада нет.

Нет у неба конца.

Нет Востока, И Запада нет.

Два сына есть у отца.

Нет Востока, И Запада нет.

Есть восход и закат,

Есть большое слово – ЗЕМЛЯ!

 

Өкінішке орай, О. Сүлейменовті біраз азаматтар түсінбей жүр. Бірақ орыстың ұлы жазушысы Н. Гоголь: «А. Пушкин – дамып келе жатқан орыс адамы, толығымен оны екі жүз жылдан кейін түсінеміз», – дегенді. Осылайша бізде Олжас Омарұлын бағалармыз. Дегенімен, О. Сүлейменовтің ұлылығы мен әсерін қандастары ғана емес, бүкіл прогрессивтік адамзат сезінеді.  

 

Абдыханов Уалихан Кибраевич – доцент, филол.ғ.к.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, қазақ және әлем әдебиеті кафедрасы

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика