2022-08-17

Тартылған еттің дәмін татуға болмайды!..

tories/6d95a36227c0d0b72242ac1e50b6d543_farsh_svinoj_iz_okoroka.jpg» width=»300″ height=»200″ alt=»6d95a36227c0d0b72242ac1e50b6d543_farsh_svinoj_iz_okoroka» style=»float: right;» />

       Тениаринхоз. Қоздырғышы сиыр цепені – Taeniarhynchus saginatis болып табылады, ірі таспа құрт, оның ұзындығы 6-7м-ге дейін жетуі мүмкін, ол адамның ащы ішегінде паразиттік өмір сүретін гермафродит болып табылады. Паразиттің өмір сүру ұзақтығы он шақты жылға дейін жетуі мүмкін. Адам сиыр цепенімен тағамға құрамында цистицеркы бар (сиыр цепенінің дернәсілі) шала піскен етті, сонымен қатар шикі және қақтатылған етті қолданған кезде зақымдалады. Зақымдану көзі науқас адам болып табылады, ол көптеген жылдар бойы сыртқы ортаға нәжісімен бірге мүшелерді шығарып отырады (әр мүше өзіне 145-175 мың жұмыртқаны сыйғызады). Жұмыртқа құрамында қалыптасқан дернәсіл (онкосфера) болады, және ол сыртқы ортада қосымша дамуды қажет етпейді. Аралық иенің (ірі қара мал) ағзасына жем-шөп арқылы түсіп, ішегінде дернәсіл жұмыртқадан босап шығып, ілмектері арқылы ішектің ұсақ қан тамырларына енеді және қан ағысымен кез-келген мүшелерге таралуы мүмкін, ол негізінен бұлшық ет аралық дәнекер ұлпада орнығып, келесі дернәсілді сатыға – цистицеркқа (финнаға) айналады.
       Цистицерк – үлкен емес көлемді көпіршік, мөлдір сұйыққа толы болып келеді, оның ішінде цепеннің басы орналасады. Цистицерктердің өмір сүру ұзақтығы – 10 айға дейін, одан кейін олар петрификацияға ұшырайды. Ірі қара мал етімен бірге жұтылған финна, ішекте өзінің сыртқы қабатын жоғалтады, босап шыққан бас ішек қабырғасына бекиді бас мойынынан біртіндеп мүшелер дамиды және 2-3 айдан кейін ересек цепень өсіп жетіледі. 
       Тениоз. Қоздырғышы – шошқа цепені Taenia solium, құрылысы бойынша сиыр цепеніне ұқсас болып келеді, бірақ оның ұзындығы 1,5-2м ғана, ал мүшелер саны 800-ден 1000-ға дейін. Зақымдану көзі адам болып табылады. Ол тек қана ақырғы ие ғана емес, сонымен қатар аралық ие де болуы мүмкін, алайда жиі жағдайда аралық ие шошқа болып табылады. Адамның зақымдануы тағамға зақымдалған шошқа етін пайдаланған кезде болады. Гельминт ащы ішектерде паразиттік өмір сүреді.
       Клиникасы. Тениаринхоз симптомсыз өтуі мүмкін, науқастар тек қана үлкен дәретке отыру кезінде, ақ үсті ленталы мүшелердің 3-5-8-10 см-ден бөлініп отыруына шағымданады. Бірақ жалпы әлсіздік, диспепсиялық бұзылыстар, тәбеттің жоғарылауы, арықтау, жүрек айну, қыжылдау, іштің ауыруы, жоғары қозғыштық, ұйқысыздық, эпилептоидты ұстамалар, анемиялар болуы мүмкін.
Тениоздың клиникалық көрінісі тениаринхозға ұқсас болып келеді.
       Тениаринхоз, тениоз диагнозын мүшелерінің бөлініп шыққандығын сұрау арқылы, нәжісте тенид жұмыртқаларын зертханалық анықтау арқылы қояды. Сиыр цепеніне қарағанда, шошқа цепенінің мүшелері анальді тесіктен өз беттерімен ешқашан шықпайды, олар тек қана үлкен дәретке отыру кезінде бөлініп шығады. Сиыр құртының жұмыртқасымен шошқа құртының жұмыртқасын ажырату мүмкін емес, олар жалпы тенид жұмыртқасы болып анықталады. Оларды ажырату үшін бөлініп шыққан мүшелерді таза шыны ыдыстағы суға салып, клинико- диагностикалық зертханаға жеткізу керек. Зертханалық қарау кезінде сиыр немесе шошқа цепені екені анықталады.
       Алдын-алу: Тениаринхоз, тениоз анықталған науқастарды емдеу. Ауланы, әжетхананы таза ұстау. Шошқаларды жабық қорада жайғастыру. Шала піскен ет, шикі етті жеуге, тартылған еттің дәмін татуға болмайды.
Т.Т.МАҚҰЛБАЕВА,
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы бойынша МСЭҚБ-ы жетекші маманы. 
Яндекс.Метрика