— Өрт сөндіру қызметі, қандай көмегіміз қажет? — деп нәзік даусымен қоңыраудың арғы жағындағы қиын жағдайға тап болған жандардың үмітіне айналатын жауапты маман иелері- «101» қызметінің сүйкімді диспетчерлері.
Осындай нәзік жандылар Шымкент қаласының өрт сөндіру қызметінде де қызмет атқарып жүр. Олардың әрбір секунты санаулы, хабарламаны қабылдай сала мекенжайы мен болған жағдайды бұлжытпай жеткізіп, күштер мен құралдарды тиісті орынға жөнелтетін, одан әрі де өрт сөндірушілерге қолдау көрсетіп, жақын жолды, керек су көзін айтып отыратын, басқада қажетті қызметтерді қоса жіберетін, орын алған өртті ауыздықтағанша бірге болып, адам өмірі мен оның материалдық құндылықтарын құтқаруда тікелей үлес қосатын диспетчер қыздарымыздың бұл салада орны ерекше. Көбісі тәжірибелі, арасындағы жас мамандары да талай іске төтеп беретін бұл бөлімнің қыздары бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербететін әйелге тән қайсарлық пен нәзіктік қасиеттерге ие екендігін өздерінің қиында, жауапты қызметінде де, отбасында да дәлелдей білген.
Бұл бөлімде Бибайша Балқыбекова, Елена Нуржанова, Надежда Бурганова секілді 20 жылғы жуық уақыт қызмет атқарып жүрген тәжірибелі мамандар, сондай-ақ талай төтенше жағдайда өздерінің кәсібилігін таныта білген Татьяна Исмухамбетова, Айгүл Джаманкулова және де жас та болса белсенді Дина Бөтембай атты ару қыздарымыз еңбек етуде. Барлығы да мемлекетіміздің басты құндылығы-адам өмірін құтқаруда аянбай еңбек етіп жүрген жандар. Ал бұлай өз мамандығын мақтаныш ететін, ол үшін барын салатын мамандар әрдайым қажет-ақ.
Шымкент қаласының ТЖД «ӨСАҚЖҚ» ММ қоғаммен байланыс тобы
Leave a Reply