2024-07-27

Денсаулыққа қатысты 9 күмәнді дерек

        Бұл материалда «ыстық шайдан өңеш обыры пайда болады», «жүкті әйелдерге аяғын айқастырып отыруға болмайды», «өтпе жел тұмау шақырады» деген сынды денсаулыққа байланысты біраз таласты мәселелердің қаншалықты шындыққа жанасатындығы туралы сөз етіледі.

        Өтпе жел тұмау шақырады
        Өтпе желге әр ел әр түрлі қарайды. Мысалы, еуропа елдерінің көбі бөлменің есігі мен терезесін бір уақытта ашып қойса, тұмау өзін күттіртпей келетіндігін айтса, американдықтар керісінше пәтерде аздап жел болғандығын дұрыс көреді екен.
Негізінен «тұмау жайдан-жай» болмайтындығын түсінуіміз қажет. Әрбір тұмаудың, не тамақ ауруының бір ғана себебі бар — вирус. Жай ғана самал желдің өзі бір адамнан екінші адамға микроорганизмдерді белсенді тасымалдайды, яғни өтпе жел вирустың ауа жолымен таралуына бірден-бір себепкер. Сондай-ақ ауру туғызатын микроағзалар адам толық сау болған уақыттың өзінде де жұтқыншақта тіршілік етеді. Тыныс жолдарының шырышты қабығы жұтқыншақтағы түрлі вирустар мен бактериалардың ағзаға еніп кетуінен сақтап тұрады.
        Адамның ағзасы өтпе желден суықтап қалса, қан тамырларының тарылып, иммундық жүйеге аз жасушалар тасымалдайтын болғандықтан ауру туғызғыштар белсенді түрде көбейе түседі. Бірақ жылы мен суықтың жылдам алмасып тұруы ағзаның қоршаған ортадағы өзгерістерге тез жауап қайтаруға жаттықтыратындығын ескерсек, өтпе жел бір жағынан пайдалы екендігін көреміз. Салқын ауа жаздың ыстық күнінде ағзаның жылылық соққы алуына жол бермейді. Тұрақты жылы ауада вирустар қозғалмалы суық ауаға қарағанда жылдам көбейетіндігін біліп жүргендігіміз абзал.
        Қорытынды: дәрігерлер әлі күнге дейін өтпе жел туралы ортақ пікірге келмеді. Егер өтпе желді жасау арқылы температураның тұрақтылығын сақтап, ағзаны шынықтырып тұрсақ, ол тұмауға шалдығу ықтималдығын алдын алады.
        Бүлдіршіндерге теңіз жағасында демалған пайдалы
        Баланың демалысы теңіз жағасында өтсе, оның иммунитеті мықты болады деген пікір бар. Сол үшін көптеген ата-аналар балаларын кішкентай кезден бастап жылы жаққа алып барғанды жөн көреді. Сол уақытта ұшақ, не пойызбен жүруге тура келелі. Ал ол баланың денсаулығына айтарлықтай пайдалы емес. Мысалы, ұшақта бүлдіршіндердің құлағы қатты ауырса, пойызбен ұзақ уақыт саяхаттау біріншіден баланы өте шаршатып жіберсе, екіншіден түрлі инфекцияларды жұқтырып алу жағынан қауіпті.
Өмірінің алғашқы үш жылында баланың иммунитеті өте белсенді қалыптаса бастайды. Отбасы тұрып жатқан үйден бастап, бүлдіршінмен қарым-қатынаста болатын ата-анасының, өзге адамдардың терісінде, шырышты қабатында ерекше бактериялар мен вирустар болады. Баланың иммунитеті солардың барлығымен танысып, антидене деп аталынатын ерекше қорғаныш жасушаларын қалыптастыруы қажет. Бүлдіршін үшін микробтық ортаны ауыстыру — стресс туғызатын жағдай. Балалар (әсіресе 1 жасқа дейінгі ) ересектерге қарағанда созылмалы стрессті ғана емес, кез келген стрессті ауыр қабылдайды. Бұндай жағдайлар иммундық жүйенің жұмысын әлсіретеді.
        Ауаның жоғарғы температурасы (25°С бастап) да балаға зиянын тигізеді. Өйткені кішкентай баланың жылу алмасу механизмі толық жетілмеген болғандықтан, олар тез ыстықтап, жылулық соққы алады. Ұзақ саяхаттан соң туған еліне келген бала климаттың өзгеруіне қайтадан үйренуі қажет. Салқындап қалған жағдайда көп бүлдіршіндер асқынған тыныс жолдарының вирусты инфекциясымен ауырады.
        Қорытынды: жасына толмаған баламен ұзақ саяхаттау, әсіресе теңізге бару пайдалы емес. Үш жасқа дейінгі балалармен қала сыртында немесе климат ауыспайтын жағдайда демалу қажет.
tories/energy_m2cc454f1.jpg» width=»200″ height=»212″ alt=»energy_m2cc454f1″ style=»float: right;» />

        Жүкті әйелдерге аяқты айқастырып отыруға болмайды
        Бұл пікірдің «сәбидің аяғы қисық, не маймақ болып қалады» деген мағынасыз түсіндірмесінен өзге, жүктілік кезінде аяқты айқастырып отыру варикозға шалдықтырады деген мағыналы анықтамасы бар.
Соңғысы жай сөз емес. Өйткені Бостондық медицина орталығының мамандары болашақ аналарға арнап жазған «A Guide to Pregnancy, Birth and Babies» брошюрасында акушерлер жүкті әйелдердің 7 мен 9-шы айлар аралығында аяқтарын айқастырып ұзақ отырмауға кеңес береді. Екіқабат кезде дененің массасы ауырлап, ісініп жүретін болғандықтан, венаға қосымша ауыртпалық түседі. Сол үшін төменгі жақтың қан айналымы дұрыс болуы үшін мүмкіндігінше аяқты айқастырып отырудан аулақ болған жөн.
        Қорытынды: жүктілік кезінде (7-9 айлары) аяқты айқастырып отыру қан тамырларының кеңеюіне әкеліп соғу мүмкіндігі жоғары болғандықтан мүмкіндігінше ол күйде отырмаған абзал.
        Егер мұрныңа оксолин майын жағып жүрсең, ешқандай ауру жұқпайды
        Егер оксолин жақпа майының нұсқаулығына сенетін болсақ, ол вирусты тұмаудан, конъюнктивиттен, асқынған тыныс жолдарының вирусты инфекциясы мен маусымдық тұмау эпидемиясынан қорғайды. Шындығына келсек, бұл ақпараттың қайдан пайда болғандығы белгісіз. PubMed әлемдік медициналық зерттеулердің базасынан тек 1980-1990 жылдар аралығында кейбір ғалымдардың оксолин жақпа майының вирусқа қарсы тұра алатын әсері бар екендігін дәлелдегісі келген санаулы жұмыстарын ғана табуға болады. Оның өзі қорытынды шешім шығарылмай, бастапқы күйінде қалып қойған. Әлемдік нұсқаулықтарда вирусты ауруларды емдеу үшін тіпті оксолин жақпа майына ұқсас «таңғажайып» жақпа май мүлдем жоқ. Осы саладағы ресейлік бас мамандардың айтуы бойынша, егер оксолин вирустың көбеюін алдан алатын қасиеті бар болса да оны пайдаланғаннан кейін ағзада өзге аурулар туындауы мүмкін. Яғни тыныс жолдарымен кірген микроорганизмдер жақпа майдың жағылған жерінен де терең тұрақтап қалады.

        Қорытынды: оксолин жақпа майының вирустарға қарсы тұратындығы туралы ақпарат еш негізсіз.
        Тамақ ауырып тұрғанда балмұздақ жеуге болмайды 

        Балмұздақ ауырып тұрған тамаққа жергілікті анестезия сияқты әсер етеді. Суық белгілі бір уақытқа жүйке ұштарын «мұздатып» ауруды тоқтатып қояды. Балмұздақтың суық су немесе мұздан ерекшелігі — құрамындағы жоғарғы майлылық тамақтың ауырып тұрған жерлеріндегі шырышты қабатын тітіркендірмей мұздатады. Содан ауырып тұрған адам біраз уақытқа дейін жеңілдікті сезінеді. Бірақ суықтан қан тамырлары тарылғандықтан, бактериялардың ошағына иммундық жүйенің жасушаларын аз жетіп ауруды қоздырып жіберуі мүмкін. Сондықтан дәрігерлер балмұздақтың орнына жалбыз қосылған кәмпиттер соруға кеңес береді. Олар да салқындататын әсер береді, алайда ауруды асқындырмайды.
        Қорытынды: балмұздақ ауруды тек уақытша ғана жеңілдетіп, жергілікті иммунитетті төмендетеді.
        Жасыл/өскіндері бар картопты жеуге болмайды 

        Алқа тұқымды өсімдіктердің барлығы, сонымен қатар, картоп та соланин деп аталатын улы заттан тұрады. Ол тұқымды паразит саңырауқұлақтардан қорғап тұратын зат. Тіпті піскен картоптан да оның іздерін табуға болады. Алайда, ол болмашы ғана мөлшерде болғандықтан ағзаға ешқандай әсер етпейді. Картопты дұрыс сақтамаса, ол жасыл түске ене бастайтындығын бәріміз білеміз. Дәл осы жасыл қабатта тіпті қайнатқанда да бұзылмайтын улы соланин жинақталады. Егер сондай картопты жесе, адам қатты уланып қалуы мүмкін: ауызда ащы дәм пайда болады, адам лоқсып, құсып, іші ауырады. Ал одан да қиын жағдайда кеңістікте бағыттан жаңылысу пайда болады. «Меңдуана жегендей құтыру» (алқа тұқымдыға жататын меңдуананың құрамында да соланин бар) деген тіркес осы соланинмен уланған адамның тұрпайы жүріс-тұрысын сипаттайды. Картоптың жасыл қабатын тұқымның тек төрттен бір бөлігін алып тұрса ғана кесіп алып тастауға болады. Ал одан көп бөлігі зақымданса, пайдалануға болмайды. Сондай-ақ өскіндері өсіп кеткен картоптың да құрамында соланин көп болады. Әсіресе ең көп қоры өскіннің өсіп шыққан көзшелерінде жинақталады.
        Қорытынды: төрттен бір бөлігі жасыл болып кеткен картопты жеуге болмайды. Ал одан аз болса, соланиннің жинақталған жерлерін міндетті түрде кесіп алып тастау қажет.
tories/green_tea.jpg» width=»300″ height=»200″ alt=»green_tea» style=»float: right;» />

        Ыстық шай ішуге болмайды — өңеш обыры пайда болады
        Өңеш обырының пайда болуын кең ауқымда зерттеу тек он екі жыл бұрын ғана емес, одан бұрынырақ басталған. Ол жайында ғалымдар алғашқы рет Оңтүстік Америка тұрғындарының онкологиялық ауруларға шалдығуының басты себебі осы ыстық шайға келіп тірелетіндігі туралы айтты. Өйткені оңтүстік елдердің тұрғындары жоғарғы градустық ыстықта ыстық сусындар ішкенді ұнатады. Ал Латын Америкасының бір қатар елдерінде ыстық шайді түтікше арқылы ішу дәстүрге айналған. Шай түтікшемен ішілсе, оның температурасы максималды ыстық болады.
        Еуропалықтарда онкологиялық аурулардың аздығы оладың кофе мен шайға сүт 

қосып ішуімен түсіндірілді. Сол кезде сусынның температурасы төмендейді.
2009 жылы ирандық ғалымдардан құралған топ Иранның бір ауылында тұратын ыстық шай ішкенді жақсы көретін «өңештің жалпақжасушалы обыры» деген диагнозы бар адамдар мен сау еріктілерді зерттейді. Зерттеудің қорытындысы қызық болғаны соншалық оны еуропалық бас медициналық журналдардың бірі British Medical Journal жариялайды. Зерттеудің нәтижесі бойынша ыстық шай (65—69°С) мен өте ыстық шай (температурасы 70°С жоғары) ішу обырдың пайда болуын 2 еседен 8 есеге дейін жоғарылатады екен. Сондай-ақ ғалымдар шайді демдегеннен кейін оның температурасы обырдың пайда болу «қауіптілік аймағынан» шығуы үшін төрт минут күту қажет дейді. Бірақ демделген шайдің төрт минут ішінде қандай өзгеріске ұшырайтындығы әлі күнге дейін анықталмаған.
        Қорытынды: өте ыстық шайдан пайда болатын өңеш обырын алдын алу үшін шайды демдеп болғаннан соң төрт минуттай тұндыру керек.
        Ботқа жесең, күшті боласың
        Ботқа құрамындағы күрделі көмірсулардың арқасында оны жегеннен соң адам біраз уақытқа дейін өзін тоқ сезініп жүреді. Сонымен қатар, ақталмаған жармаларда (мысалы, қоңыр күріш) ішекке пайдалы көп жасұнықтар болады. Кейбір ботқалардағы кебек — дәрумендердің қайнар көзі. Бірақ өзге тамақтарды жеуден бас тартып, тек ботқа жейтін болсаңыз, бұлшық ет өсіп кетпесі анық. Өйткені бұлшық еттің өсуі үшін ақуыз қажет. Ал ботқаларда ақуызға қарағанда көмірсу көп болады. Ботқа негізінен пайдалы болғанымен, ағзаға зиян келтіруі де мүмкін екендігін есте ұстаған жөн. Мысалы, тек ақталмаған күрішпен ұзақ уақыт тамақтансаңыз, жүйке жүйесі мен жүрек-қантамыры жүйесінде білінетін бери-бери дертіне (B1 дәруменінің жетіспеушілігі) шалдығу қауіпі бар.
        Қорытынды: негізінен ботқа денсаулыққа пайдалы, бірақ физикалық күшке ол тікелей әсер етпейді.
tories/img_1928.jpg» width=»250″ height=»167″ alt=»img_1928″ style=»float: right;» />

        Тәттіні көп жесең, сусамырға шалдығуың мүмкін
        Сусамыр (диабет) — бұл ағзада инсиулиннің аздығынан, не белсенділігі төмендігінен туындайтын ауру. Инсулин деген біздің денеміздегі жасушалардың қантты (глюкозаны) сіңіруін қамтамасыз ететін гормон. Глюкоза энергияның басты қайнар көзі болғандықтан, инсулин біздің ағзамыздың ең маңызды гормоны. Сусамырдың екі түрі болады. Біріншісі — инсулинге тәуелділік (бұл ұйқы безінің қажетті гормонды өндірмейтін болғандықтан адам инъекция жасауды қажет етеді) және екіншісі — инсулинге тәуелсіздік (бұл гормон жеткілікті түрде өндіріліп, бірақ оны ағзаның сіңірмеуі). Қант сусамырының бірінші түрінінің неден пайда болатындығы толық анықталмаған. Бірақ дәрігерлер ауру ген арқылы таратылғандықтан адамды одан сақтандыру мүмкін емес дейді. Ал сусамырдың екінші түрі көбіне тәттіні көп пайдаланғаннан, май басудан пайда болатын семіздікпен байланыстырылады. Өйткені тері астындағы қалың май қабаты жасушалардың инсулинге деген сезімталдығын төмендетеді. Глюкоза сіңірілмегендіктен, зат алмасу бұзылып, адамға қауіпті диагноз қойылады және оны қатаң диетаға отырғызады. Ал «тәттіні көп жесе, қандағы глюкозаның деңгейі жоғарылайдыда, ағзада инсулинді көп өндіріп, ағза істен шығады» деген пікірді дәрігерлер теріске шығарады. Бұл тек сусамырдың екінші түрінде ғана әсер етуі мүмкін, ал оның бірінші түрінде ешқандай әсері жоқ.
        Қорытынды: қант — ауруға шалдықтырмайды, бірақ семіздікке бейім адамдар мен осы аурумен ауратын туысқандары бар адамдар сусамырдың екінші түріне шалдығу қауіпін жоғарылатады. 
«Екпін».




Яндекс.Метрика