2022-08-17

Пневмококк инфекциясы: Қауіп және алдын алу

tories/1245915547_mu012-009.jpg» border=»0″ width=»354″ height=»224″ align=»right» />    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес әлемде пневмококктан болатын аурулардан жыл сайын 1,6 млн. астам адам қайтыс болады.

Пневмококк менингит, бактериемиялық  пневмония тәрізді инфекцияларды, сондай-ақ орташа отит, синусит қабықшаның инфекцияларын қоса алғанда балалардың әртүрлі ауруларының қоздырғышы болып табылады.  Пневмококк инфекциясы науқас және сау тасымалдағыштардан ауа-тамшы және байланыс жолымен беріледі. Пневмококк инфекциясының даму себебі иммунтеттің және спецификалық емес резистенттік жүйенің бұзылуына әкеп соқтыратын бір немесе бірнеше қолайсыз факторлардың (суық тигізу, тұмау, күйзеліс, басқа да аурулар) организмге әсерінде.

Қазақстанда 2010 жылы  пневмококк инфекциясына қарсы балаларды вакцинациялау ұлттық егу күнтізбегіне енгізілген. Профилактикалық егулер мерзімдеріне сәйкес пневмококк инфекциясына қарсы 3 рет егуге 2 айлықтағы балалар егіледі, одан әрі 4 айлықтағы балалар жатады, кейіннен 12-15 айлықта вакцинаның 1 дозасымен ревакцинацияланады.

Оңтүстік Қазақстанда пневмококк инфекциясына қарсы егулер 2011 жылдың шілде айынан бастап мақсатты топтағы баларға жүргізілуде. Вакциналар тек бұлшық етке ғана-жамбастың алдынғы бүйір бетіне немесе иықтың дельта тәрізді бұлшық етіне енгізіледі. Басқа вакциналарды пайдаланған кездегі тәрізді анафилактикалық реакциялардың ықтимал сирек жағдайларын ескере отырып бала вакцинаны енгізгеннен кейін кемінде 30 минут бойы медициналық бақылауда болуы тиіс. Вакцинациядан кейін асқынулар болдырмау мақсатында егілген балалар 3 күн бойы учаскелік дәрігердің бақылауында болуы абзал.

Пневмококк инфекциясына қарсы егуге тұрақты көрсетілімдер:

-вакцина енгізгеннен кейінгі 48 сағат ішінде дамыған реакция (дене қызуының 40 град. дейін және жоғары көтерілуі,3 және одан көп уақыт бойы ұзақ, ерекше жылау синдромы, фебрильді және афебрильді құрысулар);

-осы вакцинаны алдынғы енгізу кезіндегі асқынулар;

-қосалқы заттарға және/немесе дифтериялық анатоксинге сезімталдық.

Уақытша қарсы көрсетілімдер:

-температураға қарамастан ауырлығы орташа және ауыр дәрежедегі аурулар-сауыққаннан кейін 2-4 аптадан кейін иммундауға рұқсат етіледі;

-орталық жүйке жүйесінің жіті аурулары(менингит, энцефалит, менингоэнцефалит)-вакцинация саыққан күннен бастап 1 жылға дейінгі мерзімге кейінге қалдырылады;

-жіті гломерулонефрит-вакцинация сауыққаннан кейін 6 айға дейін кейінге қалдырылады;

-үдемелі созылмалы аурулары бар науқастар егілуге жатпайды, созылмалы аурулары асқынған науқастар ремиссия кезінде егіледі.

 Құрметті ата-аналар! Егер сіздер  қандайда бір себептермен егулерден қалып кеткен болсаңыз, аумақтық емханаларға барып егулер алыңыздар. Жаңадан жүргізіп жатқан пневмококк инфекциясына қарсы  балаларыңызды егуден бас тартпаңыздар.

 Шымкет қаласы Абай ауданы бойынша МСЭҚБ бастығының орынбасары  Р.М.Аханова

Сурет: tokcentrzog.ucoz.kz/news/7″>http://vostokcentrzog.ucoz.kz/news/7

«Қызмет» ақпарат

{jcomments on}

Яндекс.Метрика