
Ашық әкімдік. Қағидатты берік ұстанған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов халықтың жеке мәселелері бойынша жоспарланған кезекті бірыңғай қабылдауын өткізді. Талап-тілегін арқалай келген 200-ден астам тұрғынды тыңдады. Әдеттегідей қасына орынбасарлары мен басқарма басшыларын, аудан әкімдерін қатар отырғызды. Қабылдаудан Шымкент қаласы полиция департамент басшылары мен прокуратура өкілдері де тыс қалмады.
Қала әкімімен кездесуге келген шаһар тұрғындары өз мәселелерін мүлтіксіз айтып, шешіп беруін өтінді. Әртүрлі себептермен қиын жағдайда тап болғандар жәрдем сұрады, кеңес алды. халық көтерген мәселенің бір бөлігі сол мезетте шешіліп те жатты. Тағы бір топ арнайы арыз жазып, өтінім хат қалдырды, шешімі уақытты қажет ететіндерін бақылауға алды. Ал орындалуы заңға қайшы талап иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Барлық мәселе заң шеңберінде қаралып, тиісті сала мамандарының талқылауымен жан-жақты шешілу жолдары айтылып, хаттамаға енгізілді.


More Stories
ЖАҢА ИППОДРОМҒА КЕЛІҢІЗ!
В ПЕРИНАТАЛЬНЫЙ ЦЕНТР ДОСТАВЛЕНЫ ИЗБИРАТЕЛЬНЫЕ ЯЩИКИ
Халық-сапалы өмірге лайық!