ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП

Электронды дәуірдегі дәстүрлі кітапхананың ағартушылық қызметі ерекше. Осыған орай, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаев  еліміздегі барлық мектеп кітапханаларындағы кітап қорын жаңарту мен  толықтырулар енгізу аса маңызды екенін айтқан болатын.

Мектеп – мәдени орта болса, мектептің қазынасы – кітапхана.  Осы рухани орданың бүгінде орны бар да, өкінішке орай, оқырманы жоқтың қасы. Осыған орай, «Амангелді атындағы жалпы білім беретін мектебі» оқушылырды кітап оқуға баулып, әрбір мектеп жасындағы бала оқуға тиіс кітаптардың жоспарын тізген болатын. Осы кітаптарды оқып, көңілге тоқыған баланың қатарының алды болары сөзсіз.

Бауыржан Момышұлы, «Ұшқан ұя».  Қаймағы бұзылмаған қазақ ауылының мінезі мен болмысын көркем  суреттейтін туындыны қай қазақтың баласы болмасын оқып,білуі керек. Патриот адамның елге, жерег деген сүйіспеншілігі тұтас осы туындыда тоғысады.

Мұхтар Мағауин, «Аласапыран». Кітап тұны тұрған тарихты бейнелейді. Бір ғана кейіпкердің өмірін негізге ала отырып,  тұтас бір дәуірдің мемлекеттік құрылымын, қазақ халқының ұлттық санасы жайында сөз қозғайды.

Оралхан Бөкей, «Қар қызы». Соғыстанк кейінгі ұрпақтың қасіретімен қатар, тағдырлас адамдардың қиын да қауіпті тапсырма орындау барысындағы шытырмандары баяндалады. Сонымен қатар, әңгіме мифтік, фантастикалық жанрға да жақын. Кітап тек балалар мен жас-өспірімдерге ғана емес,  қиял әлемінен ажырамаған ересектерге де арналады.

Мұхтар Әуезов, «Қорғансыздың күні». Бұл әңгімеде жылдар бойы өмір сынақтарынан өтіп, қанша азап шексе де мойынсынбаған адамның асыл рухы мен оның ұлылығы бейнеленеді.

Сайын Мұратбеков, «Жабайы алма». Қарапайым қазақ ауылының тынысы мен тіршілігі, жастардың биік мұраттарға ұмтылысы сөз болатын кітап қанша жылдан бері өзінің өміршеңдігімен оқырман жүрегінен орын алған.

Ұларбек Нұрғалым, «Дайағашы». Қазақтың көмескіл тартып, ескіріп емес, ескерусіз қалған салт пен дәстүрді дәріптейтін нағыз қазақи құнды кітап. Кітап ілгерідегі қазақ тұрмысы мен тіршілігін, ұмыт қала бастаған мінездері туралы.

Жандарбек Бұлғақ, «Сөз менеджменті».  Сөзін көркем, әсерлі жеткізгісі келіп, сөздік қорын байытқысы келетін жастарға таптырмайтын құрал. Кітапты оқып, шешен сөйлеуді үйренуге болады. Ұнаған, көңілге жаққан сөздер мен тіркестерді түртіп алып, қойындәптерге жазу адам жадына көп көмегін тигізеді.

Жаз айы балалар үшін шығармашылықпен айналысуға таптырмайтын мүмкіндік.Ұнаған, көңілге жаққан сөздер мен тіркестерді түртіп алып, қойындәптерге жазу адам жадына көп көмегін тигізеді.

Ж. АЙМУРЗАЕВА

«Амангелді атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ бастауыш пән мұғалімі

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика