2024-07-27

САЛЫСТЫРЫП ТЕКСЕРУГЕ ЖАТАТЫН ӨЛШЕМ ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНУ САЛАСЫ

Салыстырып тексеруге жататын өлшем құралдарын қолдану саласы

Бұл стандартты «Қазақстан метрологиялық институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны әзірлеп, 2016 жылдың 1 қаңтары күні ҚР СТ 2.41-2005 «ҚР МӨЖ Салыстырып тексеруге жататын өлшем құралдарын қолдану саласы» орнына, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2014 жылғы 26 желтоқсан №277-од бұйрығымен бекітіліп, қолданысқа енгізілді.

Осы стандарт салыстырып тексеруге жататын өлшем құралдарын қолдану саласы мен жалпы ережелерін белгілейді және мемлекеттік метрологиялық қызмет, мемлекеттік басқару органдары, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында өз қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар немесе өлшем құралдарын пайдаланушылар, сондай-ақ мемлекеттік метрологиялық бақылау органдары пайдалануға ұсынылады.

Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыру саласында қолданылатын өлшем құралдары өндірістен немесе жөндеуден шығару, пайдалану және импорт бойынша әкелу кезінде түрі бекітілгеннен кейін немесе метрологиялық аттесттаудан және Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізілімінде (бұдан әрі – ҚР МӨЖ) тіркелгеннен кейін салыстырылып тексеріледі.

Өлшеу нәтижелері азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар кезінде:

      денсаулық сақтау және ветеринария аясында тауар мен қызметтің қауіпсіздігін бағалауда;

      өндіріс пен дәрі-дәрмектерді сынауда;

      медициналық мекемелерде қоршаған ортаны бақылауда пайдаланылатын өлшем құралдары мемлекеттік метрологиялық бақылаудың нысаны болып табылады және салыстырып тексеруге жатады.

Өлшеу нәтижесі, қоршаған ортаны қорғау жағдайы, еңбек жағдайларының қауіпсіздігін бақылау, ластанған атмосфера, су, топырақ, тамақ өнімдері құрамын өлшеуге арналған және геологиялық және иондамайтын сәулелер деңгейі, шу мен діріл деңгейі, жарықтану мәні, бақытсыз жағдайдан сақтықты кепілдендіретін және қауіпсіздік техникасы рұқсат ететін қолайлы шекте сақталуын бақылаудағы шама мәнін бақылау салаларында қолданылса, ол өлшем құралы салыстырып тексерілуі тиіс. Сондай-ақ, қосалқы ретінде қолданылған өлшем құралдары да салыстырылып тексеріледі.

Сәйкестікті бағалау жұмысын Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүргізу.

Өлшеу нәтижесі қызмет пен өнімнің сапасы техникалық регламенттері талаптарына, қолданыстағы нормативтік құжаттардың міндетті талаптарына сәйкестігін сынауда және бақылауда қолданылатын өлшем құралдары, мемлекеттік метрологиялық бақылау аясына кіреді және міндетті салыстырып тексеруден өткізілуге жатқызылады. Осы салада қолданылатын өлшем құралдары республика төңірегінде өнімнің сәйкестілігін бағалауда өлшемнің нақты, дәл болуын қамтамасыз ету мақсатында салыстырылып тексерілуге жатады.

Салыстырылып тексеруге, нәтижесі төмендегідей салада қолданылатын өлшем құралдары жақызылады:

      Мемлекеттік органдар, сот және құқық қорғау органдары тапсырған жұмыстарды орындауда;

      Қарулану және әскери техниканы жасау жұмыстарында;

      Ұлттық және халықаралық спорттық рекордтарды тіркеуде.

 

Шойынбаева Асылай Қасымқызы,

Техникалық реттеу және метрология комитетінің

ОҚО бойынша департаментінің бас маманы

Яндекс.Метрика