2024-07-27

ИНСУЛЬТ:оңалу әдістері

          Жедел ми қан айналым бұзылысы — егде жаста жиі кездеседі, олар ишемиялық, геморрагиялық, транзиторлы ишемиялық шабуыл және де жіті      гипертониялық энцефалопатия болып бөлінеді. Инсульттан кейін көптеген асқынулар кездеседі, көбінесе гипокинезиядан кейін дамиды (аяқтың тромбофлебиті,  өкпе артериясының тромбоэмболиясы, өкпедегі іркіліс және т.б.) және де екіншілік паталогиялық жағдай дамиды (спастикалық контрактура). 
 Оңалтуды ерте бастау бұзылған функцияларды ерте қалпына келтіруге ықпал етеді. Облыстық клиникалық аурухананың инсульт орталығында орта және кіші  көлемде инсультті өткерген науқастарға 2-3 күннен бастап оңалту жүйесін бастайды. Қозғалыс функциясын қалпына келтіру алғашқы алты айда жүзеге  асырылады және осы уақытта оңалту жүйесін жүргізу нәтижелі. Афазиясы бар науқастарды оңалту 2-3 жылға дейін жүргізіледі. Яғни, науқас ауруханаға  түскен күннен бастап жүзеге асырылады, ауруханадан шығарылғаннан соң амбулаторияда және үй жағдайында жалғастырады. Оңалту жүйесі — бірнеше  әдістердің көмегімен жүзеге асырылады, яғни инсульт орталығында логопед, эрготерапевт, ЕДШ (емдік дене шынықтыру) маманы, массажист, психолог және  т.б. мамандары жұмыс жасайды. Оңалту шаралары ноотропты және вазоактивті препараттарды қолдану негізінде жүзеге асырылады. Қозғалыс жүйесі (парез,  тепе-теңдігі) бұзылған науқастарға арналған оңалту әдісі — емдік дене шынықтыру. Емдік дене шынықтыру бөлмесінде тәжірибелі әдіскер жұмыс істеуі қажет,  науқастарға үй жағдайында тапсырма бере алатын және ағзалардың функциясын бақылап отыратын.
         Науқастың жағдайына байланысты ЕДШ-ы бірінші күннен бастауға болады, алғашында белсенді емес жаттығу (әдіскер жансызданған қол-аяқты  қозғалтады) және жеңіл жаттығу (сау қол-аяққа жасалынады). Жаттығуды жасағанда қан қысымы, пульс, тыныс жиілігі бақылауда болуы қажет. ЕДШ  біртіндеп күрделеніп, отыруға, тұруға, жүруге үйретеді. Науқастардың оңалуы көптеген факторларға байланысты, олар инсульт ауырлығына (инфаркт көлеміне,  ми құрылымының өзгерісіне, ми ісігінің деңгейіне), жалпы науқас жағдайына және белсенділігіне. Оңалтудың болжамы бойынша кейбір науқастар 2-3-і күннен,  кейбірі 2-3-і аптадан бастап жүреді. Оңалтудың маңызды сатысы- науқастарды тұрғызып, жүргізу. Облыстық клиникалық аурухананың инсульт орталығында  жүру имитаторы, аяқ-қолды компрессиялаудың рукавтық жүйесі, жүгіру жолағы, буындарға арналған артроматтар, вертикализатор үстелі және басқа  құрылғылар қолданылады. Алғашқыда бір орында тұрып құрылғының көмегімен, кейіннен үш-төрт аяқты тросттың көмегімен жүреді.
tories/images.jpg» width=»250″ height=»155″ alt=»images» style=»float: left;» />
         Науқастың сөйлеу қабілетін оңалту. Әр бір инсульт өткерген үшінші науқаста сөйлеу қабілеті бұзылады: афазия,  дизартрия. Ол науқастармен логопед жұмыс жасайды, яғни жазу, оқу, санау арқылы жаттығулар жасалынады. Егер  ауруханада логопед болмаса, үнемі науқаспен туыстары сөйлесіп, жанұяда психологиялық жағдай жағымды болуы  қажет.Егер науқас бұрынғы жұмысына орала алмайтын болса, науқасты үй жұмысын орындауға, жақсы көретін ісін  тауып беруге, түрлі мәдени және қоғамдық шараларға қатысуға үйрету қажет.
 Инсульттің қайталануын алдын-алу, оңалту шарасының міндетіне кіреді, оған қан қысымын бақылау, ишемиялық инсульт  өт-керген науқастарға антиагрегант тағайындау, ұйқы артериясының стенозы бар науқастарға ота жасауды ұсыну және  салауатты өмір салтын (темекі, алкогольден бас тарту, үлкен физикалық күштемені болдырмау) ұстану. 
Алмас АЛДЕШЕВ,
мейірбике ісі кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент;
Улпан ИБРАГИМОВА,
Яндекс.Метрика