2024-07-27

Жаңғақ жемісінің шипасы

         alttories/ica9u45uu.jpg» width=»186″ height=»166″ />  Жаңғақтар дастарханның сәнін келтіріп қана қоймайды, егер дұрыс пайдаланса олардың денсаулыққа пайдасы зор.Жаңғақ тек дәмді ғана емес, сонымен бірге пайдалы болып табылады. Жаңғақтар құрамындағы пайдалы заттектер жеміс-жидектер, көкөністермен салыстырғанда бірнеше есеге жоғары. Басқа азық-түліктерге қарағанда жаңғақ құрамындағы минералдық заттар- магний, калий, кальций, темір, фосфор және т.б екі есеге жоғары. Барлық түрдегі жаңғақтар А, Е, РР, В тобының дәрумендеріне бай.

Бұдан басқа жаңғақтардың артықшылығы құрамындағы барлық пайдалы заттектер ұзақ уақыт бойында сақталады. Мысалы, жемістер мен көкөністер ұзақ уақыт сақталатын болса, құрамындағы дәрумендер мен минералдық заттектерді жоғалтады.

Жаңғақтың құрамы

Жаңғақ құрамының 60-70% -бұл май, өте пайдалы және сіңімді, жануар майларынан ерекшелігі холестерин жоқ. Ал, 18-21% белоктардан тұрады. Әсіресе күрделі белоктардан. Күрделі белоктар ағзаға тіндердің құрылуына қажет. Жаңғақ құрамындағы белоктар еттегі белок орнын алмастыра алады. Сондықтан вегетерианшылар рационында жаңғақтар болса, белок жеткіліксіздігіне алаңдамауына болады. Және де етке қарағанда жаңғақ құрамындағы темір мөлшері жоғары.

Шоколад немесе бидай ұнына қарағанда жаңғақтар өте калориялы, бұл калория біздің ағзамызға күш пен энергия береді. Жаңғақтарда жеңіл сіңетін көмірсулар аз. Сондықтан жаңғақтарды тіпті диабетиктерге немесе артық салмақтыларға аздан жеуге болады. Кез-келген жаңғақ түрі Е дәруменіне бай, ол холестериннің қан тамырларда холестеринді тор түзілуіне кері әсер етеді. Мұндай дәрумен әсіресе миндаль жаңғағында көп. Жаңа піскен жаңғақтар қуырылған жаңғақтарға қарағанда пайдалы. Жаңғақтарды тұрақты тұтынатын адамдарда инфаркт және кәрілікпен келетін мидың жетімсіздігінің даму қаупін азайтады. Өйткені жаңғақтар мидың қызметін жақсартып, нерв клеткаларының қабығын қорғайды. Аптасына екі реттен 30гр жаңғақ жесеңіз, инфаркт ауруына шалдығу қаупі азаяды. Жаңғақтарды баланың жасына қарап беру керек. Өйткені жаңғақтар ұзақ уақыт қорытылады. Дей тұрғанмен, 5-6 жастан асқан балаларға аз мөлшерден беруге болады.

 Грек жаңғағы

          Құрамы — 75% май, 15% белок, қанықпаған май қышқылдарынан, линол, линолен, пальмитин, олеин және басқа да қышқылдардан және де С, РР, В1, В2 дәрумендері, каротин, темір, йод, кобальт, магний, цинк, медь, эфир майынан тұрады.  Грек жаңғағы атеросклероздың, темір тапшылықты анемияның емі және алдын алады. Грек жаңғағы қандағы қант деңгейін төмендетеді, сондықтан қант диабеті кезінде де пайдалы. Бал қосылған жаңғақ бас қан тамырларының түйілуінің алдын алады, құрамында магнийдің көп болуына байланысты — ұйқысыздықта, стресс кезінде тыныштандырғыш әсер етеді.

Миндаль жаңғағы

         40-70% майдан, 30% белоктан, көмірсу, Е дәрумені,кальций, каротин, 0.8% эфир майынан тұрады.  Құрамында Е дәрумені және кальций мөлшерінің жоғары болуына  байланысты, көздің көргіштігі нашарлағанда, қан аздықта, ұйқысыздықта, асқазан ойық жарасында және асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылағанда өте пайдалы. Мұндай жағдайларда бір ай бойы тәулігіне 10-15 дана миндаль жаңғағын жеу керек. Фосфордың көп болуына байланысты, ой қызметін жақсартады. Бүйректен тас аурулары кезінде де пайдалы.

Арахис жаңғағы

         Арахис жаңғағы құнды тағамдарға жатады: пайдалы және сіңімді. Құрамында көмірсу және қант, 29-35% дейін көп мөлшерде жақсы сіңімді белок, 50%-дан жоғары құнды май, С, Е, Д, РР және де В тобының дәрумендеріне және фосфор, натрий, магний, кальций, калий, темір, цинк, марганец бар.  Әсіресе линоль қышқылына бай, ол склероз дамуының алдын алады. Егер адамның ағзасында линоль қышқылы жеткілікті болса, онда басқа да қажетті қанықпаған май қышқылдары: линолен және арахидон қышқылдары өздігінен түзіледі. Егер мұндай май қышқылдары ағзада жеткілікті болса, онда қандағы холестерин мөлшері қалыпты жағдайда болады.

 Кешью жаңғағы

         Кешью жаңғақтары жоғары құнды белоктарға және майларға бай, көмірсу, крахмал, фитостерол, тағамдық талшықтар және май қышқылдары, Е, РР, В тобының дәрумендері, кальций, магний, фосфор, темір, марганец, 18 түрлі амин қышқылы(оның ішінде триптофан, лизин, метионин, глицин) бар. Қан тамырларының жағдайын жақсартады, мидың қызметін, ас қорыту жолдарының жұмысын жақсартады және де иммунитетті нығайтады.  Кешью жаңғағын үнемі қолданған кезде холестерин деңгейі төмендейді. Сонымен қатар, тромб түзілуінің, атеросклероздың алдын алады, жүректің жұмысын жақсартады және де қан қысымын төмендетеді, остеохондроз және артриттің алдын алады.

 Фисташка жаңғағы

          Фисташканың құрамында көп мөлшерде антиоксиданттар бар, ол жүрек қан-тамыр жүйесінің жұмысын жақсартады, қандағы холестерин және қант деңгейін төмендетеді. Сонымен қатар, асқазан-ішек жолдарының ауруларында, атеросклероз  кезінде пайдалы. Ағзаға күш қуат береді.

 Фундук жаңғағы

          Фундук жаңғағы — өте құнды, тәтті және де сіңімді жаңғақтардың бірі. 70%-ға дейін жоғары құнды майдан, белоктан, амин қышқылдарынан, табиғи қанттан, көмірсу, крахмалдан тұрады. Фундук жаңғағының құрамында 20-ға жуық амин қышқылы, А, С, Е, РР, В тобының дәрумендері және де көп мөлшерде минералдық заттектер (калий, фтор, фосфор, магний, марганец, цинк, натрий, темір, хлор, кобальт, йод) бар. Фундук құрамындағы темір мөлшері, етке, көкөністер мен жемістерге қарағанда бірнеше есеге жоғары.  Е және В тобының дәрумендері жүректің жұмысын жақсартады. Ал Е дәруменінің ерекшелігі ісіктің түзілуі және дамуына қарсы тұрады, яғни фундук жаңғағы онкологиялық аурулардың алдын алады. Фундук құрамындағы заттектер ағзаны тазартатын, ағзадан токсиндер мен зиянды қалдықтарды (шлак) шығаратын қасиеті бар.

 

ЛАУРА Байқонысова, Ұлттық салауатты тамақтану орталығы департаментінің ғылыми қызметкері

Бетті дайындаған: Нұрлан Әлімбаев

{jcomments on}

Яндекс.Метрика