2024-07-27

Балаңыздың тамағына көңіл бөлесіз бе?

        Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында халық арасында салауатты өмірді қалыптастыруды нығай-туға барынша басымдық берілген. Сонымен бірге профилактикалық жұмыстарды сауатты ұйымдастырған жағдайда аурулардың алдын алуға болатындығын, әсіресе, бірінші кезекте балалар, жасөспірімдер мен бала туу жасындағы әйелдердің денсаулығын бақылауды ұлттық бағдарламалар кешеніне енгізу керектігіне назар аударылған.
        Біз, медицина қызметкерлері бала денсаулығына аса үлкен жауапкершілікпен қараймыз. Өйткені, балалар денсаулығын қорғау біздің қоғамымыздың, баршамыздың басты міндетіміз.
        Туғаннан бастап мектепке барғанға дейін бала ата – ананың, бала дәрігердің, балабақшадағы тәрбиешілердің назарында болып өседі. Ал, бала мектепке барғаннан кейін оның тамақтануын қадағалау нашарлайды. Оның тамақ ішу тәртібін, үйлесімділігін, оның сапасын, тиімді тамақтану талабына сәйкестігін ешкім білмейді. Сол себепті қазіргі таңда мектепке балалардың дұрыс тамақтануына аса маңызды көңіл бөлу қажет, өйткені балалар уақытының басым бөлігін мектепте өткізеді. Оқу үрдісі өте қарқынды түрде өтуде.
Ағзаның жан – жақты дамуы, оның ішінде ақыл-ой қабілеттілігінің жеткілікті дамуы, оқу үлгілерімі деңгейінің жоғары болуы және адам өмірінің ұзақтығы құнарлы да үйлесімді тамақтанумен қатар салауатты өмір сүруін қалыптастыруына тікелей байланысты екені дәлелденіп отыр. Бала мектепке барған кезде болады. оның ағзасына, яғни ақыл – ойының және физикалық дамуында үлкен ауыртпалық түседі, сонымен бірге жоғарыда айтқандай тамақтану тәртібі бұзылып, сол себепті балалар әртүрлі ауруларға шалдыққыш келеді. Кейінгі 10 жыл ішінде балалар арасында тамақтану факторына байланысты аурулар, атап айтсақ, қан аздық, зат алмасудың бұзылуы, асқазан-ішек аурулары жиі кездесуде.
        Қазақстанда темір жетіспеушілікқан аздықпен, яғни тағам құрамында дәрумендер мен фолий қышқылының жетіспеушілігі, және қан балаларда қан аздық байқалуда. Келешекте бұл балалар жүрек – тамыры, асқазан ауруларына шалдығуы мүмкін деген сөз. Сондықтан балалар дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстануын туылған кезден бастауды басты назарға алуымыз керек. Әр-бір отбасы өз балаларының ден саулығына нем құрайлы қарамау керек. Балалардың дендерінің саулығы халқымыздың саулығы. 
Б.Қ.МУСАЕВА,
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы бойынша МСЭҚБ-ның бөлім басшысы.  
Яндекс.Метрика