«ОҢТҮСТІК» АЙНАЛМА ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛСА, КӨЛІК НӨПІРІ ДЕ АЗАЯДЫ

Қазіргі уақытта Шымкент қаласында «Оңтүстік» айналма жолының құрылысы жүргізіліп жатыр. Құрылыс көлемі «Ленгір тас жолынан» бастап, КХ-15 (Алтынтөбе тұрғын алабы маңындағы Арыс қаласы бағытына шығатын жол) облыстық маңызы бар автожолына дейінгі жаңа жобаны қамтиды.

Ұзындығы 16 шақырымды құрайтын жолдың құрылысы 2021-2022 жылдарға жоспарланған. Жауапты мердігер мекеме – «Корпорация Береке-А» ЖШС. Қазіргі таңда аталған нысанның Шымкент-Ташкент жолымен қиылысатын бөлігінде жолайырық, яғни көпір құрылысы салынуда.

Осы көпірдің құрылыс-монтаж жұмыстарымен танысу үшін қала әкімі М.Әйтенов арнайы ат басын бұрды. Аралау барысында әкім жұмыстың сапасына назар аударды. Сонымен бірге, мердігер мекемеге жұмыста қолданылатын құрылыс материалдары, қазақстандық өнім болғаны жөн екенін ескертті.

Жалпы, 16 шақырымның 3 бөлігінде жолдың негізін дайындау жұмыстары қолға алынған. Қазір көпір өткелінің құрылысы, жол жабынының жер қазу жұмыстары атқарылып жатыр. Бекітілген өндірістік кестеге сәйкес, биыл жолайрық құрылысы, байланыс, электр, газ, сыртқы сумен қамту жүйелерінің орнын ауыстыру және жол құрылысы жұмыстары жоспарланған.

«Оңтүстік» айналма жолының құрылысы келесі жылы аяқталса, қала ішіндегі магистральді көшелердің көлік нөпірі біршама азайып, кептеліс мәселесіне оң әсер етпек.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика