ӘКІМ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Түркістан облысы Келес ауданының әкімі халықаралық қарттар күніне орай ардагерлерді құттықтады.

Аудан басшысы құттықтау сөзінде:

«Қазақта «Халық білмегенін көнеден сұрайды» деген, аталы сөз бар. Үлкеннің жолы, ағалық ақылы — асыл қазынамыз. Өмірден көргені мен түйгені көп ақсақалдарымызды ардақтау басты парызымыз.

Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың ауданның өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. «Ата қайратты болса, бала ғибратты болады» дегендей, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында ардагерлерге қамқорлық жасауда ауқымды шараларды жүзеге асыруды жүктеді.

Уақыт пен ұрпақты жалғастырған, күздің салқын күндерінде жылуын шашқан бұл мереке үлкендерді құрметтеп, қамқорлық көрсететін халқымыздың ежелгі дәстүрін насихаттайды.

«Ауылыңда ақсақалды қария болса – жазулы тұрған хатпен тең», – деген бабалар даналығын өмір тіршілігіне биік мұрат еткен халқымыздың бүгінгі ұрпағы қай кезеңде де үлкенді ұлық тұтып, кішіге ұлағат қалдырған. Ауданымызда ардагерлеріміздің әлеуметтік жағдайларын жақсарту мақсатында әр түрлі бағытта жұмыстар атқарылып, мәдени- рухани өмірге белсене араласуларыңызға қолайлы жағдай жасалуда.

Бүгінгі мерейлі мерекеде баршаңызға зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға амандық, ұрпақтарыңызға бақ-береке тілеймін!»-делінген құттықтауда.

Фото интернет ашық көздерінен

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика