2022-08-17

АБАТТАНДЫРУ ҚАҒИДАСЫН САҚТАП ЖҮРСІЗ БЕ?

Шымкенттегі Әл-Фараби ауданы аумағындағы басты көшелер бойына қоқыс шығарып қоятын коммерциялық нысан иелеріне рейдтік іс шара ұйымдастырылды. Бұл туралы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының фейсбуктегі парақшасы хабарлама берді.

Іс шара барысында абаттандыру қағидасындағы бекітілген талаптарды бұзған 2 тұлғаға ескерту хаттамалары толтырылған. Осыған орай, аудан әкімдігі қызметкерлері аудан тұрғындарын тазалықты сақтауға және қаламыздың көркейуіне үлес қосуға шақырады. Мамандар осындай өткізілген іс-шаралар арқылы тұрғындарды тазалық сақтауға шақыруды басты мақсат етіп отырғанын айтады.

Яндекс.Метрика