Баланы ұрсаң-ынжық болады, еркелетсең есіріп кетеді

Бала тәрбиесі

                 

Ата-ананың ең басты міндетінің бірі –балаға дұрыс тәрбие беру. Мамандардың айтуынша, қазір

Осы орайда, бала тәрбиесіне кіріспес бұрын сәбилік болмыстың қандай екендігін ескерген жөн. Жас бала көргенін бірден қабылдайды. Өйткені ол қолданылмаған дыбыс таспасы секілді. Таспа қалай естіген нәрсесін бірден қабылдайтын болса, бала да дәл солай естіген және көрген нәрсесін бірден қағып алады.

Бала тәрбиелеудегі басты өлшем – үлгі болу.

Фотоаппарат алдында не болса соны қатесіз түсіретіні сияқты бала да дәл солай ата-анасының жақсы және жаман әрекеттерін, айтқан сөздерін қайталайды. Қолында темекісі бар әке баласына «темекі шекпе» десе, құмар ойын ойнайтын әке баласына қанша жерден «құмар ойнама» десе де, бұл тек ауада қалықтаған дауыс қана болып қалмақ.

 

Бала тәрбиесі немқұрайлылықты кешірмейді. Бұл күнделікті жауапты міндет. Әлі ақ пен қараны ажырата алмайтын баланың психологиясына ата-ана айтқан ескертулер теріс әсерін тигізуі мүмкін. Ата-аналар бала тәрбиесінде өздері байқай бермейтін қателіктер жіберіп жатады.

Біріншіден, ата-ана бала мінез көрсеткенде  онымен жақсы қарым-қатынас орната алуымаңызды. Егер ата-ана бүлдіршіндеріне қатты сөйлеудің орнына байыппен түсіндірсе ол әлдеқайда жақсы нәтиже береді. Сондықтан балаңызбен неғұрлым жақын болатын болсаңыз, сіздің бойыңыздағы жақсы қасиеттерді іс-әрекетіңізден, әңгіме арасынан өз бойына сіңіреді. Ал қарым-қатынас нашар болатын болса, айтқан сөзді бірден сын түрінде қабылдайды. Соның салдарынан белгілі бір уақыттан кейін ата-анамен араласқысы келмейтін жағдайға дейін жетіп жатады.

Екіншіден, гаджет қазіргі уақытта баланы жұбатудың басты құралына айналып кетті. Бала тыныш отырсын, жыламасын деп смартфоннан балаға мультфильм қосып береді. Бірақ уақыт өтекеле бала сол телефонға тәуелді бола бастайды. Әрине соңы жақсылыққа әкелмейді. Сондықтан да ешқандай гаджет ата-ананың орның толтыраалмайды. Ертеңгі күні баланың бар көңілітелефонға ауып кетпеуі үшін, қазірден бастапбелгілі бір шектеумен қолдануға рұқсат беру керек. Баланың ең қызықты, бақытты кезі телефонменойнаған уақыт емес, ата-анасымен өткізген уақытыболуы керек. Сол кезде гаджетке тәуелділіктенқорықпауға болады.

Әдетте ата-аналар ұл-қызын дұрыс тәрбиелеу үшінқатал ұстағанды жөн санайды. Кей отбасындабаланы ұру, күш қолдану тәрбиелеудің бір түрінеайналып кеткен бе дерсің. Тіпті ұрып тәрбиелеудіжақтайтындар да бар. Олар бұл әрекетімен бала бойындағы жауапкершілікті арттырып, тәртіптіқалыптастырамыз деп ойлайды.

 

 Баланы мүлдем ұрып тәрбиелеуге болмайды.Баланы ұру уақытша ғана, қысқа мерзімдегі тиімдішешім. Бірақ одан кейінгі салдары ата-ана үшін де, қоғам үшін де ауыр болады.

Бала екі түрлі дамиды. Біріншіден ол бала өзінесенімсіз, қорқақ болып өседі. Екіншіденагрессивты, ашушаң, ренжігіш болады. Сондықтанбалаңызға мейліңше қол көтермеген жөн.

Бала тәрбиесіауыр да үздіксіз еңбек екенінбәріміз де білеміз. Ал ерке бала болса тіптен қиын.

Баланың таңдауымен санасқан дұрыс. Бірақ шешімді ата-ана қабылдауы керек. Сонымен қатар, «бұл біздің үйдің еркесі» деген түсінікті өзгерту керек. Үйдегі балаларды үлкен-кіші деп бөліп-жарып қарауға болмайды. Сол себептен бәрінебірдей көңіл бөліп, бірдей еркелеткен дұрыс. Еңжаманы туған бауырлардың арасында қызғанышсезім пайда болады. Баланың барлығысүйіспеншілікке, мейірімге мұқтаж. Сондықтан жасерекшелігіне сай бірдей еркелетіп қарау керек.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика