2024-07-27

D дәрумені тапшы адам ұзақ өмір сүреді

tories/01/imagescabo9vy4.jpg» width=»325″ height=»188″ />Ұзақ жасаудың тұқым қуалауы – адам ағзасында D дәрумені деңгейінің аз болуынан. Мұны еуропалық 380 отбасының мәліметтерін зерттеген канадалық және нидерландылық ғалымдар анықтады.

tom: 0pt;»> Мамандар жасы 90-нан асқан кемінде екі өкілі бар әулеттердің бар­лығы 1038 адамының мәліметін тал­даған. Нәтижесінде ұзақ жасаған 461 адам іріктеліп, олардың өмір салты арнайы бақылауға алынды. Адам­дардың дәрумендерді тұтынуы, күнге және жасанды сәулеге қыздырынуы, жақындарымен қарым-қатынасы есепке алынды. Олардың ағзасындағы D дәруменінің 25 түрлі деңгейі адам­дар өмірінің әр айына қарай жіктелді. Зерттеудің қорытындысы бойынша ғалымдар бұл еуропалықтардың ұзақ жасауына ағзадағы D дәрумені мен гендік өзгерістер себеп болғанын жорамалдады. «Жасы 90-нан асқан туысы бар от­басы мүше­лері­нің ағза­сында D дә­­­ру­мені дең­гейі аз болып шықты. Оларда осы дәруменнің жиналуына түрт­­кі болатын CYP2R1 генінің ва­риациясы сирек байқалды», – дейді зерттеуші Диана ван Хемст. Бұдан бұрынырақта ғалымдар ағзада аталған дәруменнің тапшылығы жүрек-қан тамырлары, жүйке аурулары мен қатерлі ісікке себеп болатынын айтатын. Мына зерттеу бұл тұжырымды жоққа шығарып отыр.

tom: 0pt;»>massaget.kz

tom: 0pt;»>{jcomments on}

tom: 7.5pt;»> 

Яндекс.Метрика