ДЕМЕУШІЛЕР 4 СПОРТ АЛАҢШАСЫН САЛЫП БЕРДІ

Шымқаланың Абай ауданында заманауи ашық спорт алаңшасы ел игілігіне берілген. Бұл игі шара Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту, балаларға спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету тапсырмасына сәйкес атқарылды дейді қала әкімдігінің ақпарат көздері.

Соның бірі, Самал-3 шағын ауданы Ізгілік және Юсупов көшесінің қиылысында орналасқан көп функционалды спорт алаңшасының ашылу рәсіміне Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов те қатысты. Қала басшысы бұқаралық спортты дамытудың негізінде сау, әрі саналы ұрпақ, мықты ұлт қалыптасатынын айта келіп, барша қала тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Спорт алаңшасы «Eurasian Resources Group» ЖШС-нің жеке қоры демеушілігімен салынды. Қаржы көлемі 14,5 млн теңге. Құрылыс жүргізген мердігер мекеме «Ферротекс» ЖШС. Жалпы ауданы 324 шаршы метрді құрайтын бұл нысан спорт жабдықтарымен және дене шынықтыруға арналған қондырғылармен жабдықталған. Мұнда спорттың волейбол, баскетбол, футбол түрлері және стрит воркаутпен айналысуға болады.

Бұқаралық спортты дамыту бойынша атқарылған жұмыстар жайын айтып өткен аудан әкімі Б.Парманов 2014 жылдан бері ауданда жалпы 222 аула абаттандырылып, 58 спорт алаңшасы салынғанын жеткізді. «Тұрғындардың бұқаралық спортпен айналысуы мен қолайлы өмір сүруіне жағдай жасау туралы шаһар басшысы берген тапсырмаға  сәйкес, осы жылы балалар және спорт алаңшаларын орнату жұмыстарына 1 млрд 389 млн теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржы 21 көпқабатты тұрғын үй ауласын абаттандыруға,  12 спорт алаңшасын ағымдағы жөндеуге, 35 спорт алаңшасын орнатуға жұмсалады» деді аудан әкімі. Соған қоса, ауданда «Шымкент қайырымды қала» қоры арқылы демеушілік есебінен 4 спорт алаңшасы орнатылды.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика