2023-02-09

«КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ» ЭСТАФЕТАСЫ ҚОРТЫНДЫЛАНДЫ

Spread the love

«Көк тудың желбірегені» эстафетасы қорытындыланып, үздіктер марапатталады. «Серпіліс» қоғамдық қоры мен Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасының қолдауымен Тәуелсіздік құндылықтары, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, патриоттық сезімдерді тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерге деген терең құрметті қалыптастыру мақсатында «Үздік пост», « Үздік ролик», «Үздік іс-шара» байқауын жариялаған болатын. Үздіктер марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталады.

«Үздік ролик» байқауының жеңімпаздары:

Бас жүлдені  Самат Мырзалиев пен оның ұландары жеңіп алды! «Патриот әке» балаларын жетектей отырып, тұғырлы тудың қадыр-қасиетін ұғындырған.

1-орынды  «Зияткер» мектебі жеңіп алды. Жекеменшік білім ордасының ұжымы отансүйгіштік мектептен басталатынын бейнелей отырып, 4-сынып оқушысының Отан деп соққан жүрегінің лүпілін көрсете білген.

2-орын   Ұлттық арнаның Шымкенттегі филиалының операторы Нұрлан Нұрбековке бұйырды. Көк туды қиранды астынан алып шыққан жігіттер жайында патриоттық ролик дайындаған.

3-орынды Асанбай Асқаров атындағы №77 мектептің оқушылары жеңіп алды. Дарынды балалар Шымкент қаласының әдемі орындарын көк туды көтере аралап, әдемі ролик жасап шыққан.

«Үздік іс-шара» байқауының жүлдегерлері:

Бас жүлдеге лайық деп  Ыбырай Алтынсарин атындағы №65 мектеп гимназиясы танылды! Ұжым арнайы іс-шара ұйымдастырып, патриоттық әндер байқауын жолдаған. Жылдың ең үздік іс-шарасы деп танылды.

1-орынды Космодемьянская атындағы №23 мектеп –лицейі жеңіп алды! Білім ордасындағы оқушылар парламенті көк тудың шығу тарихынан бастап, орналасқан әрбір тұғырына тағзым етіп келген іс-шарасымен жүлделі орынды жеңіп алды.

2-орын  Ахмет Байтұрсынов атындағы №50 мектепке бұйырды. Жоғары сынып оқушылары патриоттық рухта ән айта отырып, еліміздің көк туы мен елтаңбасын, кең байтақ жері бейнеленген картасын сапқа тұрып, суреттеп берген іс-шарасымен жүлделі орыннан көрінді.

3-орынға Төлеген Тәжібаев атындағы №47 мектеп лайық деп тагнылды. Байқауға арнайы флешмоб ұйымдастырып , мектептің ұйымшылдығын көрсете білген.

«Үздік пост» байқауы бойынша:

Бас жүлдені  Есбол Асылбеков, №21 мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Ұстаз  18 пост жариялап, көк байрағымыздың тарихын баяндай отырып, сауаттылығымен көптің көңілінен шықты. Мамандығына деген сүйіспеншілігі арқылы патриот өрендер тәрбиелеп жатыр.

1-орынды байқаудың ережелерін орындай отырып, өткір тілімен мақала жазып, көпке ой салған жас журналист Сағындық Жанысбаев жеңіп алды.

2-орынға Айдана Батырхан лайық деп танылды.  №4 мектептің мұғалімі он бес пост жариялап, танымдық видеолары арқылы жеңімпаз атанды.

3-орын журналист Руслан Полатбекұлына бұйырды. Танымды ақпараттық он бес пост жазып, көк тудың желбірегені байқауының ережесін орындаған.

Биыл сондай-ақ, эстафетаға белсене қатысқандарға арнайы номинация берілді, «Жігерлі жан» номинациясымен Ермек Қалымбетов, «Өнегелі әке»номинациясымен Асхат Мауленов, «Парасатты әже» номинациясымен Баян Рымбекова марапатталды. Номинацияның қомақты қаржысын «Сеніммен болашақ» ата-аналар қоғамдық бірлестігі тағайындады. Қоғамдық бірлестіктің жұмысы отбасы институтыныі дамуына серпіліс әкелді. Сахна төріне «Сеніммен болашақ» ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының директоры Асқар Көпеев шығып, номинация иегерлерін марапаттады.

Сондай-ақ, «Көк тудың желбірегені» эстафетасына белсене қатысқандар арнайы Алғас хатпен марапатталды.

Яндекс.Метрика