ПАРТИЯ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 5562 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛУЫ КЕРЕК

Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалы парақшасы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Ф.Ә.Қаратаевтың Шымкент қаласына сапары жайлы ақпарат бөлісті. Ол «Тұран» шағынауданында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы барысымен танысқан.

Ресми парақшаның мәліметінше, жалпы, биыл Шымкент қаласында жалпы 1 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады деген жоспар бар екен. Соның ішінде «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы аясында 661 мың шаршы метр тұрғын үй салынады. Бұл 5562 пәтер, яғни осынша отбасы баспаналы болады деген сөз.

Қазір «Тұран» шағынауданы мегополистің көпқабатты тұрғын үйлер салынып жатқан негізгі құрылыс аймағы деуге болады. Мұнда жалпы 79 көпқабатты үй бой көтереді. Мәжіліс депутаты Ф. Қаратаев «ОТАУ групп» компаниясы салып жатқан 12 қабатты 5 үйді аралап көрді. Жақында тұрғындарға пайдалануға тапсырылатын үйлерге мемлекет тарапынан 4,996 миллиард теңге бөлінген. Құрылысқа пайдаланылған құрылыс материалдарының 90 пайызы өз елімізде шығарылған.

Мәжіліс депутаты Ф.Қаратаев салынып жатқан үйлерде көлік қоятын орынның аз екеніне назар аударды. «Қазір тұрғындардың тұрмысы жақсарған. Кей үйлерде екі көліктен бар. Ертең осында көшіп келіп, жайғасқан соң, көлік қоятын орын таппай талас болып қалуы мүмкін. Сол себепті, үйді жоспарлаған кезде осыны ескеру керек» дейді депутат. Құрылыс басқармасының өкілі осы жағдайды ескеріп, үлкен автотұрақ салынып жатқанын жеткізді. Мәжіліс депутаты құрылыс компаниясы өкіліне пайдалануға берілетін үй қабырғасына еліміз тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жасалған үлкен баннержасап, іліп қоюды ұсынды. Бұл патриоттық қадам болады деп түсіндірді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика