2024-09-20

АЯЛДАМАЛАР ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР

Бүгінде Шымкент қаласында 1886 аялдама орны бар. Ескірген аялдамалар орнына биыл жаңа үлгідегі 250 аялдама орнату көзделсе, қазір оның 138 данасы қойылды деп қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ресми парақшасы ақпарат бөлісті.

Орнатылған жаңа аялдамаларды атап айтқанда, Сырым батыр көшесіне 17, Өтегенов -12, Бәйтереков — 2, Байтұрсынов -3, Назарбаев — 2, Айбергенов -2, Аймауытов — 10, Ақназар хан — 7, Сайрам-10, Момышұлы-9, Тәуке хан – 7, Қазыбек би -12, Елшибек батыр – 6, Жолан батыр -2, Позиков -2, Қазиев – 3, Төле би – 2, Уалиханов – 6, Иляев – 4, Әл-Фараби көшесіне 20 аялдама орнатылды. Қалған аялдамаларды орнату жұмыстары жалғасуда.

Бір айта кетерлігі, ескі аялдамалар жалпылама жөнделіп, қажеттілікке қарай қайта орнатылады екен.

Яндекс.Метрика