Шымкентте «Демократия үйін» ашуды ұсынды

Шымкент қаласында мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына орай өткен арналған қалалық актив жиналысында қала әкімі Е.Айтаханов Жолдауда көрсетілген 5 бағытқа жекелеп тоқталып, белгіленген бағыттарды қалада іске асыру бойынша нақты іс-шаралар мен міндеттер айқындалатынын атап өте келе, әкімдіктің тиісті басқармалар мен құрылымдарына тапсырма жүктеді.

tories/06092019-1.jpg» border=»0″ />

Президент Ішкі істер министрлігін реформалауға алдағы үш жыл ішінде 173 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Бұл қаражат еңбекақыны көбейтуге, баспананы жалға алуға, халыққа қызмет көрсету қағидаты бойынша полицияның заманауи фронт-офистерін ашуға жұмсалатын болады. Әкімнің айтуынша, аталған бағыт бойынша қалада биыл Әл-Фараби, Еңбекші ауданындағы полиция басқармалары ғимаратында фронт-офистер ашылса, жылдың соңына дейін осындай фронт-офистер Абай және Қаратау аудандарында ашылатын болады. Қала басшысы Жолдауда көтерілген кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, қарапайым заттар экономикасын дамыту секілді мәселелерді ұдайы қадағалап отыру жұмыстарын жүргізу қалалық кәсіпкерлік бөліміне тапсырды. Жолдауда мәдениет қызметкерлерін қолдау туралы атап өтілсе, оған қатысты қазіргі таңда қаладағы мәдениет саласындағы 18 мекемеде 1536 адам жұмыспен қамтылған. Келесі жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мәдениет саласындағы (кітапхана, музей, театр) қызметкерлерінің жалақысы өседі. Актив отырысында мәслихат депутаттары, ардагерлер, зиялы қауым, қоғамдық ұйым төрағалары жарыс сөзге шығып, Жолдауда жүктелген міндеттерді айтып, өз пікірлерін ортаға салды. Шымкент қалалық «Аруана» көпбалалы аналар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Б.Ордабаева өз сөзінде Жолдауда азаматтық қоғамға үлкен мән берілгенін айта келіп, қаладағы мемлекеттік емес ұйымдар үшін «Демократия үйін» ашуды ұсынды. Қала басшысы қоғамдық ұйымдардың басын қосатын мұндай үйдің қажеттігін айтып, бұл ұсынысты қолдайтынын білдірді.

Қала басшысы аудан әкімдері мен қалалық құрылымдардың басшыларына тұрғындар арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізуді жүктеді. Сондай-ақ, Ішкі саясат басқармасына ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша кешенді шаралар жоспарын жасауға тапсырма берді.

Қызмет-Ақпарат

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика