2024-07-27

Сарып ауруы қай кезде қауіпті?

        Сарып ауры ауылшаруашылық малдардың төлдейтін кезеңіне байланысты. Яғни, ауылшаруашылық малдары, кейде үй жануарлары (ит, мысық) да сарып ауруының таралу көзі болып табылады.

       Ауру малды төлдету кезінде, қойдың жүнін қырқып, одан өнім алу, сондай-ақ ет, сүт өнімдерін дайындау кездерде жұғады. Сүт зауыттарында да ауруды жұқтырып алуыңыз әбден мүмкін. Ауру адамға қайнамаған сүт, қаймақ арқылы да жұғады. Мал қораларын тазалау кезінде ауадағы шаң-тозаң арқылы да жұғады. Осы жұғу жолдарының ішіндегі ең қауіптісі мал төлдету кезінде малдың шуы, қағанақ суы арқылы жұғуы.

       Сарып ауруының (бруцеллез) қоздырғышы сүт құрамында қалыпты температурада -10-18, қымыз бен шұбатта – 3, жаңа сойылған етте – 47, тоған суаттарда – 45-90 күн, жүн мен теріде – 1,5-4 ай, ағын суда – 6-12 күн, топырақ пен қи, тезекте -3 айдан – 4,5 айға дейін сақталады. Сүтте 55 градусқа дейінгі аралықта 10-15 минуттан кейін, ал қайнатқан кезде бір сәтте жойылады.

tories/55_3.jpg» width=»250″ height=»187″ alt=»55_3″ style=»float: right;» />

       Алғашқы клиникалық белгілері – кешке қарай дене қызуы көтеріледі, денені тер басады, әлсіздік пайда болады. Негізінен буындар ауырып, бұлшық еттер мен жүйке жүйелері зақымданады. Жыныс мүшелеріне әсер еткен жағдайда ерлерде – орхит, әйелдерде – түсік тастау, жатырдың қабынуы, мастит ауруларына әкеліп соқтырады. Ал, балалар мен жасөспірімдерді белсіздік ауруымен зақымдануы мүмкін. Дер кезінде қаралмаған немесе дәрігерге кеш келген жағдайда бруцеллез асқынып, мүгедектікке әкеліп соқтырады. Ең алдымен ауру малдың көзін тез арада жою қажет. Малды төлдету кезінде сақтық үшін арнайы қолғап, аяқ кіим киген дұрыс, қолды сабынмен екі қайтара жуып, залалсыздандыру керек. Сонымен қатар сапалы өңдеуден өткен ет, сүт өнімдерін тұтыну керек. Ауладағы малдың арасында түсік тастау, өлі туу жағдайын дереу мал дәрігеріне хабарлау керек. Әр отбасы мал дәрігерімен тығыз байланыста болған абзал.
       Тұрғындардың есіне:
       Жоғарыдағы ауру белгілері мазалағаннан бастап, дәрігерге жедел түрде дәрігер көмегіне жүгінгеніңіз жөн.
 
 Ш.Ә.СЕЙТАЛИЕВ,
 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы бойынша МСЭҚБ бастығы.
Яндекс.Метрика