
Шымкент қаласының 11- ші шағын ауданына қарасты гүлзардың құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді. Нысанның ашылуына қала әкімі Мұрат Әйтенов, мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері, жергілікті тұрғындар қатысты. Халықты жаңа гүлзардың ашылуымен құттықтаған шаһар басшысы, демалыс аймағын күтіп ұстаудың маңыздылығына тоқталып өтті.


Тұрғындар қалада абаттандыруға байланысты атқарылып жатқан жұмыстарға алғыс айтып, ақ жаулықты аналар бата берді. Қала әкімі бастаған қонақтар гүлзар аумағына тал көшеттерін екті.
Жаңа гүлзар ерекше үлгіде салынған. Жауапты мамандар, бұл демалыс орны, әсіресе кешкі уақытта әсемдене түседі дейді.

