Көмірді сату орындарының саны жетіге жетті

Шымкенттіктердің көмірге қажеттілігі 66 мың тоннаны құрайды. Бүгінгі күнге дейін қалаға 116 мың тонна көмір тасымалданған. Қоймаларда 25 мың тонна көмір қоры бар.

Алайда, жақын маңда орналасқан елдімекендердің де қысқы отынды Шымкенттен таситынын ескеру керек. Тіпті, тапшылық туындап жатады. Сондықтан да қалалықтардың ерте қамданғаны жөн.
Айта өтейік, 1 тонна көмірдің бағасы 14 750 — 15 100 теңге аралығында сатылуда. Оған тасымал құнын тағы қосыңыз. Қатты отын қалтаны қағары жасырын емес.

Қыс — қыр астында. Қазан айының екінші жартысында жылу беріледі. Ал қатты отын жағатындар жылу пештерін ертерек тұтады. Сондықтан да ссы сәттен бастап, жылыту маусымына қамданыңыздар.

Күн суығанда азаматтардың көмірді жаппай сатып алуы көбейеді. Кезекке тұрып, күнұзақ күтіп қалуыңыз бек мүмкін. Мұндай жағдай орын алмауы үшін осы сәттен бастап тұрғындарды көмір алуға шақырамыз.

 

Шымкенттіктер биыл көмірді 7 жерден сатып ала алады:
1. ЖК «Пернебаев» — Қызылсай темір жол станциясы;
2. ЖК «Құралбаев» — Қызылсай темір жол станциясы;
3. «Азамат Мұнай» ЖШС — Қойкелді батыр көшесі, номерсіз;
4. ЖК «AVZ-NRADE» — Сайрам тұрғын алабы, Яссауи көшесі, 650;
5. ЖК «Arganat» — Клара-Цеткина көшесі, 159;
6. «VIP-M» ЖШС — Қойкелді батыр көшесі, номерсіз;
7. ЖК «Қошжанов» — Момынов көшесі, 26.

Байланыс нөмірлері:
54-96-54
8775 833 31 38 (Әл-Фараби ауданы)

53-03-20
87071638292 (Абай ауданы)

43-31-09
8702 670 33 00 (Еңбекші ауданы)

77-46-18
8771 828 40 74 (Қаратау ауданы)

Еске салайық, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев биыл көмір бағамы былтырғы деңгейде ұстап тұр. «Мысалы Шұбаркөл разрезі былтырғы бағаны төмендетті. Былтыр 6 264 теңге болса, биыл 6 160 теңгеден сатып жатыр. Қалғандары тұрақты былтырғы бағамен ұстап тұр. Қазақстан темір жолымен де келістік. Олар да тарифті өсірмейтін болды. Ең төмен баға Солтүстік Қазақстан облысында бір тоннасына 14 мың 500 теңге болса, Батыс Қазақстанда 21 600 теңгеге дейін жеткен. Ақмола облысында Атбасарда «Қаражыра» көмірі 14 мың мың теңге, «Шұбаркөл» көмірі 15 мың теңге, Степногорскте «Шұбаркөл» көмірі 22 мың теңге, ал ең шалғай ауылда 25 мың теңгеге дейін барады», — деген болатын.

Сондай-ақ, ауылдарға көмірді қолжетімді бағамен жеткізу үшін әкімдіктермен және жүк тасу компанияларымен жұмыс жүргізіліп жатыр. 2022-2023 жылдарға коммуналдық-тұрмыстық қажеттілік пен халық үшін көмірдің қажеттілік жоспары әзірленді. Осы жоспарға сәйкес тұтыну көлемі шамамен 9,6 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға – 2,6 млн тонна, тұрғындарға – 7 млн тонна.

«Разрездерде көмір толық мөлшерде бар, көмірді өндіру жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр, разрездердегі көмірдің бағасы өткен жылғы деңгейде қалуда», — деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика