«ОЛ ӨМІРДЕ БІРЕУ ҒАНА…»

«Ол өмірде біреу ғана…»

 

tories/marat.jpg» width=»448″ height=»336″ alt=»marat» style=»float: left;» />Өмірде тек біреу ғана болатын кім деп отырған шығарсыз. Біз басқа емес жан біткенге қадірлі – анаңызды айтып отырмыз. Бәрі де біреу ғана дегіңіз келіп отырған шығар. Әлбетте, бәрі де біреу. Ал ананың мейірімі тек жалғыз ғана. Және ол таусылмас қазына.

«Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды». Жасымыз, кәріміз бәріміз жақсы көретін ән. Ән халықтың әніне айналды, дау жоқ. Өйткені ол АНАҒА деген түпсіз терең махаббаттан туған. Өйткені оның сазгері, әнші Марат Омаров ана деген ұлы есімді ардақтаудан жалыққан емес.

Шын жүрекпен шырқалған әннің құдіреті болар бүгінде бұл ән әлемнің 8 тілінде шырқалады екен.

 

 «АНА» деген ұғымның, асылда ардақты жанның орнының ерекшелігін, қадірінің қашанда жоғары тұратындығын тағы бір дәлелдеп, елдің санасына сіңіруді мақсат еткен сазгер Марат Омаров мамырдың мамыражай кешінің бірінде Шымкенттегі сәулетті ғимараттардың бірі «Түркістан» сарайында «Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды» атты ән кешін өткізді. Сазды кешін сазгер Сұлухан есімді анасының 90-жасқа келген құрметіне арнады.

90-жасқа келген Сұлухан апаның құрметіне орай өзінің немерелері де ән шашуын ала келді. Зарина Омарова, Бибімариям Омарова және Азамат Омаровтар әкесінің соңынан еріп киелі сахнада ән салды. Сол кеште Марат Омаровтың патриоттық әндері жаңғырып, «Түркістан» сарайына жиналған көрермендердің кеудесіндегі Отанға деген сүйіспеншілікті шымырлатып оятты. Зарина Омарова өзінің назды, нәзік, әсем үнімен жиналғандардың жандарын жайландырды. Азамат есімді Марат Омаровтың ұлыда әке жолынан алыстамапты. Сазгерлік пен әншілікті қатар өрістетіп келе жатқан Азамат әжесінің мерейтой құрметіне өзі шығарған әндерін тарту етті. Одан кейін әлемнің түкпір-түкпірін аралап, түрлі байқаулардың жеңімпазы болып, Голливудтық байқаулардада бақ сынап жүрген Сұлухан апаның немере қызы Бибімариям еуропалық стильде ән шырқап әнсүйер қауымның бүлдіршіндерін сахна төрінде билетті.

Омаровтар әулетінің өнерін ортаға салған сазгер өзіде сахнада ұл-қыздарымен бірге ән салды анасының 90-жастық мерекесіне арнап.

Көпшіліктің көңілін өзіне аудара білген сазгер бірде «Арман қала – Астана», «Тәуелсіз Қазақстан» деп рухты әндерімен әнсүйер қауымның жүректеріне «менің Елім» дегендей мақтаныш сезімін ұялатса, бірде Мейрамбектің бала кезінде орындауымен талайдың ойында сақталған, талайдың жанын тебіренткен «Алғашқы махаббат», «Қыз сыны» секілді жұмсақ әрі жағымды әуендерімен отырғандардың жүректерін бір толқытып өтті. Біразы өткен щақтың артта қалғандығын әуенмен елестетіп отырғанымен әннің құдіреті, шынайылығы мен қарапайымдылығы әлі сол баяғы ескірмеген қалпында…

Кеш соңында Марат Омаров сахна төріне анасы Сұлуханды жетектеп шықты. Жетектеп жүріп «Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды» атты танымал әнін анасымен қосылып тағы да бір қайталады. Баласының өзіне арнаған әніне деген разылығы болар, Сұлухан апада жан жүрегімен соңына дейін айтып шықты әнді.

Мен әкемді көрмегенмін. 1-жасымда, әлі ес білмейтін шағымда асқар тауым өмірден озған екен. Одан кейін әкенің орнын жоқтатпаған, аялы алақаны бар анамның тәрбиесінде өстім. Расында да анасы барлар қартаймайды. Қандай құрмет көрсетсекте ананың қарызынан құтылу мүмкін емес. Сол үшін өмір бойы мейіріміңе алып, анаңды арқалап өтсеңде артықтық етпейді. «Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды». Бұл менің өмірлік тақырыбым. Десе де бұл бір әнмен мен анамның алдында биік бола алмаймын. Себебі, сазгер ұлды өмірге алып келген осы жан, ол өмірде біреу ғана. Сазгер осылай деп сахна төрінде ағынан жарылды.

 

Р.S. «Жүрегім жыр толғайды,

Көңілім ортаймайды,

Анасы бар адамдар,

Ешқашан қартаймайды»-демекші құрметті оқырман қауым шыныменде анасы бар жандар қартая алмайды. Ал, аналарға көп нәрсе керек емес, баласы аман болса болғаны. Сізде асылыңызды-анаңызды сазгердей қадірлеңіз, құрметтеңіз, аялап өтіңіз. Ол өмірде біреу ғана… Анаңызға нендей құрмет көрсетсеңізде артықтық етпейді.

 

Ж.Шынарбекұлы

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика