Ботулизм

        Ботулизм ауруы ботулизм таяқшаларымен зақымдалған тағамдардың әсерінен туындайды. Ботулотоксиннің ауру қоздырғышы топырақта ұзақ сақталады,  жазғы маусымда көбейіп, өсіп суыққа оңайлықпен өлмейді, топырақта қоздырғыш 10 жылдай сақталады. Ботулизм жер шарының кез-келген аймағында  кездеседі, алайда көбіне консервіленген өнімдерді көп қолданатын халықтар арасында көптеп кездеседі.

tories/3331.jpg» width=»300″ height=»226″ alt=»3331″ style=»float: right;» />

        Ботулотоксиннің ауру қоздырғышы топырақта ұзақ сақталады, жазғы маусымда көбейіп, өсіп суыққа  оңайлықпен өлмейді, топырақта қоздырғыш 10 жылдай сақталады. Ботулизм жер шарының кез-келген аймағында  кездеседі, алайда көбіне консервіленген өнімдерді көп қолданатын халықтар арасында көптеп кездеседі. 
 Барлық ауылшаруашылық өнімдері топырақпен, мал қиларымен ластанып, ботулизм қоздырғышымен  зақымданып, сол арқылы адамның тамақтан улануы мүмкін. Адам ботулизм қоздырғышымен токсинмен уланған  тағам түрін пайдаланғанда ғана ауырады. Ботулизм қоздырғышы консервіленген өнімдерде, әсіресе үй  жағдайында қолдан жапқан банкілер термиялық өңдеуден толық өтпеген жағдайда тез көбейеді. Ботулизм адамнан  адамға жұқпайды. Ботулизм қозырғышы өте улы, егер адам ботулизм уымен зақымданған тамақты жұтпай, тек  аузына алса да улануы мүмкін. У тез адамның асқазаны мен ішегі арқылы қанға түсіп, сосын миды улайды.  Аурудың жасырын кезеңі 2-3 сағаттан 1-2 күнге дейін созылады.
         Ботулотоксинмен уланғанда адамның көзі қитарланып, бұлдырайды, қабағы түсіп, көзі көрмей қалуы  мүмкін, бұл көз нервісі жүйесінің зақымдануына байланысты болады. Онан соң жұтыну қиындап, мойны, дене  бұлшық еттері әлсіреп, іш қатады, ауыр демалады, мұның соңы өлімге әкеліп соғуы мүмкін. 
        Сондықтанда тамақтан уланудың «ботулизмнің» алдын-алу үшін базарлардан, сауда дүкендерінен сапасы белгісіз, сапасын куәландыратын құжатсыз  сатылып жатқан үй жағдайында консервіленген тамақ өнімдерін сатып аларда үлкен көңіл бөлінуі керек. Үйде қолдан консервілеу, қақтау, сүрлеу жұмыстарын  жүргізу кезінде, шикі заттың тасымалдануы, сақталынуы, санитарлық-гигиеналық, термиялық өңдеу ережесінің сақталуы, қатаң қадағалануы тиіс. 
        Құрметті тұрғындар, үй жағдайында консервіленіп дайындалған тағамдар Сіздің денсаулығыңызға зиян келтіретіні туралы естен шығармағаныңыз жөн.
А.Қ.ИСАБЕКОВА,
Абай ауданы бойынша
МСЭҚБ-ның бас маманы.
Шымкент қаласы

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика