ӘКІМ ҰСТАЗДАРҒА ҚҰТТЫҚТАУ ЖОЛДАДЫ

Түркістан облысы Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады. Аймақ басшысы өз құттықтауында ұстаз – ұлағатты есім екенін және кез келген қоғамдағы, барлық кезеңдегі ұстаздың ұлы міндетіне баға жетпейтінін айырықша атап өтті.

Сондай-ақ, құттықтауда «Ұстаздар жайлы ұлы Абай «Адам бойындағы барлық жақсылық мұғалімнен дариды» деп баға берсе, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Мағжан Жұмабаев «Алты алаштың баласы бас қосқанда, қадірлі орын – мұғалімдікі» деген болатын.

Биыл баға жетпес байлығымыз — ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Егемен еліміздің шәкірттерін тәрбиелеудегі Сіздердің еңбектеріңіз зор.

Расында, ұстаз – шәкірт бойына асыл ой, адамгершілік, ұлттық сана-сезімді сіңіре білетін тәрбиеші. Ел болашағын сеніп тапсырар, Тәуелсіз Қазақстанның әрі қарай нығаюына үлес қосар өскелең ұрпақты тәрбиелейтін беделді тұлға.

Сондықтан да, ұстаздық – қай кезде де сый-құрметке лайық әрі сұранысқа ие қадірлі де қастерлі мамандық болып қала береді. Себебі, қарапайым жұмысшы да, ел басқарып отырған тұлға да, ғалымдар мен өнертапқыштар да, әлемді бағындырып жүрген өнерпаздар да ұстаз алдынан өтіп, мұғалімнің тәлім-тәрбиесін алатыны сөзсіз. Сондықтан ұстаздар күні – қоғамдағы орны ерек мерекелердің бірі.
Бүгінде жас ұрпақтың бойына білім нәрін егіп, жақсы қасиеттерге баулитын, нәтижелі жұмыс істеуге, жауапкершілікті терең сезінуге және шығармашыл тұлға болып қалыптасуға жол ашатын мұғалімдер қауымына артылар жауапкершілік жүгі ауыр.

Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз қазіргі заманның жаңаша талаптары мен үрдістеріне әрқашан сай болуымыз керек. Бұл үшін бір орында тұрып қалмай, ілгері жылжу басты мақсат болуы тиіс. Сондықтан, білімі терең, ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік жүктеледі. Сіздердің бүгінгі шәкірттеріңіз – Қазақстанның жарқын болашағы. Сапалы білім – жетістікке жетудің жолы, әрі экономиканы дамытудың басты құралы» деп, ұстаздарға үлкен жауапкершілік жүктеген болатын.

Ұстаздар – мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпір тәріздес. Мемлекеттің идеологиясы, қоғамның дәстүрі мен құндылықтары, адамзаттың асыл қасиеттері, ғылым мен өнердің мұралары ұстаздар арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жол тартады. Ертеңгі мемлекеттің болмысы – ұстаздың бүгінгі тәлімінде.

«Ұстаз бақыты – озып туған шәкірті» десе, аттарыңызды ай-әлемге паш ететін талантты да білімді шәкірттеріңіз көбейе берсін!
Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрле тоу мен өсуге бастасын!»
— делінген.

Фото интернеттен

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика