2024-07-27

Туристік агенттікті қалай ашуға болады?

tom: 0pt;»>Туристік агентtories/01/imagescacc2vkg.jpg» width=»237″ height=»199″ />тік ашу Қазақстанда аса қиынға соқпайды. Қаңтардың 30-нан бастап туристік агенттік қызметі үшін кәсіпкерлік лицензиясы қажет етілмейді. Бұл туризмді дамытуға жасалып отырған қолайлы жағдай. Әкімшілік кедергілерді жойылғанына қарамастан бұл сала қай кезде де табысты іс саналып келген. Туризм және спорт министрлігінің есебі бойынша өткен жылы туристік компаниялар 82 миллиард теңге табыс тапқан. Алайда сарапшылар жаңа өзгерістерді оншалықты құп алмай отыр. Олардың айтуынша лицензиялауды тоқтату ісі елімізде жалған туристік фирмалар қатарын арттырып жіберуі мүмкін. Бұған Қазақстан туристік қауымдастығының директоры Рашида Ахметова мынандай айғақ келтіреді: — Жуырда бізге Түркиядағы әріптестеріміз хабарласып, әлдебір астаналық туристік компанияны іздестіріп таба алмай жатқандарын айтты. Компанияны іздеуге ұзақ уақыт пен көп күш сарп еткеніне қарамастан олар бәрібір ол компанияны таба алмады. Ұшты-күйлі, ізім-қайым жоқ. 

tom: 0pt;»>Осындай жәйттерді ескеріп, қазір Қазақстан туристік қауымдастығы отандық туристердің мүдесін қорғау мақсатында тірлігін ашық-айдын жүргізіп жатқан сенімді туристік компаниялардың реестрін түзіп жатыр. Ол жуық арада қауымдастықтың арнайы сайтында жарияланады, Қауымдастық директоры шынайылық пен ашықтыққа негізделген мұндай өзгеріс туристік операторлар мен саяхатшылардың өздері сенім артқан туристік компаниялар туралы толық мағлұматқа ие болуына, олардың тұрғылықты мекен жайы мен басшылары жайлы ақпарды біліп жүруіне мүмкіндік береді. Әрине бұл топқа салық органдарында тіркеуге алынған және сақтандыру компанияларымен келісімшарты жасасқан туристік агентіктер ғана кіре алады. Қауымдастық саяхат барысында кездесетін түрлі жәйттерді алдын ала айқындай отырып, дерек көздеріне құқықтық сараптама жасауға сендіріп отыр. Алайда, жуырда ғана ресейлік «Ланта тур» туристік агенттігі басындағы жағдай бәрбір де ойламаған жерден болатын түріл қиындықтардың бар екенін айғақтап берді. Өйтпесе бұл компания тұтынушылар арасында үлкен сенімге ие болатын. Соған қарамастан туристік агенттік басшысы қолда бар ақшамен ізім-қайым жоқ болып қашып кеткен. Соңғы ақпараттарға сүйенсек, Тайлан, Доминикан Республикасы мен Ветьнамға сапар шеккен бір жарым мыңдай ресейлік өз еліне қайта алмай әуре сарсаңға түскен Туристік агенттікке сенім артқан тағы жүздеген адам шетелге саяхатқа шыға алмай қалған. Алданып қалған саяхатшылардың ақшасын Ресей үкіметі мемлекет есебінен өтеп беруге келісті. Алайда мұндай қамқорлық әр кез бола бермейтіні анық. Ресей бұл қадамға Президенттік сайлауға байланысты ғана барғанын ескерген жөн. Өйткені саясаткерлерге мұндай саяси науқан кезінде сайлаушылардың дауысы бәрінен артық. 

   «Қызмет-Ақпарат»

{jcomments on}

Яндекс.Метрика