34 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

Бүгін Келес ауданындағы 63 орта мектепте алғашқы қоңырау соғылып, 34 мыңнан астам оқушы мектеп табалдырығын аттады. Оқушылар мен ұстаздарды ерекше тебіреніске бөлеген білім күніне орай аудан әкімі Ақментай Есбаев Қошқарата ауылдық округіндегі 1 мамыр және Абай ауылындағы №13 колледжде болып, «Алғашқы қоңырау» салтанатына қатысты.

Мерекеде сөз алған аудан басшысы:
– Баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Оқушылардың жан-жақты дамуына, сапалы білім алуына бар мүмкіндікті қарастыру біздің басты міндетіміз. Сол себепті жаңа заманға сай аудан мектептерін цифрлық білім беру ресурстарымен қамту, кең жолақты интернетке қосу және видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстары жалғасуда. Ұлтымыздың интеллектуалдық әлеуеті бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне төгілген тердің өлшемімен таразыланады. Сондықтан ел ертеңінің жарқын болуына, сауатты да салауатты ұрпақ қалыптастыруда мемлекет үшін білім саласы қашан да маңызды болып қала бермек. Елдегі қазіргі ахуалға байланысты өткен оқу жылын оқушыларымыз қашықтан оқыды. Бұл қадам біріншіден балалардың денсаулығын сақтау үшін жасалған шара болса, екіншіден оқытудың жаңа тәсілін тексеруге таптырмас мүмкіндік болды. Қашықтан оқыту өз нәтижесін берді. Биыл мектеп бітірген жастарымыздың көрсеткіші бізге осыны дәлелдеп берді.
Қадірлі ұстаздар!

Сіздерге өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңіз үшін алғыс айта отырып, баршаңызға зор денсаулық, еңбекте шығармашылық табыс тілеймін,-деді.

Эпидемиологиялық ахуалға байланысты аудандағы барлық білім ұялары «Ashyq» жобасына қосылған. Сыныптарды желдету, дезинфекциялау жұмыстары күнделікті жүргізіледі. Балалардың дене қызуы күнделікті өлшеніп, маскалық режим оқушы мен мұғалім арасында қатаң сақталады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика