Келес ауданының орталығы Абай ауылындағы «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ ТО бойынша филиалында бүгін қоғамдық қабылдау өтті. Аудан әкімі баспасөз қызметінің таратқан мәліметі бойынша қоғамдық қабылдау барысында Келес аудандық әкімдігіне қарасты жауапты бөлімдердің мамандары тарапынан қызмет көрсетулер мен конультация берілді.
Қабылдауға 46 тұрғын қатысты. Олардың дені тұрғын үй, жер телімдері, жұмыспен қамту және «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламары бойынша өздерінің сұрақтарын қойып, мамандардан тұщымды жауаптар алды.
Мемлекет басшысы — Қ.Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшуді ұсынған болатын. Тұжырымдаманың негізгі мақсаты мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы диалогтың жоғарғы деңгейдегі ашықтығы және халық қажеттіліктерін қанағаттандыруға жедел әрекет ету болып табылады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ ТО бойынша филиалы қалалық бөлімдерінде (Халыққа қызмет көрсету орталықтарында) департамент жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобы, жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйым мүшелерінің қатысуымен азаматтарды мемлекеттік қызметтер көрсетулер бойынша қоғамдық қабылдаудың кестесі бекітілген.
Leave a Reply