«ТҰРАН» ШАҒЫНАУДАНЫ АБАТ МЕКЕНГЕ АЙНАЛМАҚ

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен «Тұран» шағынауданы құрылысы бойынша құрылған арнайы штабтың отырысы өтті. Бұл жайында қала әкімдігінің баспасөз қызметі бөлісті. Жиында шағынауданды көгалдандыру, тұрғын үйді пайдалануға беру және инфрақұрылым мәселелері талқыланды.

Шаһар басшысының назарына ең алдымен құрылыс жұмыстарының барысы ілікті. Ол «Тұран» шағынауданының дамуы қала экономикасы мен әл-ауқаты үшін аса маңызды екенін жеткізді. Тұрғын үйлерді пайдалануға берер кезде толық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін, аулаларының абаттандырылуы жөнінде сала басшыларына тапсырмалар берді. Халықтың тұрмысы үшін ең қажетті газ, су, жарықтың мәселе тудырмауын қатаң тапсырды.

Сонымен қатар, қала әкімі орталық және ішкі орамдық жолдарды тексеріп, біршама кемшіліктерді анықтады. Орын алған олқылықтарды тез арада шешуді тиісті басқарма басшыларына жүктеді.

Бұл шағынаудандағы (Солтүстік-Шығыс бөлігі) №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 көшелерде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жобаға сәйкес, жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол, веложол және автомобиль жолдардың сызбалары енгізілген. №1, 2, 6, 7, 8, 10 көшелердің құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Ал, 3, 4, 5, 9, 11, 12, 13 көшелердің құрылыс жұмыстары 2022 жылға өтпелі. Сондай-ақ, шағынауданды мектепке баратын жолмен қамтамасыз ету бойынша жалпы ұзындығы 908 м, ені 6 м жолға 2 қабатты асфальт төсеу жобаланған.

Жиынды қорытындылаған қала әкімі М.Әйтенов салалық басқармаларға құрылыс жұмыстарының кестеге сай өз уақытында сапалы атқарылуын қадағалауды тапсырды.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика