«СУДАҒЫ ЦИРК» ТАҢ-ТАМАША ЕТТІ

«судағы цирк» таң-тамаша етті

 

Еліміздегі ең жас Оңтүстік цирктің төртінші маусымашарының шымылдығы ресейлік Судағы цирк қойылымымен түрілді. Су үстінде өнер көрсететін цирк өнерпаздары өңірімізге алғаш рет келіп отыр. Бұл туралы журналистерге арналып өткен брифингте мекеменің директоры А.Алиев айтты.

Қонақтар бұл жолғы сапарларында 30-ға жуық аң-құсты алып келіпті. Оның ішінде: теңіз мысықтары, жыландар мен АРА тотықұсы, маймылдар, қолтырауын, ұзын құйрықты қырғауылдар бар екен. Өнер көрсететін алаң 150 тонна су және жарық, дыбыс құрылғыларымен жабдықталған.

tories/DSC_0308.jpg» width=»640″ height=»424″ alt=»DSC_0308″ style=»display: block; margin-left: auto; margin-right: auto;» />

Цирк әртісі Наталья Тишенко Шымкенттің ауа-райының өздері үшін ғана емес, аң-құстар үшінде жайлы болып  отыр,-дейді. Цирк манежіндегі бассейнге құйылған су ғана Шымкенттікі қалғанымыз Ресейден келіп отырмыз деді журналистермен әңгіме арасында ғажайып қойылымның жетекшісі.

Ал, танымал цирк әртісі Руслан Гилмулин журналистердің циркке қалай келдіңіз деген сауалына былай жауап қатты:

 «Менімше менің сыртқы көрінісімнен көп еңбек еткенім байқалатын шығар. Бастапқы кезде жүк тасушы болып та жұмыс істедім, кейіннен күзетші де болдым, кіші бизнеспен де айналыстым. «Минута славы» бағдарламасына қатысқаннан кейін циркке шақырту алдым».

Қойылым да басталды. Судағы цирк шоуында сахнаға Руслан Гилмулин мен Дмитрий Надолинский шыққанда балалар тап бір кинодағы  Гераклдың қосарланған түрін  көргендей әсер алды. Қауіпті көрсетілімдерді сахнаға алып шығатын олар бұл жолы салмағы ауыр ағаш арқалықты желкесінде шыр айналдырып көрерменді таң-тамаша етті.

tories/DSC_0093.jpg» width=»640″ height=»424″ alt=»DSC_0093″ style=»display: block; margin-left: auto; margin-right: auto;» />

Аңдардың өнеріне жауапты Тишенко Наталья мен Сергей Федотов  маймылдар, теңіз мысықтары, жыландар мен АРА тотықұсы, ұзын құйрықты қырғауылдардың өнерін шебер, ерекше бір үйлесімділікпен көрсете білді. Әртістердің қолтырауынмен суда алысуы көрермендерді қорқыныш әлеміне жетеледі. Өнер бұл жолы кез-келген жанның қорқынышты да жеңе алатынын, адам санасының алдында  мақұлықтардың дәрменсіз екенін дәріптеді. Оның құдіреті де сонда.

tories/DSC_0117.jpg» width=»640″ height=»424″ alt=»DSC_0117″ style=»display: block; margin-left: auto; margin-right: auto;» />

Әсіресе, сайқымазақтардың бағдарламалары циркке жиналған кішкентай көрермендердің көңілінен шықты. Қорқыныштан жиырылып отырған бүлдіршіндер олардың әр қимылын күлкімен қарсы алып, шығарып салып, қол соғып мәз-мәйрам болды. Айта кету керек бұл көріністердің бәрі  су бетінде өтті. Келушілерді таң-тамаша еткенде осы болды.

      «Судағы цирк» қойылымын Шымкент халқы мен қонақтары  2015 жылдың қазан айының 25 жұлдызына дейін тамашалай алады.

«Қызмет-Ақпарат»

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика