ТАҒЫ 2 СПОРТ АЛАҢШАСЫН ДЕМЕУШІЛЕР САЛЫП БЕРДІ

Шымқаланың «Қала күні» мерекесіне орай Әл-Фараби ауданында демеушілер тағы 2 спорт алаңшасын пайдалануға беріп отыр. Бұл жайында аудан әкімі Р.Мыңбаев әлеужелідегі жеке парақшасында сүйінші сұрады.

Бұл спорт алаңшалары Отырар шағынауданы мен Ш.Қалдаяқов көшесі аймақтарында іске қосылып, ел игілігіне берілген. Бұл екеуін қосқанда, жеке кәсіпкер С.Төлбасовтың қоры қолдауымен жалпы саны 4 спорт алаңшасының лентасы қиылып отыр. Бұған дейін 25-ші мамырда осы ауданда 2 алаңша іске қосылса, бүгін қос спорт алаңшалары пайдалануға беріліп отыр.

Ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары М.Исақов, Әл-Фараби ауданының әкімі Р.Мыңбаев, С.Төлбасов қорының өкілдері А.Хегай мен Б.Сералин қатысып, тұрғындарды құттықтады. Бұл жобаның ерекшелігі, алаңқайларды демеушілер есебінен салынғанмен, тұрғындар өздері қалағанынша пайдаланып, жауапкершілігіне алады.

Аудан әкімінің дерегінше, қазіргі таңда Әл-Фараби ауданында 33 спорт алаңшасы бар. Бұған қоса, биыл қосымша 32 спорт алаңшасы жаңадан салынады деп күтілуде. Ол 32-нің 25-і әкімдік тарапынан салынса, 7-уі әкімдік пен демеуші арасында жасалған меморандумға сәйкес С.Төлбасовтың қоры есебінен салынатын болады. Ал, жалпы Шымкент қаласында алдағы уақытта аулаішілік 231 спорт алаңшасы болса, биыл 101 спорт алаңын салу жоспарланып отыр.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика