ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ДӘСТҮРЛІ ТУРНИР ӨТУДЕ

Келес ауданының орталығы Абай ауылындағы орталық стадионда қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» газетінің жүлдесінен арналған дәстүрлі турнир өтуде. Осымен 58-рет ұйымдастырылған жарысқа 17 командадан 120 балуан қатысуда. Олар 6 салмақ дәрежесі бойынша белдесіп, өзара мықтыны анықтайды. Сондай-ақ, 90 және 90 келіден жоғары салмақтағы спортшы «түйе балуан» атағы үшін күреседі.

Турнирдің ашылу салтанатына Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев және «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің директор-бас редакторы Абай Балажан, баслымның ардагер журналистері мен ұжымы қатысты.

— Бұл айтулы жарыс талай-талай буынды спортқа баулып, бұқаралық спорттың дамуына үлес қосып келеді. Кезінде бұл жарысты оңтүстік өңіріндегі «кіші әлем чемпионаты» деп те атаған. Қазақ күресінен жарыстар сирек өтетін. Сол кездері еліміздің түкпір-түкіпірінен мықты балуандар қатысатын. Қазір де жарыстың маңызы жоғалған жоқ. Ұлттық спортты ел арасында насихаттауда қара шаңырақ басылым «Оңтүстік Қазақстан» газетінің сіңірген еңбегі зор, – деп атап өтті Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев.

Әр салмақ дәрежесінде сынға түскен балуандар жарыс көрігін қыздыруда. Спортшылар да, жанкүйерлер де асыға күткен «Түйе балуан» бәсекесі де тартысқа толы болмақ.

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика